Басы » Технология » Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері

Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері

Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы,
Жаңатас көпсалалы колледжі
Сызу пәнінің оқытушысы Кудабаев Булат Досболович

Сабақтың тақырыбы: Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімгерлерге құрылыс сызбаларын кескіндеу жолдары жайлы түсінік беру.

Құрылыс сызбаларын салу жолдарын талдауға, елестету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Білімгерлерді тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

1.Сызбалар, сызба аспаптары, слайдтар, т. б.

2.Сызу.Дидактикалық материалдар

3.Сызу.электронды оқулық

5.4.Сызу.міндеті графикалық жұмыстар

6.Пәнаралық байланыс: геометрия, технология, алгебра, бейнелеу өнері

7.Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

8.Сабақтың әдісі:

9.Түсіндірмелі, ақпаратты технологияларды қолдану.

10.Керекті құрал — жабдықтар: Интерактивті тақта, сызба аспаптары.

 

Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

сәлемдесу.

білімгердің сабаққа дайындығын тексеру.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Эскиздердің атқаратын қызметі және оның орындалуы.түсінік беру

Бекіту сұрақтары:

  1. Эскиз дегеніміз не?
  2. Эскиздің сызбадан айырмашылығы неде?
  3. Эскизді қандай ретпен орындайды?

2, 2. Өлшеу аспаптарымен жұмыс.

 

  1. Ашық сабақ.

Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері жоспары;

құрылыс сызбаларын кескіндеу.

құрылыс сызбаларын оқу.

Көне заманнан өзінде қандай да бір ғимарат тұрғызу үшін сызбаны қолданған.

Олар жетілмеген түрде орындалды және сызбадан гөрі суретті көп елестететін.

Индустрияның дамуына байланысты сызбалар көптеп пайда бола бастады. Біздің айналамыздағы аспан тіреген зәулім үйлерді, шағын ғана саяжай үйлерін, зауыттарды, спорт кешендерін, дүкендерді, аялдамаларды — барлығын құрылыс сызбаларынсыз тұрғызу мүмкін емес.

Ең алдымен кез келген құрылыс жобалаудан басталады. Содан соң жұмыс сызбалары орындалады. Құрылыс сызбалары да біз өткен ережелер мен безендірулерге сәйкес орындалады. Дегенмен құрылыс сызбаларының ерекшеліктері де бар.

 

Құрылыс сызбаларын кескіндеу

Ғимараттағы сәулет — құрылыс сызбаларының негізі — қасбет\фасад\, жоспары және оның жасалған тілік беті болып табылады. Олар ғимараттың сәулеті, нысанды жобалау және оның өлшемдері, қолданылатын материалдары мен негізгі элементтері туралы толық мағлұмат береді.

Қасбет дегеніміз ғимараттың алдыңғы көрінісі\негізгі көрінісі\. Негізгі қасбет

бұл ғимараттың көше жағынан қараған көрінісі, сол және оң жақ көріністері — жанынан қарағандағы қасбеті. Артқы көрінісі — аула қасбеті

Қасбеттерді кішірейтілген масштабтарда орындайды. 1; 50, 1; 100, 1; 200, 1; 400.

Ғимарат жоспары үстінен қараған көрінісі- ғимараттың шартты тілігі, ол

терезе алды тақтайынан сәл биік алынады. Жоспар сызбаларында қиюшы жазықтықтың өткен жерін және одан төмен жатқан элементтердің барлығын көрсетеді.

Қажет жағдайда, жоспардың жекелеген бетін қасбетке қарағанда ірі масштабпен

кескіндейді. Үймәреттер мен инженерлік ғимараттардың құрылысы бекітілген жоба мен смета арқылы орындалады. Жобаның құрылымына өндіріс жұмысқа қажетті құрылыс сызбалар, түсініктеме жазылым және құрылыстың толық құнын анықтайтын сметалар кіреді. Жұмыстардың жеке түрлерінің көлемі, құрылыс материалдарымен құрылымдардың саны, мамандық бойынша жұмысшылардың саны және құрылыс механизмдер сметада анықталған.

Арнайы жобалау ұйымдар мен  жобалау құжаттарды құрады.

Жобалауды екі кезеңде;

—   Техникалық жобалау (бірінші кезең)

—   Жұмыс сызбалары (екінші кезең)

Немесе 1 кезеңде

—   Техножұмыс жобалау

—   Жобалау обьектілердің  кезеңдері жобалау ұйымдармен шешіледі.

Техникалық жобалау

Техникалық жобаның құрылымына жалпы архитектуралық-құрылыс сызбалар кіреді.

—   Қабаттардың жоспары

—   Қасбетпен қималардың өңделмеген бөлшектері

—   Құрылыс аралығының бас жоспары

—   Қабылданған көлемді жобалау мен құрылымды шешімдер мен құрылыстың құндық сметасы түсініктеме жазылымға кіреді.

—   Кей жағдайда ғимараттардың перспективасын енгізеді.

Техникалық жобаның құрылымына жалпы архитектуралық-құрылыстың сызбалардан жобасынан бөлек құрылыс аралығының бас жоспары кіреді, онда нақты және жобаланған үймәреттер мен инженерлік ғимараттар көрсетеді.

 

  1. Сызба жұмысы.

Құрылыс сызбасын сызу.

 

  1. Сабақты пысықтау, бекіту.

Сұрақтары:

  1. Құрылыс сызбаларында өлшемдер қолданыла ма, қандай?
  2. Құрылыс сызбаларында қандай масштабтар қолданылады?
  3. Қасбет дегеніміз не?

Бекіту. Инсерт әдісі.

Не білдім?

Нені үйрендім?

Білгім келеді?

 

  1. Үйге тапсырма.

Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері түсінік беру,сызба сызу\

 

  1. Білімгерлерді бағалау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *