Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық білім бөлімі математика әдіскері Нурсулу Мырзалиева
Оқушылардың математикаға деген белсенділігін, қызығушылығын, қабілеттілігін арттырудың және сол арқылы білімдерін дамытудың сан алуан жолдары бар. Соның ішінде әсіресе төменгі сыныптар үшін сабақтан тыс жұмыстардың көп болуы оларға үлкен ықпал етеді. Осындай мақсатта Тәуелсіздіктің 22 жылы және О.А.Жәутіковтың туылған күніне орай ұйымдастырылған 7сыныптар арасындағы Дарындылар мен Білімділер тобының сайыс сабағын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты: : білімділік:
Сұрақтар мен тапсырмалардың жауаптары туралы білімдерін қайталау арқылы бекіту;
Оқушылардың алған білімдерін сайыс сабақта тапсырмалар арқылы пысықтау;
дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру;
тәрбиелілік:
Компьютерлік техналогия арқылы біліктілігін арттыру;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірі;
2030-дың біз барысымыз.
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу парызымыз!
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың жоспары: 1.Таныстыру
2.Сөз тапқанға……….
3.Тапқыр болсаң………..
4.Кім көп біледі?
5.Сұрақ-жауап сайысы
- Достарыңа көмектес
- Тәуелсіздік тірегім-мақтан етіп жүремін
Әділ қазы апайлар мен ағайлар!
Бал берерде тереңірек ойланар.
Әділдікті айтып берер ортада,
Әр сайыста әділ қазы сайланар….- деп ағай апайларымызды шақырайық
…………………………………………………………………………………………………………
Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ!
Жеребе тасталып бірінші болып бастайтын топ анықталады.
- Танысайық, танысып қол алысайық –
Ата-баба сөзі емес пе?
Сәлем беру –
Сыпайылық сәні емес пе?! – дей келе «Таныстыру» кезеңін бастайық…..
Білімділер:
Армысыздар, бармысыздар
Қарсы тобым Дарындылар.
Куә болсын көрермен
Білімдіден мың сәлем.
Асулардан асып өтіп
Жарысамыз сіздермен.
Қиындықты басып өтіп
Табысамыз сіздермен.
Ал, тілейік біз сіздерге
Сәттілік пен табысты.
Өзге емес, өзімізге
Тілейміз біз жеңісті.
Дарындылар:
Атам қазақ болған соң,
Сәлемсіз сөзді бастамас.
Білімді егер болмасаң,
Санаға ілім қона алмас.
Есепті көптеп шығарар,
Дарын мен білім қосылса.
Адамға ойлы сыр салар,
Математиканы оқыса.
Деген біздің ұстаным,
Сәлем сізге достарым.
Дарындыны байқап көр,
Сабақ берген ұстазым.
- Ақын жанды болмаған,
Математик те бола алмас.
Жақсы шумақ тумаса,
Көңілге әсте қона алмас.
Оқушылар парақшаларға жазылған әріптерден таңдап алып көрермендерге көрсетеді және сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді.
СӨЗ ТАПҚАНҒА………
1.Сіздің сабақ үлгеріміңіз қандай?
- Мектебіңіз несімен ұнайды?
- Ең жақсы көретін ұстазыңыз кім?
- О.Жәутіковтың қандай еңбектерін білесің?
- Президент болсаң Отырар ауданы үшін не істер едің?
- Параллель түзу дегеніміз не?
- Математика ғылымы нені зерттейді?
- Арманың не?
- Мектептің қандай саласы саған ұнамайды?
- Мектепке не үшін келесің?
- 100/5 неше болады?
- Жәутіков қай жылы өмірге келген?
- Тәуелсіздікті алғанымызға неше жыл болды?
- Елбасы жолдауында не туралы айтылады?
- Қандай өнерің бар?
- Сен жақсы оқисың ба?
- Сыныбың саған несімен ұнайды?
- Ең жек көретін пәнің?
- Жолдауға қалай үлес қосасың?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
- Әкім болсаң мектебің үшін не істер едің?
- Перпендикуляр түзу дегеніміз не?
- Геометрия пәні нені зерттейді?
- Мұғалімдік саған ұнай ма?
- Болашақта кім болғың келеді?
- Жәутіков деген кім?
- Сабақты не үшін оқисың?
- Ата-ана үмітін немен ақтайсың?
- 5*9 қанша болады?
- Бәйтерек деген не?
- Сөзді тап, суретті тап мықты болсаң,
Тез табар жауаптарын шешен болсаң……..дей келе слайдтарда көрсетілген сөздер мен суреттерді топтың бір мүшесі синоним сөздер арқылы жанамалап айтып қалған топ мүшелері табу керек.
ТАПҚЫР БОЛСАҢ………
- Мен білмеймін, білгім тағы келеді.
Біліміме білім қосқым келеді.
Сайысымыз ары қарай жалғасып,
Келесі кезек «Кім көп біледі?»
Жүргізуші математика байланысты бәр сөздә бастап береді және сол сөздің соңғы әріпінен басталатын сөз арқылы жалғастырып кету керек
Мыс: Алгебра, айқас, сызғыш, шар, радиус…………………
- Сұраққа жауап табуда,
Білімдінің арманы.
«Сұрақ-жауап» -бөлімі,
Сайысымызды жалғайды.
Слайдта берілген 6 сұрақ
- О.Жәутіков қай жылы өай жерде өмірге келді? (1911ж. Қарағанды обл, Ақтоғай ауд, Қызыларай ауылы)
- О.Жәутіков қандай оқу орнын бітірді және қай жылы?
(Абай атындығы ҚҰ Пед. университеті, 1934ж)
- 787-850 ж.ж өмір сүрген Орта Азия математигі, әрі астрономы
(Әл Фараби)
- Геометрияның негізін қалаған б.э.б ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы кім? (Евклид)
- Тауда жеті ағаш бар, әр ағаштың түбішде жеті ін бар, әр інде жеті түлкі бар, әр түлкіде жеті күшіктен бар. Барлығы неше күшік бар?(2041)
- Бақшада алма тал бар, әр талда бес бұтақ бар, әр бұтақта бес алма бар, әр алмада бес құрт бар. Барлығы неше құрт бар? (625)
- Білімге бай балаға,
Сұрақ деген түк етпес.
Білімге білім қосайық,
Достарыңа көмектес!
Берілген сөздер:Сызғыш, перпендикуляр, параллель, мұғалім, уақыт, бұрыш, парабола, аудан, компьютер, кітап, радиус, мектеп, директор, математика, физика, 99, 66, парта. Осы сөздерді топ мүшелері синоним сөздер немесе мимика арқылы көрермендерге жеткізеді. Көрермен неғұрлым тез тапса сол топтың пайдасыны шешіледі.
- Тәуелсіздік тірегім,
Мақтан етіп жүремін
20-жылдық мерей той,
Жақсылық қой дер едім.
Дамып жатыр бар сала,
Жарқырап тұр бас қала.
Жетістігін айта ғой,
Білімді ұрпақ сен жырла. – дей келе үй тапсырмасына тоқталайық.
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері және мен оған қандай үлес қосып жатырмын» деген тақырыпта баяндама берілген.
Өз ойымды айтайын , шәкірттерім.
Алғысымды білдіруді мен құп көрдім.
Рахмет бәріңе де оқушылар,
Бұл сөзім сайысымның соңы шығар.
Қорытынды: Әділ қазыларға сөз беру, жеңімпаз топты анықтау. Сайысты қорытындылау