Сабаншиева Несипкуль Салемовна
О.Жандосов атындағы
орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы облысы,
Қарасай ауданы
Жандосов ауылы
Cабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы — ұлы суреткер
Сабақтың мақсаты:
а) А.Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ақынның өмірі
І деңгей /міндетті деңгей/
- Абайдың әкесі кім?
А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай
- Абай қай жылдары өмір сүрді?
А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-1906
- Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?
А) Әбдіжаппар В) Ғабулжаппар С) Ахмет-Риза Д) Әбдірахман
- Абай болыс блды ма?
А) Жоқ В) Иә С) мүлдем Д) ешқашан
- Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров
- Сөзжұмбақты шешіңдер.
1 | А | |||||||||
2 | Б | |||||||||
3 | А | |||||||||
4 | Й |
1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/
2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/
3) Абай қай айда туды? /тамыз/
4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/
ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/
1.Абайдың шын аты кім?
А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали
- Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?
А) 9 В) 10 С) 11 Д)12
- «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?
А) Ділдаға В) Зереге С) анасы Д) немересі
- Ұлжан Абайға кім болып келеді?
А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі
- Абай қай рудан шықты?
А) Арғын В) Тобықты С) Шекті Д) Найман
6.Абай кім?
Абай кім? |
ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/
- Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?
А) Құдайберді В) Тәңірберді С) Оспан Д) Ысқақ
- Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
А) 1907 В) 1908 С) 1909 Д) 1910
- Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-деомакрат кім?
А) Крылов В) Лермантов С) Пушкин Д) Михаэлис
- Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?
А) шырын В) Шынар С) Шүкіман Д) Шырайлы
- Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.
А) Үржар В) Семей С) Көкпекті Д) Алматы
6.Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?
IV деңгей /шығармашылық деңгей/
Кестені толтырыңдар.
Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов5 түрге жіктейді | Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің? |
|
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау.