Басы » Оқушыларға » Өлеңдер » Қазақ елі

Қазақ елі

Қазақ елі

Әбдуәлі Бексұлтан

 Азаттық бүгін бізге мәлім болған

От болып жүректерге, жалын қонған

Арманы орындалып бабалардың

Солардың арқасы ғой бағың жанған

 

Ойымды айтар болсам бар білетін

Бер мен, тарихымның арғы бетін

Бабаларға  мұң шертіп жүрегімнен

Жырладым мен  де бүгін тағзым етіп

 

Керей хан алғашқы хан сайланған

Ол жылдары бір жайланған

Ел тыныш, жұр аманда қара халық

Беті –аузы, көңілдері бір майланған.

 

Хандыққа үлес қосқан аз-көбірек

Ойында бейбіт ел болу тым тезірек

Бұл қазақтың  екінші ханы болған

Бәрі білер бұл әрине Әз-Жәнібек.

 

Ел  үшін жанын қиған  батырғой бұл

Топ ішінен дара шыққан батыр дүлдүл

Батырлығын еске алып сағынумен

Талай ақын батырға арнады жыр.

 

Небір хандар аямай еңбек еткен

Ешбір жау ала алмаған оны беттен

Жер жүзіне мәлім болған Хақназар хан

Бұл ханды біз айтамыз  мақтанышпен

 

Қасқа жолды Қасымхан бар тағы да,

Қазақтарды жинаған өз жағына

Елін қорғап жаулардан ерлікпенен

Әп сәтте айналған ол ел бағына.

 

Есім ханның ескі жолы елге аян

Қарсы бетке тұра алмаған небір ноян

Жаулары есімге бата алмай

Қасқырдан қашып жүрген болған  қоян.

 

Жауды қалай  састырған Нұралы хан

Елін қалай қорғаған  Ералы хан

Осылардың ізін баса хан сайланды

Сөзге жүйрік, парасатты Айшуақ хан.

 

Тәуке хан «Жеті жарғы» жасағанда

Өшпестей мөрін тасқа қашағанда

Мінеки тарих болып бізге жеткен

Әлі де, талай шыңнан аса алар ма?

 

Ынтымақ, бірлік пенен достық бейбіт,

Ертеңге  қадам басты қазағым нық!

Үш жүздің басын қосқан хан Абылай

Мәңгілік  із қалдырды өшпестей ғып.

 

Бұл емес қазақта  ханның  бәрі

Кірген басқа хандармен елдің сәні

Қолға алған соңғы билік, соңғы демін

Елге мәлім қазақ ханы Кенесары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *