Атамекен ауылы
Атамкен ауылының орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдилова Алма Сериковна
Құқығыңды білесің бе?
Мақсаты:
Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.
Мұғалім: — Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Ата-ана және бала құқығы » атты сайысына хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
Отбасы- ол да бір шағын мемлекет.Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі,
кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты.Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
I бөлім
«Кім көп біледі?»
- Қоғам деген не?
(Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)
- Құқық деген не?
(Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
- Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?
(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)
- құқықтық мәдениет деген не?
(Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)
- Деклорация деген не?
(Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)
- Құқықтық норма дегеніміз не?
(Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)
II бөлім
«Менің құқығым және міндетім»
Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.
- Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?
(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)
- Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)
- «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің?
(Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)
- Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің?
(Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)
III бөлім
«Сөздік турнир»
Берілеген мәліметке нақты атауын беру.
1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.
(Азамат)
2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.
(Деклорация)
3.Жалпы тәртіптік шара.
(Заң)
4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.
(Конвенция)
5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.
(Пакт)
6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.
(Конститутция)
7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.
(БҰҰ)
8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?
(Бостандық)
IV бөлім
«Суреттер әлемінде»
Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.
(Тұрғын үй)
2.Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
- БҰҰ-ның алдына қойған басты мақсаты – дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау. (Бейбітшілік)
- Әрбір адам өмр сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)
- Адамның, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
- Кез-келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ ол әр адамның қалауынша болуы тиіс. (Демалу)
- Кез-келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)
Vбөлім
«Блиц турнир»
- Қазақстан республикасын кім басқарады?
(Президент)
- Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.
(БҰҰ)
- Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады?
(Парламент)
- Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады?
(Сенат, мәжіліс)
- Адамның, азаматтық қоғамның өзара жауакершілігін бекітетін не?
(Конституция)
- ҚР конституциясын, заңдарды нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не?
(Үкімет)
- Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не?
(Заң бұзушылық)
- ҚР мемлекеттік рәміздерін ата!
(Ту, елтаңба, әнұран)
Қорытынды бөлімде 2 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.
Қорытынды.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Ата-аналарға кеңес:
Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың
моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
- Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында
толық келісім болуға тиіс.
- Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық
атаулының бәрін, оның үлгілі болуға
тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
- Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін
оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5.Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
- Ересектер балаларды күн сайын сипайылық-
қа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділ-
дікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
- Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың ал-
ғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ
барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға
ұмтылуы.
8.Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де
байланысты. Оның бірінші шарты — өзара сенім,
құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы,
әдепті мінез-құлық.
- Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін
сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдай –
да екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негіз –
делмеуге тиіс.
- Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі
билей білу керек.
Қорытынды сөз құқық пәнінің мұғалімі Оңдасын Үсенұлына беріледі.