Басы » Бала бақша » «С»дыбысы және әрпімен таныстыру

«С»дыбысы және әрпімен таныстыру

Атырау облысы,Исатай ауданы, Аққыстау селосы

№15″Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы : «С»дыбысы және әрпімен таныстыру

Мақсаты:  «С»дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; «С» дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру. Электронды планшет арқылы тапсырмаларды орындауды үйрету.

Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, кеспе әріптер, Планшет ,жұмыс дәптері

Әдіс -тәсілдер:Түсіндіру, жұмбақ, сұрақ-жауап, ойын.

Сөздік жұмыс:Әуеден ұшып келеді.

Билингвальды компонент: Сөз-слова, дауысты дыбыс-гласный звук.

Әрекеттер -кезеңдері  Тәрбиешінің  іс-әрекеті Балалардың  іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-қозғаушылық Балалар алдымен қонақтармен амандасып алайық!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?      Өте дұрыс балалалар қазір жылдың қыс мезгілі.                 Аптаның қай күні?

Бүгін бізде сауат ашу сабағы, өткен сауат ашу сабағында қандай әріптермен таныстық? (балаларға толық өткен әріптерді көрсете отырып ,естеріне түсіру,қайталату)            Жарайсыңдар !                                 «Б» дыбысынан басталатын сөздерді естерімізге түсіріп , қайталап айтып өтейік. «Б»дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?     Осы жерде тосыннан ескі қағылады. Ой,балалар бұл кім болды екен? Әуеден муызыка әуенімен сары шар ұшып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиеші апайлармен амандасады.

 

 

Қыс мезгілі

Дүйсенбі

 

 

«Б» дыбысы мен әрпі

 

 

 

«Б»дыбысынан басталатын сөздерді қайталап айтады.

Дауыссыз дыбыс.

 

 

Балалар таңданып шарға қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сәт:

-Тәрбиеші таңдана қарап, балалар қараңдаршы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай?

Сары .

Сары сөзі қандай дыбыстан басталады.

Балалар біз бүгін сауат ашудан тағы бір әріп, дыбыспен танысамыз , ендеше мен сендерге қандай әріппен  танысатынымызды білу үшін  бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.Мені мұқият тыңдандар.

Жұмбақ .

Сақинаны ,сандықты, бастап тұрған қай әріп?

Сәукелені ,садақты-сапсыз орақ тәрізді. /С/

Ой ,балалар жаңағы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай болды? Ол шарды бізге тектен тек жібермеген екен , әліппидегі әріптерде біздің бүгін «С» дыбысымен танысатынымызды біліп қойса керек. Ендеше біз бүгін «С»дыбысы мен танысатын боламыз.

«С» дыбысы қатаң дыбыс.

Міне «С» дыбысының әріп таңбасы.

Неге ұқсайды балалар?

Кәне ,бірге «С»деп атайық.

«С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы: балалар ерін езуге қарай тартылып,тіс көрінеді.Тіл тістерге тиіп,арасынан «С» дыбысы естіледі.

Балалар әріптер неше дыбысқа бөлінеді?

 

 

Ал, «с»дыбысы-дауыссыз дыбыс па, дауысты дыбыспа?

Балалар дауссыз  дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

Кәне балалар «С» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы .

Айтқан сөздерді буынға бөлгізу .

 

 

«С»дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету және ауада жазып көрсету.

Енді ,балалар әріп қималарымен сөздер жазайық.

Сағат, сан, са, тас

Мысалы сағат сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?

5дыбыс, 5әріп бар екен

Осы сөздердің сан, тас  сөзіне дыбыстық талдау жасайық. «С»дыбысы қандай дыбыс?

«А»қандай дыбыс?

«Н» қандай дыбыс?

 

 

Тәрбиеші балаларды тақтаға шырғарып, сан, тас  сөздеріне дыбыстық талдау жасауды ұсынады.

 

 

Слайд:

Балалар мына слайдтағы суреттерге назар аударайық, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Сырға , сақина, сағат, мысық, автобус

Ендеше балалар «с»дыбысы басындада, ортасында да, соңында да кездеседі екен.

Балалар енді суреттегі сақина, сырға сөздерін сызба бойынша буынға бөлейік.

Мысалы: Сырға неші буынға бөлініп тұр?

Сырға сөзі, екі буынға бөлінеді.

Ал ,сақина!

Неші буыннан тұрады?

Үш буыннан.

 

 

 

Сырға.

Сақина .

Сергіту сәті:

Қанат жайып қалықтап

Құс сияқты күйге енем

Асықпаймын үйге мен

Жаңа әріппен танысамын

Жазу жазып үйренем.

 

Балалар «С»дыбысы қай сөздерде кездеседі?

Кәне тақтаға шығып сурет арқылы сәйкестендірейік.

 

 

 

 

 

Электронды планшет арқылы  ойындар ойнатылады.

Д /Ойын: «Әлиппе»

Ойынның мақсаты: Балаларға электронды ойындарды ойната отырып, балалардың ой -өрісін жетілдіру.

 

Балалар алдарында санағыштарын бар, сол санағыштарыңмен «С» дыбысын таяқша арқылы құрастырып көрейік.

«С» дыбысы неше таяқшадан құрастырылып тұр, түсі қандай?

Дәптермен жұмыс.

 

 

Сары .

 

 

«С» дыбысынан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

 

 

Сары

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

Айға ұқсайды, ораққа ұқсайды т.б

 

Тісіміз көрінеді

 

 

 

Екі дыбысқа бөлінеді.

Дауысты ,дауыссыз дыбыс.

 

 

Дауыссыз дыбыс.

 

 

Көк түспен белгілейміз.

 

 

 

 

 

Балалар ауады «с» дыбысын жазып көрсетеді.

 

Қайталайды .

Сағат,сан,тас, маса , са,со, т.б

С -дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз

А -дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз

Н -дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз

Балалар тақтада жазылып тұрған сан , тас сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Дауыссыз дыбысқа қызыл текшені , дауыссыз дыбысқа көк текшені орналастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақтаға шығып Сырға , сақина,сөзінсызба арқылы буынға бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл -қозғалыс арқылы көрсетеді.

 

 

 

 

Балалар тақтаға шығып , ватман қағазында орналасқан суреттермен  таныса отырып, олардың қайсысы «с «дыбысынан басталатынын анықтай отырып оларды сәйкестендіреді.

 

Балалар алдарындағы планшет арқылы түрлі «С»дыбысна байланысты ойындарды ойнап, түрлі тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

Балалар алдарындағы санағыштарымен «С» «дыбысын құрастырады.

 

Үш таяқша

Көк түсті

Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекциялық түзетулішік

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бүгін біз  қандай дыбыспен таныстық?

«С» дыбысы қандай дыбыс?

Жарайсыңдар балалар!

Д /о: «Дәл тауып айт»

Тәрбиеші сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Қыздар құлағына тағады…………………

Қыздар басына киеді……………………..

Қыздар қолына тағады…………………..

Уақытты көрсетеді………………………..

Ақ,дәрумені көп, пайдалы сусын…….

Сызуға арналған құрал……………………

Кітаптарды қайда саламыз…………….

Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

Тәрбиеші балаларды мадақтай отырып, балаларға кішкентай «Әліппи» кітапшасын сыйға ұсынады.

Тәрбиеші апайлар сіздерге де көп рахмет, енді бүгінгі біздің

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен қандай әсер, қандай көңіл күйде болдыңыздар соны мына смайликтер арқылы көрсетсеңіздер.

Әрбір тәрбиеші апай көңіл күйлерін балаларға, смайликтер арқылы көрсетеді

«С» дыбысымен .

 

«С» дыбысы дауыссыз дыбыс.

 

 

 

Сырға .

Сәукеле .

Сақина

Сағат

Сүт

Сызғыш

Сөмке

«С» дыбысынан

 

Балалар қуана сыйлықтарын алады.

Күтілетін нәтиже :

Орындайды : Электронды ойындарға қызығушылық танытады;

Түсінеді: «с»дыбысының ораққа, айға ұқсайтынын;

Қолданады: сөздер арасынан дауыссыз дыбысты анықтауды;

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *