Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы
«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталықпен» КММ бастауыш
сынып мұғалімі Базарбаева Илья Адильхановна
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың шешен билерімен таныстыру. Үш арыстың үлгілерін таныту, шешендік сөздерді түсініп, мәнерлеп оқуға баулу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ой қозғау, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: Үш би суреті, мақалдар, шешендік сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөліп отырғызу
Психологиялық дайындық
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!
Ендеше сабағымызды бастайық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтірік өлеңді жатқа сұрау
Өтірік жаңылтпашты жаңылмай жатқа айтқызу
Ши тоқыдым шиеден
Теңіз кештім түйемен
Күйме жасап шиеден
Үй тұрғыздым түйеден
ІІІ. Түсінгендерін бекіту: Өтірік өлеңде не туралы айтылған?
ІҮ. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.
Халық арасында шешендігімен, тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.
Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?..
Ү. Тақырыппен жұмыс жасайды
Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды.
Төле би (1657 – 1756) Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен..
ӘЙТЕКЕ БИ (1644 — 1700)
Әйтеке Байбекұлы — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан
ҚАЗЫБЕК БИ (1667-1764)
«Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі.
Билердің суреттеріне зер салып қараңдар. Билердің бейнесінен не байқалады? (Байсалдылылық, сабырлық, ақыл мен парасаттылық т.б.)
Сергіту сәті: Оқушылар хормен тақпақ айтып тұрып,әр түрлі қимылдар жасайды.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Дәптермен жұмыс: Шешендік сөздерді жазып алу
ҮІ. Бекіту: Үш арыстың өкілдерін рөлдерге бөліп оқыту. Оқушыларды да билерше сөйлеуге тырыстыру
ҮІІ. Қорытындылау
Алған білімдерін қайталай отырып, сұрақ-жауап, әңгіме әдісімен бекіту.
- Шешендік сөздерді айтқан кімдер?
Билердің бейнесінен не байқадыңдар?
ҮІІІ. Үйге тапсырма
- Билер сөзін жаттау. Берілген мәтінді қойылым ретінде көрсетуге дайындалып келу
- Бағалау