Қаскелең қосалық мектеп – интернаты
Мұғалімі: Кулмрадова С.
Сабақтың тақырыбы: 2-ні көбейту кестесі бойынша есептер құрастыру. (есептеу).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – көбейту амалы туралы түсінікті бекіту, 2-ні көбейту кестесі туралы түсінікті қалыптастыру; арифметикалық амалдардың таңбаларын игерту, бірдей сандарды қосу амалын көбейту амалына алмастыруға, көбейту амалын бірдей сандарды қосу амалына алмастыруға жаттықтыру; арифметикалық амалдар арасындағы өзара байланыс жөнінде балалардың білімін жалпылау, тереңдету.
Дамыту – санау, ойлау, оқу, жазу қабілетін дамыту; сөйлеу тілін кеңіту; заттың түсі туралы түсінікті бекіту; логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Коррекциялық – саусақтардың қимылын ширату; дұрыс әдемі жазуға қалыптастыру; ойлау қабілетін тереңдету; сөйлеу тілін жаттықтыру.
Тәрбиелік – ұқыптылыққа; әдептілікке баулу (тәрбиелеу); өз бетімен жұмыс жасауға қалыптастыру; ұлттық ойындар туралы түсінікті бекіту.
Сабақты жабдықтау: санауға арналған материал, суреттер, карточкалар, 2-ні көбейту кестесі, доп, алмалар, тәрелкелер, «Ғажайып дөңгелек» ойынының құралы.
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіздер ме. Балалар! (отырыңдар). Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сендер өздеріңнің қандай тәрбиелі әдепті, білімді балалар екедеріңді көрсетіңдер.
— Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
— Қазір қай мезгіл?
— Қыс айларын ата. Қазір қай ай?
— Бүгін желтоқсанның қай күні?
— Қазір қай сабақ?
— Математика сабағында не үйренесіңдер?
Тақтадағы суреттегі балаға ат қою.
— Бала асықтарын шашып алыпты. Біз оған асықтарын жинауға көмектесейік. Бұл асықтар – сиқырлы. Әр асық нөмірленген, әрқайсысында тапсырма жазылған. (сабақтың кезеңдері бойынша).
- Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар тапсырманы атап, кезектесіп оқиды.
Бағалау.
- Қайталау.
- Санау.
(2,3,4,5 – тен партадағы заттарды санау). - 2 – ні көбейту кестесін қайталау. (доп арқылы).
- Каллиграфиялық жаттығу
(8 санын жазу).
Бағалау.
- Сабақтың тақырыбын атау. Мақсатын қою, түсіндіру.
Тақырып бойынша тапсырмалар орындау.
- 2-ні көбейту кестесі бойынша «адасқақ сандар» ойынын өткізу.
2×2=
2×3= 2×4= 2×5= 2×6= 2×7= 2×8= 2×9=
|
Көбейтіндіні тауып, орнына қою
- Сурет бойынша есеп құрастыру.
Бірдей сандарды қосу амалын көбейту амалымен алмастыру.
- Суреттегі қолғаптарды санау, есеп құрастыру.
2+2+2+2+2=10; 2×5=10;
- Сергіту сәті.
Онға, онға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
- Практикалық жұмыс арқылы есеп құрастыру.
Бірдей сандарды қосу амалын көбейту амалы мен алмастыру.
2 оқушы алмаларды санап 2-ден тәрелкелерге салады.
- ші оқушы 2-ден алманың барлығын санайды. 2, 4, 6, 8, 10, 12.
- ші оқушы неше рет (неше тәрелкеге) салғанын санайды.
2+2+2+2+2+2=12; 2×6=12;
- Көбейту амалын бірдей сандарды қосу амалымен алмастыру.
«Ғажайып дөңгелек» ойыны
|
|
|
2 x
|
|||
|
|
Айналып тұратын дөңгелек тақтаға ілінеді де, сол бойынша оқушылар есеп құрастырады.
Мысалы: 2×3=6;
Көбейту амалы бірдей сандарды қосу амалымен алмастырылады.
2+2+2=6;
- Тақырыпты бекіту.
- Оқулық бойынша тапсырма орындау.
№ 17 (Б) 55 бет
Көбейту амалымен берілген есептерді бірдей сандарды қосу амалымен алмастыру.
2+2+2+2=8; 2×4=8;
- (2 оқушы тақтаға кезектесіп орындайды).
- 2 есепті әр оқушы өз бетімен шешеді.
- Карточкалармен (перфокарталармен) жұмыс.
Әр оқушыға перфокарталар таратылады да, оқушылар өз бетімен тапсырманы орындайды. (Көбейтінді қанша? Жаз).
2×3=
2×4= 2×7= |
Мысалы:
Бағалау.
- Үй тапсырмасын беру: № 17 (В), 55 бет.
- Сабақты қорытындылау.
- Қазір қай сабақ өтті?
- Сабақтың тақырыбын атаңдар.
- Сабақта не істедік? (не үйрендік?)
- Қандай ойындар ойнадық?
- Бағалау.
- Сабақты аяқтау.