Басы » Психология » Педагогикалық озат тәжірибе және инновация

Педагогикалық озат тәжірибе және инновация

Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

педагогика пәнінің оқытушысы

 Сабақтың тақырыбы:  Педагогикалық озат тәжірибе және инновация

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: педагогика пәнінен меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру.
  • Дамытушылық: студенттердің өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу бірліктерін дамыту, барлық тарау бойынша алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту
  • Тәрбиелік: Көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, өзін-өзі басқаруға жетелеу.

Сабақтың түрі: Тренинг

Сабақтың әдісі: Баяндау, жазбаша жұмыс, тірек-сызба, сөйлеу – бағалау конспектісі, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, топтарға берілген тапсырма  карточкалар.

Сабақтың барысы:

     Ұйымдастыру кезеңі:

  • 1) сабақтың мақсаты, жүру барысын айту

     Негізгі бөлім:

  • 1) “Ой маржан ”
  • 2) «Білім биржасы» (ұжымдық-шығармашылық жұмыс)

3  ) «Педагогикалық, әдістемелік біліктілік сыны»

4) «Ең үздік педагогикалық идея»

5) «Біліміңді байқап көр» тест тапсырмалары

6) Қазіргі таңдағы мұғалім бейнесі  (эссе жазу)

  • Қорытынды:
  • 1)Үйге тапсырма
  • 2)Бағалау

1.“Ой маржан” ( педагогика пәні туралы не білеміз)

Мақсаты:

Тақырыпқа қатысты студенттердің білімдерін  толықтыру, пысықтау.

 Ойынның шарты: Тақырыпқа қатысты сұрақтарға шапшаң жауап беру,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

1.Педагогика пәні нені зерттейді?

2.Педагогика қай ғылымнан бөлініп шықты және  қай ғасырдан бастап жеке ғылым болып қалыптасты?

3.Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?

  1. Педагогика пәнінің дамуына үлес қосқан қандай педагог ғалымдарды білесіз?

5.Мұғалімдік мамандықтың  ең маңызды элементі?

6.Инновация дегеніміз не?

  1. Инновацияны топтарға бөлген Қазақстандық ғалым?
  2. Инновацияның түрлерін ата?
  3. Қазақстандық жаңашыл ұстаздарды ата?
  4. Мектеп педагогикасы неше бөлімнен тұрады?
  5. Педагогикалық кеңестің төрағасы кім?

11.Дидактика қандай сұрақтарға жауап береді?

12.Педагогикалық технологиялардың қандай түрлерін білесіз?

  1. Тәрбие әдістері неше топқа бөлінеді?

14.Оқытудың формаларын ата?

15.Оқу бағдарламасы?

 

  1. «Білім биржасы» ұжымдық-шығармашылық жұмыс  

Мақсаты:   Педагогика пәні бойынша алған білімдерін пайдалана отырып өздеріне берілген тапсырманы  интерактивті тақта арқылы блок-схемалар көмегімен баяндау, тарау бойынша алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту.

Шарты: Топтағы студенттер  6-7 студенттен құралған 4   топ құрып бөлінеді, бірлесе отырып  берілген тапсырманы орындайды. Яғни, берілген тапсырманы бір студент немесе топ болып кезектесіп баяндауы қажет.

 

  1. Педагогикалық, әдістемелік біліктілік сыны.

Мақсаты: Тақтадағы  тапсырмалардан кезектесіп таңдап педагогикалық — әдістемелік, педагогикалық – ситуациялық сұрақтарға жауап беру.

Шарты: Дайындалуға уақыт берілмейді, билетті алып, сұрақты оқыған мезетте жедел жауап берілуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

— жедел әрі нақты жауап беруі;

— өзіне, жауабына сенімділігі;

— ситуацияны ашық шеше білуі.

№1
Егер, ата – ана оқушы алдында сіздің сөзіңізді теріске шығарып, баласын жақтап сізді балағаттаса қандай әрекет жасайсыз?

№2
Сіздің сыныбыңыздағы оқу озатына нашар оқитын оқушы қызғанышпен қарап, әлімжеттік жасаса не істер едіңіз?

№3
Сыныпқа кірсеңіз балалар топқа бөлініп, ерегісіп жатыр, сіздің ескертуіңізге құлақ асар түрлері жоқ. Сіздің іс- әрекетіңіз?

№4
 Сабақ үстінде оқушы ұялы телефонмен ойнап отыр, ескертуіңізді елемеді, ұялы телефонды маған тапсыр дегенде анасына қоңырау шалып, сіздің үстіңізден шағым жасады. Сіздің әрекетіңіз?

№5
Сабақтан кетіп қала беретін оқушымен қалай жұмыс істейсіз?

№6
Жоғарғы сынып оқушысы сіздің сыныбыңыздағы ер балаларға өз әмірін жүргізеді (тиын – тебен жинатады, сыныбыңызда, мектеп ішінде атаман еткісі келеді), екеуі де сіздің ескертуіңізге құлақ аспайды, ата – анасын шақыртсаңыз жұмысбастылықпен келуге уақыты жоқ. Не істеу керек?

№7

Үлгерімі үздік, өзі жан – жақты өнерлі оқушыңыз ешқашан сенбілікке келмейді. Сыныбыңызда сол үшін алауыздық пайда болды. Оқушыларыңыздың ынтымаған сақтау үшін сіздің әрекетіңіз қандай болады?
4.«Ең үздік педагогикалық идея»

Мақсаты: Болашақ ұстаздардың шеберліктерін шыңдау, теория мен тәжіриебені ұштастыру.

Шарты:Қандай да бір тақырыпқа қатысты сабақ жоспарын құрып оны таныстыру

 

5.«Біліміңді байқап көр»

Мақсаты: Әрбір топ  берілген тест тапсырмаларын орындайды. Ол барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді, және ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, тапқырлыққа дағдыландырады.

Шарты: Жауабы интерактивті тақта арқылы тексеріледі, студенттер бір-бірін бағалайды. Жауаптары қағазға жазылып оқытушыға тапсырылады.


 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *