Басы » Оқушыларға » Өлеңдер » Мұзбалақ ақын – Мұқағали

Мұзбалақ ақын – Мұқағали

Мұзбалақ ақын – Мұқағали

Әбдуәлі Бексұлтан

  Ойымда сол күндегі Мұқағали,

Ертерек керек қылды бұл бір пәни,

Оны еске салады кең даламыз,

Тау мен тасы, өзен көл әр – бір қарүй.

 

Әндетіп келе жаттым мен баяулап,

Терең ойға шомылып келем мен жаяулап

Бір жанның көлеңкесі көрінгендей боп,

Қайта – қайта бұрылдым мен қарайлап

 

Жанымда сол бір ақын жүргендей боп,

Әзілдесіп сылдыр – сылдыр күлгендей боп.

Мен өзімді сол ақындай сезінемін,

Менімен  бірге өмір сүргендей боп.

 

Қарүйде жатыр едім көңілденіп,

Тақыр кілем, киізіме денем еніп.

Кенеттен ойыма ақын келді,

Денем кетті шымырлап желіп – желіп.

 

Ақынның құдіреті керемет қой,

Ойымды жаулап алды сол бір ой.

Шіркін –ай  «Менде осындай ақын болсам»

Санамда ертіп кетті сол бір жылы ой.

 

Төрдегі сары сандыққа дереу бардым,

Қолыма топталған суретті алдым.

Бұның бәрі Мұқағали суреті ғой

Естелігі маған қалған сол бір шалдың.

 

Шығып кеттім қарамастан үй бетіне,

Қайта – қайта келеді ол есіме.

Су бойын жағалап жүріп келем,

Білмеймін кеш болып кеткендейме.

 

Тамылжыған, мүлгігін айлы түнде,

Қарай бердім Мұқағали суретіне.

Еске алып ақынды өлең жаздым,

Көлеңкем түседі су бетіне.

 

Мұқағали су беретін шөлдегенде

Мұқағали сөз барма сен дегенде

Менің де тартуым бар саған деген

Осы өлең арналады бір өзіңе

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *