Басы » Tәрбие сағаттары » Ою-өрнектер және олардың түрлері

Ою-өрнектер және олардың түрлері

ooiАлматы облысы

Қарасай ауданы

  А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Байгабатова М

Тақырыбы: Ою-өрнектер және олардың түрлері

Мақсаты:Ою-өрнектер туралы алған түсініктерін жалғастыра отырып, оюлардың жаңа түрлерімен таныстыру,өнерге деген шеберлік ынта-қабілеттерін арттырып,дамыту

  1. Ою-өрнек түрлерін практикада қолдана білуге үйрету
  2. Мәдениетті болуға ,өнерсүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: Оюлар туралы слайд,ертегі кейіпкерлері макеті, ту, ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар, үй мүліктері мен жабдықтары т.б суреттері

Жабдығы: Қайшы, түлі-түсті қағаз

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, көрнекілік, талдау-жинақтау

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын айту.

  1. 2 топқа бөліну

«Өнерпаздар» тобы                              «Шеберлер» тобы

Өнерлі өрге жүзеді                                  Шебердің инесі де , күймесі де алтын.

Өнерлінің өрісі ұзақ.                               Шеберді саусағы асырайды.

Өнерлі бала –елдің көркі                        Саусағынын бал тамған.

Кіріспе сөз:  Мұғалім:  -Ою қазақ халқының ертеден келе жатқан сәндік- қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық оюлары әртүрлі, кең тараған. Әрқайсының  өз аты бар. Бүгін олардың 200-ге жуық түрі белгілі.                            Сендер оюлармен тек қана қазақ тілі, сынып сағаттарында ғана емес,орыс тілі, орыс әдебиеті, тіпті математика ,еңбек, сурет сабақтарында танысып жатырсыңдар.

-Оюлардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Мына оюлардың ішінен «Құс қанаты» оюын кім көрсетеді?

-Ол неге ұқсайды екен?

-Ол ою нені білдіреді?

-Ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.

-Бәріміз осы оюды келтірейікші! –Қане,құстар сияқты ұшамыз!

-Енді суреттен «Қолтық оюды» табамыз.

-Неліктен олай аталады?

-Оюды келтіреміз (Топ бойынша әртүрлі  қимыл-қозғалыс арқылы ою белгісін көрсету)

-Ол нені білдіреді?

— Қазақ халқы жерге төсейтін текеметке ұдайы бір ғана оюдың түрін салады. Себебі бұл ою «Хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, таяна отырып дем алыңыз деген қошемет-қонақжайлылықтың белгісі.

-Суреттерден «Қошқар мүйіз» оюын көрсетеміз.

-Неге олай аталады?

-Әл-ауқатымыз жақсы ,молшылықтамыз деген белгі.

Сұрақ: -Оюларды неде пайдаланған? -Қандай заттарды әсемдеген?

(Оқушылар жауаптарын тыңдау)

-Қазақ халқы тұрмысында тоқуда, тігуде, балқыту жұмыстарында, үй шаруашылығына керекті құрал-саймандарда, әшекей бұйымдарда, киіз үйлерді, киімдерді ,ыдыс-аяқтарды кілем,түскиіз, үй мүліктерін т.б заттарды оюлармен сәндеген.

-Оюларды заттардың  әдемі  болуы  үшін сәндеу, безендіру, әсемдеу үшін ойлап тапқан.

Слайдпен жұмыс (Суреттер көрсету)

Мұғалім:-Оюлардың әрбір формасы ,элементі өмірдегі құбылыстардан алынған.

Сұрақ:-Өмірдегі қандай құбылыстардан алынған?

Оқушы: -Мысалы: адам,құс, жан-жануарлар, аңдар бейнесінде,өсімдік, теңіз-су, жұлдыздар т.б құбылыстарды келтіру арқылы жасалған.

Мұгалім: — Қазір біз оюлардың басқа да түрлерімен танысамыз. Суреттерін көрсету арқылы элементтерін талдап көрсету.

oi

1.Теңіз белгісі  оюы  (теңіз толқыны)

  1. Қарға тұяқ оюы

3.Тарақ ою

  1. Итқұйрық оюы
  2. Бұғы мүйіз оюы
  3. Ирек ою
  4. Геометриялық фигуралардан құрастырылған ою
  5. Қоян құлақ оюы

(Айтылған оюлар элементтерін қосып, жалпы бейнелерін көрсету)

-«Қоян құлақ» оюына тоқталу. Тақтаға және дәптерге суретін салу.

-Ол неге ұқсайды? Неге олай аталынған?

 Сергіту сәті: «Сұр қоян» өлеңін қозғалысқа салып әндетіп айту.

  1. «Түйе табан» оюымен таныстыру. Тіл дамыту сабақтарында әртүрлі ертегілермен таныстық. «Қасқыр мен түйе» ертегісі бойынша көрініс қою.

Мұғалім: «Қатты қарны ашып, қай жерден тамақ табылады екен деп келе жатқан қасқыр  жерден көп іздерді көреді Ол ненің ізі екенін таба алмайды.

Қасқыр: -Е-е, бұл түйе екен ғой!

-Түйежан, бұл жерде жайылуға болмайды. Мен бұл жерді күзетемін.Сен тәртіпті бұздың. Сол үшін айып төлейсің, айыбыңа ботаңды аламын.

Түйе: -Қасеке, айтқаныңның бәрін орындайын, тек қана ботамды қайтаршы!

Қасқыр: -Ботаң неше жаста?

Түйе: — Мен ұмытып қалыппын.Бұрын осы ботамды боталағанда туған күнін тұяғымның астына жазып алған едім, келіп оқышы!

Қасқыр еңкейіп оқиын дей бергенде, түйе оның дәл шекесінен теуіп қап жібереді.Ол талып қалады, түйе мен ботасы қасқырдың есін жиғанын күтіп отырмай, қаша жөнеледі.

Содан бері қасқыр түйе жайылған  жерде жүрмейтін болыпты.

Сұрақ: — Қасқыр сөйтіп, ненің ізімен жүріпті?

-Түйенің тұяғының пішіні,  яғни ізінің формасы да оюдың бір түріне жатады  екен. Сондықтан да ол «Түйе табан» деп аталады.

Сұрақ: — Еліміздің қандай рәмізінде ою бейнеленген?

-Мемлекеттік туда.

-Онда оюдың қандай түрлері бар екен? Көңіл аударайық!

-Түйе табан, Қошқар мүйіз, Құс қанаты (Тудағы оюлар элементтерін жеке көрсету)

Бекіту

Мұғалімнің сөзі: — Ою-өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп,  латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнамент-көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы-сәндеу, әсемдеу.

Сәндеу, әсемдеудің  айналадағы  қоршаған дүниенің іспеттес элементтерінің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы  орналасқан көркем өрісі  мен құрылымын ою деп атаймыз.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп тараған түрі және жиі қолданылатыны «Мүйіз тектес» ою-өрнектер. Ғалымдардың айтуынша «мүйіз тектес» оюлар – ежелгі өрнек. Сондықтанда онда көбінесе мал шаруашылығы  мен көшпенді өмір салты бейнеленген.

Сұрақ: — Оюларды кімдер ойған?

— Мықты ою оюшы адамды кім деп атаймыз? (шебер,өнерпаз)

— Шеберлер жаңа ою-өрнектерін  тұрмыс-тіршілігіне , өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған.

— Ою бізге не үшін керек?

-Оюды қандай заттарға салған?

Қорытындылау             2 топқа  тапсырма                                                                                                                     1. «Өнер, шебер, өнерпаз» туралы мақал-мәтелдер  айту.

  1. «Шебер қолдар» тапсырмасы . Шебер қыздарымыз қалай ою қияды екен? (Түскиіз бен камзолды оюлар ойып, сәндеу)

2 топтың жұмысын салыстыру.

2 топтан белсенділік  танытқан оқушыларды мақтау, мадақтау. «Оюлардан естелік» сыйлықтар беру.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *