Тәрбие сағатының тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар
Тәрбие сағатының мақсаты: Болашақ мамандардың қазақ халқының бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани — материалдық және мәдени құндылықтары төңірегіндегі танымын, рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз өмірі мен кәсіби іс- әрекетінде ұлттық бала тәрбиесі тәжірибесін қолдануға баулу. Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парызыдылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.
Тәрбие сағатының түрі : өнеге сабағы
Жабдықталуы: мультимедиялық құрылым, үнтаспа, көрме материалдары
Көрнекілігі: бейне материалдар, сахналық көрністер, слайдтар
Әдіс – тәсілдері: әдеби – музыкалық монтаж, бейне әдіс, сұрақ – жауап, сахналық көрініс.
Қолданылған әдебиеттер:
Жоспары:
1-бөлім: «Бабалар аманатына адалдық – ұрпақ парызы»
2-бөлім: «Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда»
3-бөлім: «Түйін сөз»
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе сөз:
Оқытушы: Құрметті қонақтар, білім алушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы түсініп, жүректерімізге жеткізе отырып, ұлттық таным мен тәрбиеге баулу болып табылады.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі — қазақ халқы. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол тәжірибе, танымның, ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері. Ал біздер мен сіздер осы құндылықтардың заңды жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз. Ұлтымыздың мақтанышына айналған ұлттық құндылықтарымыз ұлттығымыздың негізі. Ендеше, сіздерді ұлттық құндылықтарымызды тануға шақырамын.
1-бөлім. «Бабалар аманатына адалдық – ұрпақ парызы»
(сахнада ұлттық киімде қыздар, батырлар отырады: Асмира, Үнзиля, Айгерім, Сымбат, Балауса, Айгерім)
/музыка әуені, экранда елбасының бейнесі/
Әсел: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық қасиет пен ділімізді танытатын мына бір сөздері «ұлтым» деген, «қазағым» деген әрқайсымыз үшін қашанда өнеге-үлгі:
Эльвира: «Менің атам да, анам да – қазақ. Менің жаным, жүрегім – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқандай намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын ба. Қайта тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.»
Әсел: «Құдай қазаққа қырын қарамаған, пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Садағаң кетейін, айналайын халқым, сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.»
(Қобыз үні, экранда табиғаттың видеосы)
(Кимешек киген төрт ана бейнесі – Балжан, Құралай, Айгерім, Ажар )
Ұлжан: М.Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
/ күй ойнайды/
Эльвира:
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтінтүтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Айым: Ұлттық құндылығымыздың бастауы – тіліміз. Тіл жоқ жерде ұлт та жоғалады. Тіл- бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі,тіл-бесік жыры. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген асыл қазына- тіл, мемлекеттігіміздің тұлғасы, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Аңызақ желге, сылдырлап аққан бұлақ суына құлақ тоссаң, бабалар үнін естисің, қобыз бен домбыра күйіне құлақ салсаң тағы да бабалар үнін естисің. Тіл арқылы тереңде жатқан тарихтың тағылымын, мәдениеттің, әдебиеттің ұлағатын танисың. Тіл- ар өлшемі. Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса тілге құрметпен қарау-рухы мықты, өткенімізді саралап, болашағымызды болжай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Қазбекова Мөлдір:
Ана тілім
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек – ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл – жағым!
(Сахнаға батыр, абыз киімдер киінген ұлдар)
Іңкәр: Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр алқап көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен ата қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең далаға біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ұлттық тарих- ұлттығымыздың куәсі.
Арнұр:
Мен қазақпын, қыран елмін, азатпын.
Пейіліммен кеңмін,
Иесімін кең байтақ жердің.
Мен қазақпын, ғажаппын
Еркіндік үшін дүниеге келдім,
Көк тәңірдің иесі едім.
Асан қайғы болып жаһанды кездім,
Кұрманғазының күйіне ендім,
Абылай ханның соңынан ердім,
Қабанбай қас батырым едің,
Абайдай алып данамын,
Махамбеттей өрім дарамын,
Наурызбаймын найзамын
Райымбекпін айламын
Жәнібектің жігерімін
Жауымды жеңдім, тойладым.
Қайырлы:
Мен қазақпын, ғажаппын,
Әйтеке, Төренің тілдерін білемін,
Қазыбек бидің жүрегіндемін,
Әл Фарабидің мұратындамын,
Қажымұқанның қуатындамын.
Тұрармен мен түрмеде жаттым,
Шоқан болып жұлдыздай ақтым.
Қасым қайсар ақыным едің,
Мұқағали жыр әнім едің.
Шәмшінің мен әнімін,
Үміттің де таңымын.
Береке мен бақ қонған,
Ұрпағымын ұлы елдің.
Мадияр:
Мен қазақпын, қазақпын,
Тарихым менің тоналғанда,
Суалдым мен Аралдай.
Тәуелсіздік таңы атқанда,
Қуандым мен баладай.
Ақан Серінің құлагерімін,
Қожа Ахметтің мұрагерімін.
Ойран болған Отырардың,
Өлмейтұғын куәгерімін.
Батырмын мен Оспанмын,
Бауыржанмын дастанмын.
Арманның бәрі менікі,
Астындағы айлы аспанның.
Асет:
Мен қазақпын, ғажаппын,
Ғарышқа самғап, күн көктен қаттым.
Желтоқсанда мұзға от жақтым.
Азаттықты аңсап, ерлікпен жеттім,
Қазақпын деп биікке тарттым.
Қозы мен Баян махаббатымын,
Сәкеннің сарбаз салтанатымын.
Жамбыл жыры жақұтым менің,
Елдің рухы мен едім.
Қасқа жолмын Қасыммын,
Ескі жолмын Есіммін.
Нұрлы жолмын Алаштың,
Өшпейді қазақ есімім.
Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.
Ән. «Туған жер», орындайтын: Дауытбекова Гүлім.
/ Төрт ана орындарынан тұрады/
1 ана: — Тілді құрметтеу-елді құрметтеу екенін жадыңда ұста, жас ұрпақ!
2 ана: — Қазақ тарихы — ата-балалар қанымен, төгілген терімен жазылған көне тарих. Ей, жас ұрпақ, тарихыңды таны, сол арқылы елдігіңді таны!
3 ана: — Жас ұрпақ! Туған жерің – түп қазығың, тамырың екенін біл! Еліңе адал қызмет ететін ұл мен қыз болыңдар!
4 ана: — Ей, жас ұрпақ! Тәрбие, өнеге негізі салт-дәстүрді танып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырар адал перзент болыңдар!
(Күй ойнап тұрады)
Ұран сөздер:
Асмира: — Қазақ халқын ұлт санатында сақтап келе жатқан Ана тіліміз аман болсын!
Балауса: — Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болсын!
Үнзиля: — Бүкіл ұлтты ұйыстыратын тәуелсіздігіміз туған тіліміздің мерейін үстем ете түссін.
Айгерім: — Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білейік.
Сымбат: — Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
2-бөлім. «Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда»
Асел:
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Эльвира:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Асел:
Дәстүрің – дәулетің, салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырыңдемекші халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.
Эльвира:
М.Әуезовтың «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол – тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз.
Сахнада әжесі, апасы, келіні, қызы отырады, сырттан сүйінші сұрап екі қыз бала кіреді.
(әже – Балжан, апа – Аяулым, келіні – Сымбат, немересі – Балауса)
Әжесі:
Апасы
Немересі:
Әжесі:
Немересі:
Әжесі: |
|
«Шілдехана» тойы.
Сырттан екі әже, екі келіншек кіреді
Әжесі:
Апасы:
Көрші апа
Халық әні:
Әжесі:
Кәмпит, құрт тарату.
Әжесі сәбиді бесікке бөлейді. Анасы бесік жырын айтады:
Апасы: Бесікті сахнадан алып кетеді.
Немересі: Әжесі:
Немересі :
Әжесі:
Немересі:
Әжесі:
Үнзиля:
Нұрғазықызы Айгерім:
Құмашева Ұлжан:
Эльнара:
Сымбат:
Құралай:
Немересі:
Әжесі:
Сахнаға екі жеңгесі кіреді. «Үкілі камшат» әнінің музыкасы ойналады
1-жеңгесі:
Әжесі:
Немересі:
Әжесі:
Жеңгелері үкіні дайындап тұрады. Әжесі немересінің тақиясына үкіні тағады. Әжесі батасын береді:
2-жеңгесі: 1-жеңгесі:
Қыздар тобы:
1-жеңгесі: 2-жеңгесі:
Қыздар:
Немересі:
Апасы:
Сахнаға Нағым апаны шақыру.
Келіні:
Немересі:
Әжесі: Нағым апаны сахнадан шығарып салу.
Апасы:
Әжесі шашу шашады
|
Айналайын қарағым кекілдім-ай, Балапаны аққудың секілдім-ай, Дедім – ой, ау, Қолда барда алттының қадірі жоқ, Қолдан шығып кеткен соң өкіндім – ау, Дедім – ай, ау Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей – ай, Текеметтің гүліндей – ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Бізбен сізге бінінбей – ау. Көрген адам қасыңнан кете алмайды-ай, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап Дедім – ай, ау Қайырмасы.
Бесік жыры: Әлди-әлди, аппағым, Қойдың жүні – қалпағың, Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым. Қолымыздан іс алып, Мойнымыздан күш алып, Бізді бағар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Ұста болар ма екенсің? Таңдайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің? Қуып ойдың жетігін, Біліп ғылым тетігін, Ғалым болар ма екенсің? Еңбек етіп бар елге, Өнеріңмен әлемге, Мәлім болар ма екенсің? Көп қиыннан өтерсің, Мақсатыңа жетерсің. Ұйықтай қойшы, бөпешім!
Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Қазақ халқының дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, сұлулық пен сымбаттылық тәрбиесі дәстүрлерін ғасырлар бойы түзіліп келген. Оны мына отырған әпке, жеңгелерің де біледі, олардың көрген-білгендері көп. Солар айтсын.
Ат қою. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Тұсаукесер – сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері бар. Көбейіп, көгере берсін деп жіпті көк шөппен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен өреді. Адал болсын деп ала жіптен жасайды. Ауызға түкіру. Аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендерге, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкіртіп алу ежелгі дәстүрлі ырымдарымыздың бірі. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Тілашар. Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.
Сүндет той. Ер баланы тақ жасында, яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Баланы сүндеттеу үлкен рәсім. Ол әр ата-ананың борышы. Айдар. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қою негізінде көз тимесін деген сенімнің жатуы ықтимал. Ашамайға мінгізу. Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жасатып, қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолы. Жеті ата. Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығы осыны аңғартады. Олай болса жеті ата: бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Ата-тек осыдан шыққан сөз. Қыз балаға жасалатын дәстүрлер: Құлақ тесу. Қыздың құлағын тесу – дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе бәлиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналған. Халық ұғымында қыздың құлағын тесу, ұлды сүндеттеумен пара-пар рәсім болған.
Қазақ халқы бесіктен белі шығып, тапыл- тұпыл жүре бастаған кезден бастап бала дамуына мазмұндырақ көңіл бөле бастайды. Бұл кезеңде тілін дамытуға, ой- өрісін кеңейтуге, талғампаздыққа үйретуге байланысты бүлдіршін қызға — қысқа бүрмелі көйлек, кішігірім оюлы камзол кигізіп, шашын өсіріп, әдемі тақия тігіп беріп сұлулыққа үйретсе, етегін жауып, жамбастай әдемі отыруға, иіліп сәлем беруге баулып, инабаттылыққа, ізеттілікке, отбасы мүшелеріне, ауыл үлкендеріне құрмет көрсете білуге баулыған.
Әумин, — деп, бетінен сипайды.
*«Қыз – әр халықтың асыл қазынасы. Ол өз халқының қанын жүрегінде сақтап, жанын болашақпен жалғастырады» * Қыз ұлтты ұрпақпен жалғастыратын ұлы күш. * Қыз – үйдің көркі, қоғамның қуаты * Ең қымбат қыз- ерінбейтін қыз * Өңді қыздың бәрі жөнді қыз емес * Саңылаусыз қыз сәнқой келеді. Сәнқой болғаннан шаруакер болған жақсы. Санаңды сәнге емес, сәнді санаңа бағындыр * Желкілдеген жеңілтек болма, жел ұшырып әкетеді * Пәк бол, пәк болу үшін сақ бол * Тамақты тарта ішіп, таразы болып өс * Ұйқышыл, ұмытшақ, ұрысқақ болма * Әке-шешеңді ардақта, аяла, саған өмірді сол екеуі бергенін ешқашан ұмытпа
|
Ән. «Тойға тілек», орындайтын: Дауытбекова Гүлім.
3-бөлім: «Түйін сөз»
Асел: Бірлік, Татулық және Отанға деген сүйіспеншілік елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің арқауы. Осы үшуі біріккенде ғана Елбасы айтқандай «Мәңгілік ел» болу идеясы жүзеге асырылады.
Эльвира: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың биылғы қазақстан халқына жолдауында Мәңгілік ел идеясы қазақстандықтардың ел болуындағы басты идея екендігі айтылып, оған жетудің жолы көрсетіледі.
Айым / «Патриотизм» сөзін көтеру/:
Өз бойымызда жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Мөлдір / «Салт – дәстүр, мәдениет» сөзін көтеру/:
Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.
Ұлжан Өмірзақ / «Татулық» сөзін көтеру/:
Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі.
Нұрбекова Айгерім / «Бірлік» сөзін көтеру/:
Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Іңкәр / «Тарихи сана» сөзін көтеру/:
Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Шынар / «Толеранттылық» сөзін көтеру/:
Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Айым/»Мәңгілік ел» сөзі арттан көтеріледі/:
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Асел: Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!
Эльвира: Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!
1-2 жүргізуші: Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
Қорытынды мұғалім сөзі: ….
- Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.» дегендей бүгінгі тәрбие сағатында ұлттық құндылықтарымыздың өнегелі беттерін парақтай отырып, Отан, тіл, салт-дәстүр, тарих, тәрбие құндылықтарын танып, жүрегімізге қалдырдық деп ойлаймын. Болашақ ұстаз ретінде ел болашағын ұлттық құндылықтарды танып, бағалайтын, оны сақтап, жалғастырар ұрпақ тәрбиелей беріңдер демекпін.
1 – жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп өнген,
2 – жүргізуші: Бабалар бұлағынан нәр алған,
1 – жүргізуші: Даналар өсиетінен тәрбие алған,
2 – жүргізуші: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
1 – жүргізуші: Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.