Басы » Бастауыш сыныптар » Дауыссыз дыбыстар. Түйе. Бота.

Дауыссыз дыбыстар. Түйе. Бота.

ddАтырау облысы

Индер ауданы

Кулагино ұлттық гимназиясы

Мұғалімнің атыжөні Бисенғалиева М.Қ. Кулагино ұлттық гимназиясы
  Сабақ атауы Ана тілі 22.01.2015ж Сабақ№ 1
Сабақтың тақырыбы Дауыссыз дыбыстар. Түйе. Бота.
Сілтеме Әдістемелік құрал, ана тілі оқулығы 1-сынып
Жалпы мақсаты Дауссыз дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау. Өлең мазмұнын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже 1.Ауызша және жазбаша тілдері, сөздік қоры, көру және есте
сақтау қабілеті дамиды.
2.Балалар сауатты және көркем жаза алады. 3.Дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.4. Топпен жұмыс жасай алады.5. Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
Негізгі идеялар Диалогты оқыту,АКТ-ны қолдану,сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,жоғарғы деңгейде сұрақтар дайындау, талантты, дарынды оқушылармен жұмыс,өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс,
Тапсырмалар /Wiki материалдары   Суреттер, интернет материалдары, дидактикалық материалдр.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті
2  минут 

 

 

 

 

Білу.

 

2 минут

5минут

 

5 минут

 

 

 

 

 

Түсіну

7  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

 

Қолдану

5 минут

 

 

Талдау

 

3 минут

 

 

5 минут

 

 

 

Жинақтау

5 минут

 

 

 

2 минут

 

 

2 минут

 

1 минут

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.

1.Тренинг.

Оқушылар дөңгелене тұрып, өз аттарының бас әріптерінен келетін сөзді айтып, аттарын атап, өздерін таныстырады.

  1. Топқа бөлу

Жұлдызшалар алу арқылы 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Өткен сабаққа тоқталу.

1.«Алма жинау» ойыны

Тақтаға терек ілінеді. Терекке артына сұрақтар жазылған алмалар ілінеді.  Оқушылар алманы бір-бірлеп алып сұрағын оқып, сұраққа жауап береді. Сұраққа жауап берген балалар формативті бағаланып отырылады.

1алма 1. Дауысты дыбыстарды ата

2 алма 2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3 алма 3.Сөз нелерден құралады?

4 алма 4. Дыбыстар немен таңбаланады?

5 алма.5.Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата.

  1. Мына сөздерден сөйлем құра.

Алма, алдым, сатып, мен.

  1. Топпен жұмыс.

«Бірге ойлаймыз»

1 топ. Малдың төлдерін табу.

2 топ. Төлді қалай шақырады.

3 топ. Мал атасын тап.

 

III. Жаңа сабақ.

1.Жаңа сабаққа түсу үшін жұмбақ шештіремін.

1 слайд.

Жұмбақ.

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.

-Қандай жануар? Түйе.

-Дұрыс, оқушылар, төрт түліктің бірі-Түйе.

— олай болса, біз бүгін Түйе туралы өлеңмен танысамыз.

-Түйенің баласын не дейді?

-Түйе және Бота туралы өлеңмен танысамыз.

-Тақтаға бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

  1. «Ой тастау» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қоямын.

— Оқушылар сендер түйе малы туралы не білесіңдер?

-Түйе малынан не алынады?

Оқушылар жауабын тыңдау.

2 слайд.

Интертақтадан суретін көрсете отырып оқушылар жауабын толықтырып, мағлұмат беру.

Түйе-киелі жануар.

Түйе-аштыққа, шөлге шыдамды.

Түйе-ыстық суыққа төзімді.

Түйе-ұзақ жүріске қажымайды

Сүтінен-шұбат, қымыран

Терісінен-аяқ киім, таспа, қайыс, ер қаптайды.

Жүнінен-жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. 

Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.  Маңғыстау, Қызылорда  облыстары түйе шаруашылығымен айналысады.

Түйе- қос немесе айыр өркешті және сыңар өркешті, яғни-Аруана түйе деп аталады екен.

          Аруана түйе.

 

  1. Сергіту сәті.

«Көңілді күн» 

  1. Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

-Оқушыларға тізбектеп, мәнерлеп оқыту.

  1. «Ой толғаныс»

-Оқушылар, ата аналарың сендерді еркелетеме?

— Қалай еркелетеді?

-Неліктен «Ботақаным», «Ботам», «Құлыным» деп еркелетеді?

— Себебі бота сүйкімді, әдемі, көздері үлкен, мөлдір қара. Сендерде сол сияқтысыңдар, сондықтан да  үлкендер осылай айналып толғанады.

  1. Дәптермен жұмыс.

20-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Оқушыларды кезек-кезек тақтаға шығарып, бір-бір сөйлемнен тақтаға жаздыру. Қарамен жазылған сөздердің астын сызғызу.

ІV.Жаңа сабақты пысықтау.

Топпен жұмыс.

«Ойлан, жұптас, талқыла»

1 топ.Түйе сүтінен не алынады? Оның пайдасы қандай?

2 топ. Түйе терісінен не жасайды?

3 топ. Түйе жүнінен не жасайды?

  1. Сабақты қорытындылау.

Сабақты оқушыларға сөзжұмбақ шешу арқылы қорытындылатам.

  1. Түйенің төлін қалай атайды?
  2. Түйені сауғанда не аламыз?
  3. Түйе иесі?
  4. Түйе үстіндегі екі тау сияқты денені қалай атайды?

Кері байланыс.

-Оқушылар бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

-Қандай сөздермен, немен таныстыңдар?

-Сабақ несімен қызықты болды?

-Бүгінгі сабаққа өз көз қарастарыңды смайликтер арқылы көрсетеді.

VІ. Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды формативті бағалап, жиынтық баға қоямын.

VІ. Үйге тапсырма.

Түйе. Бота өлеңін мәнерлеп оқу.

21- жаттығуды орындау.

Оқушылар өздерін таныстырады.

Жұлдызшалар алу арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар алманың сыртына жазылған сұрақтарға жауап береді.

Бірлесе ойлана отырып топтық жұмысты орындайды.

Жұмбақты шешеді.

Жұмбақты шешіп бүгінгі өтетін тақырыбымызды табады.

 

 

Бота.

 

 

Оқушылар түйе малы туралы не білетіндерін өздері айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтінде оқушылар әннің ырғағы бойынша билейді.

 

Оқушылар өздерін ата-аналары қалай еркелетіндіктерін айтады.

Оқушылар тақтаға бір-бірлеп жазады

Топпен жұмыс жасайды.

 

 

Жазғандарын қорғайды.

Оқушылар сөзжұмбақ шешеді

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді

 

Дереккөздер мен жабдықтар Мультимедиялық проектор, суреттер, түсті маркерлер,қарындаш,сызғыш,стикерлер.
Келесі тапсырмалар/портфолио/  Сабақ барысында орындалған жұмыстарын жинақтау.
Кейінгі оқу Қазақ әліпбиі. Жылқы.
Сабақты талдау  Алдыңғы сабақтарымды талдай отырып,  мынандай қорытындыға келдім:-оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға және талдай білуге үйрету;

-уақытты үнемді пайдалану, оқушыларды сауатты жазуға үйрету, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

сабақты бағалау
  • Не үйрендің?
  • Сабақ несімен ұнады?
  • Бүгінгі сабаққа көзқарасың?

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *