Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Құмарова Азат
«Өрімтал» балабақшасының тәрбиешісі
№31 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Не дәмді?»ертегісі
Мақсаты:а)Ненің дәмді екенін ажыратуға,дәмнің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
Ә)Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.
Б)кейіпкерлердің өз ара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын,айтылу керек ой түйсігін,мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Сөздік жұмыс:жұлдызқұрт
Қолданылатын көрнекі құралдар:алма жемісі,тіл амытудәптері,қоржында көкеністер мен жемістердің муляждары.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Амандасу.Алма салынған себетті көрсету. | Балалар қуанышты сезімде болады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Ғажайып сәт:Алманы барлық бала иіскеп көреді.
-Алма сендерге ұнады ма? -Ал мұнда алманы жұлдызқұрт жақсы көреді екен.Бәріміз дәптерді ашамыз. Дәптермен жұмыс: «Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!»тапсырмасын орындату. -Балалар,бізге алма жеген ұнайды екен,жұлдызқұртқада ұнайды екен. -Ал енді мен сендерге «Не дәмді?»ертегісін оқып беремін. Ертегі оқылады: Бір басқосқанда құстармен хайуанаттарнендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда тауық: Ең дәмді тамақ-тары,-депті қыт-қыттап. -Тапқан екенсің дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді Ит абалап. -Бәріңде білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді қоян,екі құлағын тікірейтіп. -Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп,ешкі маңырапты. -Шіркін,қою сүтті айтсаңшы!,-деп мысық тамсанады. Сөйтіп,әркім өзі сүйетін тағамды мақтап,қызыл кеңірдек болысып,бәтуаға келе алмай,тарасыпты. -Ал,балалар ертегіден нені түсіндіңдер? -Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер? -Көрдіңдер ме?Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар.Қандайда тамақ болсын,жиркеніп жеуге болмайды.Астың бәрі дәмді де тәтті. -Балалар,бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса,не істейміз? «нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар»-деген өлең бар,еш уақытта асты басып кетуге болмайды.Нанды да ,асты да қадірлеуіміз керек. Сергіту жаттығуы: Алма баққа барайық, Алма жинап алайық, Ең үлкенін дәмдісін, Әжемізге сыйлайық.
Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Мақсаты:Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету. Ойынның шарты:баланың көзі жұмылады.Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып,оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек. |
Балалар қызығушылықпен жасайды.
-Әрине,ұнайды. Себебі:алма тәтті,дәмді жеміс.Алма ағашта өседі.Ол қызыл,сары кейде жасыл болып келеді.Алма дөңгелек болады.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Балалар мұқият тыңдап түсінігін айтуға тырысады.
-Құстар мен хаиуанаттар бірігіп отырған уақытта,әркім өзінің жақсы көретін тамағын мақтапты.Мысалы:тауық тарыны мақтапты.Ит өзінің сүйегін аңсапты.Ешкі шыбықтың қабығын,мысық қою сүтті аңсапты.Сөйтіп құстар мен хайуанаттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.
Мысалы,Анам етті,әкем палауды,ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.
-Әрине қиқымы шашылса теріп аламыз.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Ойынды балалар қызыға ойнайды. |
Рефлексиялық -түзетушілік | Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беру керек екенін айту. | Балалар ұсынысты қабылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жемістердің көкөністерден айырмашылығын жылдам айта білу;
Игереді:көкөністермен жемістерді ажыратуды;
Меңгереді:тез ойлап ,тез жауап беруді;