Басы » Бастауыш сыныптар » 4 санын қосу кестесі

4 санын қосу кестесі

Екібастұз қаласы № 26 мектеп – гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Мешимхан Саханқызы

Пәні: Математика.  1-сынып.

 Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі.

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік:  4-ті қосу кестесін құру, санның құрамы жайлы білімдерін бекіту;

Дамытушылық: топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

Білімділік: бірлесіп жұмыс жасауға баулу;

Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: Сын тұрғысынан ойлау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Ақпараттық  технология. Формативті бағалау.

Оқу нəтижелері:  4-ті қосу, азайту кестесін құрып есептей алады, топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.

Бағалау:  Өзін – өзі бағалау “Бағдаршам”

Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма.

Негізгі дереккөздер: АКТ, маркерлер, қарындаш, өшіргіш, кестелер.

Пән аралық байланысы: Ана тілі, дүниетану, жолда жүру ережесі, өнер, дене шынықтыру, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ кезеңдері Уа-

қыты

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
 

Ұйымдастыру

кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

Сабақта ынтымақтастық отмесфера қалыптастыру.

Оқушылар шаттық шеңберін құрады.

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Жұма күнгі сабақ,

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң,

Тек қана бестік болсын.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

Оқушылар мұғалімнің айтқан іс- қимылдарын қайталап, өлең жолдарын орындайды.
 

функцационалдық-орындаушылық кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

Оқушыларды алдын ала 4 топқа бөліп отырғызамын.  Өткен тақырыпты пысықтау үшін әр топқа өрнек шығару тапсырылады. Мозайка құрастыру.

Артында цирктің суреті жасырылған. «Цирк» суреті арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Мотивация:

-Балалар, «Циркке» барасыңдар ма?

-«Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз — ол біліміміз. Ендеше мына тапсырмаларды орындайық:

а) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.

–Бұл сөзде неше дыбыс? Неше әріп бар?

ә) 4 санының құрамын қайталау.

Тақырыпқа шығу. «4 санын қосу кестесі»

-Бүгінгі сабақта не туралы үйренеміз деп ойлайсыңдар?

 

Оқушылар топқа бөлінеді.

Оқушылар тақтаға шығып, өрнектің мәнін табады.

«Цирк» сөзіне дыбыстық талдау жасау арқылы сабақтың тақырыбын айтады.

 

 

Оқушылар өз ойларын айтады.

 

6 мин «Білу»  Негізгі кезең:

-Сонымен біз цирктеміз.

Цирк аренасына алдымен «Зебра» шығады.

–Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды тағы қайдан көрдіңдер?  (жолда)

-Ол нені білдіреді?  Балаларға жолдан өту ережесін айта кету.

Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік.    

Орындап жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің!

-Циркте жануарлар жанглерлардың тапсырмаларын орындайды. Зебраға мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық.

Дәптермен жұмыс:

№1 тапсырма.

-Қосылғыштарының бірі 4 болатын және азайтқышы 4 болатын өрнектер жаз.

Мәнін тап.

0+4    1+4    2+4    3+4    4+4   5+4    6+4:

10-4    9-4    8-4     7-4     6-4    5-4     4-4.

 

Аренаға екінші болып «Маймыл» шығады. Маймылға  логикалық тапсырма беріпті. Көмектесейік пе?

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі, балалар шешуін табады.

 

 Балалар өлеңді хормен айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтаға әр топтан балалар біртіндеп шығып, тапсырманы орындайды.

Ал, оқушылар дәптерге күннің жадын жазып,  тапсырманы көшіріп жазады..

 

 

 

Балалар логикалық тапсырмаларын оқиды, орындайды.

Жеке, топ ішінде талдайды.

 

Әр топтан бір бала ортаға шығып оқып береді, дұрыс жауапты ұсынады.

 

4 мин «Түсіну»

-Келесі болып аренаға «Қонжық» шықты

Қонжыққа берілген тапсырма кестені толтыру.

Флипчарт  №2 тапсырма

 

  3  4  5   6
        + 4

Интербелсенді тақтада жазу.

 

Оқушылар тақтаға барып жазады.
5 мин «Қолдану»

Сергіту сәті: Би қимылын жасау

 

Жұмбақ шешу арқылы келесі жануарды анықтау.

Қорықпайды еш аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

Олай болса келесі аренаға шығатын жануар — піл. Пілдің тапсырмасы есеп шығару.

Флипчарт:    «Есеп»

-Есептін шартын оқу, талдау жасау, шешуін шығару.

 

Оқушылар орындарынан тұрып қимыл жасайды.

Жұмбақтың шешуін табады.

Есепті оқиды, талдайды, бір оқушы тақтаға шығарады. Әр топ оқушылары  есептің шешуі мен жауабын дәптерге жазады.

4 мин «Талдау»

-Балалар сендердің алдарыңда зебра, аю, маймыл, піл  шықты.

-Ал, олар қандай жануарлар? (жабайы аңдар)

-Ал, сендер тағы қандай жануарлардың түрін білесіңдер? (үй жануарлары)

–Дұрыс, үй жануарлары. Оларға не жатады?

-Соның ішінде циркте үйретілетін үй жануарларын атаңдаршы.  (ит, мысық, ат, түйе)

-Келесі аренаға шығатын жануарлар «Иттер».

Иттерге берілген тапсырма:

Флипчарт:   «Ойлан, тап»:

 9 —          <   8          1

Тапсырма тақтада орындалып, дәптерге жазылады.

 

Оқушылар  олардың жабайы жануарлар екенін айтады

Оқушылар үй жануарлары туралы білетіндерін ортаға салады. Топта кеңесіп, әр топтан бір оқушы циркте үйретілетін үй жануарларын атап береді.

Оқушылар жеке дара дәптерлеріне орындайды. Топта талдап, әр топтан бір-бір оқушы шешуін айтады.

5 мин «Жинақтау»

Осымен  «Цирк» аяқталды.

-Сендерге цирк ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Онда не істедіңдер?

Әр топ оқушылары өз постерін қорғайды.

 

4 мин «Бағалау»

-Цирк өнерінің адамдар өміріндегі маңызы қандай?

Ойларыңды дәлелдеп беріңіздер.

Оқушылар өз  ойларын дәлелдеп айтып береді.
 

Рефлексия

 

 

2 мин Бүгін сабақта не білдім?

Не қиын болды? Сабақта не ұнады?

Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау. «Жасыл» — түсіндім, «сары» — түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, «қызыл»- түсінбедім.

 

 

 

 

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың мадақтау, бағалау.

Оқушылар ойларын ортаға салып айтады.

Оқушылар өзін — өзі «бағдаршам» әдісі бойынша
бағалайды.Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *