ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Аяғанова Шолпан Оралғазықызы
Тақырыбы Ата мұраң-асыл қазынаң.
Мақсаты;1.Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,ұлтымыздың
дәстүслерінен үлгі алдыру.
2.Салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үрдісінде тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі;Суретті слайдтар,үлестірмелі карточка.
Сабақтың түрі;Дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтыңбарысы; Ұйымдастыру кезеңі.
-Құрметті қонақтар,оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағаттың тақырыбы;Ата мұраң-асыл қазынаң.Еліміз егемендік
алып,тұғырлы мемлекет болғанымызға биыл 21жылдай уақыт болды .
-Егемен мемлекетіміздің басқарушысы кім?
-Мемлекетімізді айқындайтын нышандарымыз нелер?
Ән Хормен;Әнұран
-Иә балалар ,еліміздің асыл қазыналарына салт-дәстүрімізде жатады.Ол да егемендігіміздің арқасында қайта
оралды.Салт-дәстүріміздің түрлері өте көп. Оның бала тәрбиесімен жалпы адам тәрбиесіне мәні зор.Салт-
дәстүріміздің қағидаларымен ережелерін жасап,осы уақытқа дейінсақтап келген-өзіміздің қазақ халқы.Осы
салт-дәстүрімізді тұрмыстық негізде әлі де қолданып жүрміз.
Ән; «Бүгінде ел ішінде»
-Сонымен қатар қазақта нақыл сөздер,мақал мәтелдер,салт-дәстүрімізге байланысты тиым сөздер өте көп.
Қай сөзін алсақ та астарында терең ой жатады.Қазір сіздер осы айтылғандардың шағын да болса куәсі бола-
сыздар.
Туған соң адам боп ,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады «надан»-деп
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты,
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздіңде,
Бар дәстүрмен салтымыз.
-Ендігі кезекте салт-дәстүр туралы әңгімелесеміз.
-Қуанышты жеткізуші адам «сүйінші,сүйінші»-деп келеді.Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал»-дейді. Бұл шын қуану. Бұны сүйінші сұрау дәстүрі-деп атайды.
-Шашу қуаныш хабар ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.Бала дүниеге келгенде,келін түскенде,құда келгенде,осындай қуанышты кезде әжелеріміз тәтті шашады.
-Үйге келген қонақты құрметтеп,қарсы алып,мал сойып, қонақасы
беру-жомарттықтың,елдіктің белгісі.
-Құрметті қонаққа немесе жақын туған-туысына арнап,сақталған кәдесі, ет мүшелері-сыбаға деп аталады.
-Ерулік –басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бқрыннан тұратындар ерулік береді.Яғни қонаққа шақырады.
-Тоқымқағар-жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу.Мұндайда мал сойылып,ойын-сауық ,өлең-жыр айтылады.
-Аманат-бір адамның екінші адамға сақтауға берген заты. Аманнат- ты сақтау, оны мезгілінде қайтару-адамгершілікке жатады.Аманат- қа қиянат жасауға болмайды.
-Байғазы-балалардың немесе жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай немесе заттай сый.Байғазы сұраудың еш ағаттығы жоқ.
-Сәлем беру.Алыс жолдан келген жолаушы ауыл ақсақалдарын әдейі іздеп келіп, сәлем беру қалыптасқан дәстүріміз.
-Енші –балалар ер жетіп,жеке үй болғанда дүние-мүлік,мал беріледі. Мұны енші деп атайды.
Бала қаз-қаз тұрып ,аяғын тәй- тәй басқанда, туған-туыстары шақырылып, тұсауы кесіледі. Бұны тұсау кесу дәстүрі деп атайды.
*Ән ,Қазақтың салт-дәстүрі.
Тұсау кесу дәстүрі.Тұсауы кесілетін сәбиді ортаға әкеліп, «тұсау кесу жыры»-айтылады.
Жолың болсын десейік,
Жолыңа нұр төсейік.
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кесейік
Тұсауыңды кесейік.
Күрмеуіңді шешейік.
Осы кезде сәбидің тұсауы ала жіппен кесіледі. Шашу шашылып, ән айтылады.Сәбиді жүргізеді.
Қаз-қаз балам ,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы-тағы баса ғой,
Тоқымыңды жаза ғой .
Қаз баса ғой қарағым ,
Құтты болсын қадамың.
Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай,ұрлық-қорлық жасама деген мағынаны білдіру. Баланың
Болашақта аппақ жолға қадам басуға үйрететін осы салт-дәстүріміз
қазақтың қазақ боп қалыптасуына көп септігін тигізгені сөзсіз.
Міне ,осылайша бастау алған салт-дәстүр осы біздің қоғамымыздың дәлелі. Салт –сананы,дәстүр-тәрбиені қалыптастырып,даму үстіндеміз. Ендеше ,жаңа әдіс іздемей-ақ, ұрпақты ұлтымыздың қарапайым тәрбиесі мен тәрбиелейік