Индер ауданы
Кулагино ұлттық гимназиясы
Мұғалімнің аты—жөні | Бисенғалиева М.Қ. | Кулагино ұлттық гимназиясы | ||||
Сабақ атауы | Сауат ашу | Сабақ№ 1 | ||||
Сабақтың тақырыбы | «Ж» әрпі мен ж дыбысы | |||||
Сілтеме | Әдістемелік құрал, әліппе оқулығы 1-сынып | |||||
Жалпы мақсаты | Жж дыбысы мен әрпі бар сөздерді меңгерту. | |||||
Күтілетін нәтиже | Ж дыбысына қатысты сөздер ойлай алады, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады, буындармен сөз құрастыра алады, топпен, жұппен жұмыс жасай алады, | |||||
Негізгі идеялар | Диалогты оқыту,АКТ-ны қолдану,сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,жоғарғы деңгейде сұрақтар дайындау, талантты, дарынды оқушылармен жұмыс,өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс,жеке жұмыс. | |||||
Тапсырмалар /Wiki материалдары | Интернет материалдары, суреттер, жолбарыс, жарғанат, жусан, қима қағаздар. | |||||
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары | Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | |||
2 минут
Білу.
1 минут
5минут
5 минут
Түсіну 7 минут
Қолдану 5 минут
2минут
3 минут
Жинақтау 3 минут
1 минут
1 минут |
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Ал, қанекей, балалар, Бері қарай қарайық. Қажет-құрал, кітапты, Алдымызға алайық. Алаңдамай басқаға, Сабаққа назар салайық.
Жемістер таңдау арқылы топқа бөлінеді. Өткен сабаққа тоқталу. 1.«Ой қозғау» 1 слайд -Өткен сабақта қандай дыбыстармен таныстық? -Б дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерінде кездеседі? -С дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерінде кездеседі? -Ы дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерлерінде кездеседі? -Оқушылар осы дыбыстарға қатысты сөздер ойлайық. 2.Интербелсенді тақтаға жазылған сөздерді оқыту. 2 слайд. Бала. Сана. Ыдыс. Бота. Сона. Шыны. Арба. Маса. Тауық. Дорба. Аспан. Қасық.
Ойын. «Кім жүйрік?» 3 слайд Интербелсенді тақтаға буындар жазылады. Буындардан сөздер құрастыру. Ба та Шы ба Бо на Ар сық Са ға Қа ны Қо та Ма са
Жаңа сабақ. 1.Қызығушылықты ояту. Интербелсенді тақтадан видеоролик көрсетіледі. -Оқушылар не туралы көрдіңдер? -Жарғанат қандай құс? — Ол қандай жерлерде мекендейді? -Оқушылар осы Жарғанат деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр? Жж дыбысын айтқызу. -Жж дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз екенін қайдан білдіңдер? 2.Ойын. «Кім тапқыр» 4 слайд Оқушыларға жұмбақ жасыру. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан ұстайды, Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ) -Жапалақ сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? -Жапалақ сөзіне дыбыстық, әріптік талдау жасату. 3.«Кім көп біледі?» —Оқушыларға «Ж» дыбысы келетін сөздер айтқызу. Оқушыларды Формативті бағалап отырамын. «Ж» дыбысы сөздің ортасында, басында кездеседі, аяғында сирек кездеседі. 4.Оқулықпен жұмыс Бағанмен берілген сөздерді оқыту. Жусан –шөп. Ол далада өседі, оны мал азық етеді. (жусанды көрсету). Жусан Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас жусанға малды жайды. Мал тойынды.
«Көңілді күн» Топпен жұмыс. «Ойлан, жұптас, талқыла» І топ. Ж дыбысы бар сөздер жазу. ІІ топ. Берілген мәтіннен «Ж» дыбысы бар сөздерді табу. ІІІ топ. Берілген суреттер ішінен «Ж» дыбысы кездесетін суреттерді теріп жапсыру. Дәптермен жұмыс. Оң қолымызды жоғары көтеріп, қаламымызды ұстап «Ж» әрпін ауада жазайық. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық. -Тақтаға жазып көрсету. Үлгі бойынша дәптерге жазу. Сабақты бекіту. Ойын «Жапырақ жинау» Теректегі жапыраққа өтілген мәтін бойынша сөздер жазылып жапсырылады. Оқушылар жапырақтарды жұлып алып, сөзді оқып, ол сөзге дыбыстық талдау жасайды. Сабақты қорытындылау. «Тақырыптық түйінді сөздер» Сөздер банкасы Біздің банка
Бағалау Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Топтағы оқушылыр бірін-бірі бағалайды. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар формативті бағаланады. Рефлексия Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өздеріңе ұнады ма? Қандай жұмыстар жасадыңдар? Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?
|
Оқушылар сабаққа психологиялық дайындық жасайды.
Жемістер таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Өткен сабақтан алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді.
Интербелсенді тақтаға жазылған сөздерді оқушылар кезек-кезек оқиды.
Буындардан сөздер құрастырады.
Оқушылар видеороликті көре отырып бүгінгі өтетін тақырыбымызды ашады. Ж дыбысының дауыссыз екенін, себебі оның созылып айтатындығын айтады. Оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалап отырады. Жұмбақты шешіп, шешуіндегі сөзге дыбыстық талдау жасайды. Бағанмен берілген буындарды оқиды. Жусанның шөп екендігін, оны мал жейтіндігін, жусан шөбін көргендерін айтады. Әннің ырғағына билейді. Оқушылар ойлана отырып топтық жұмысты орындап, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.Оқушылар өз-өздерін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды. «Ж» әрпін ауада жазып, содан соң дәптердегі үлгі бойынша дәптерлеріне жазады. Жапырақ жинау ойыны арқылы сөздерді оқып, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Сабақты қорытындылауда банкадағы сөздерді оқып, өзіне қажет сөзді біздің банкаға салады. Бағдаршам түстері арқылы бағалайды. Сабаққа деген өз көңіл күйлерін жасыл, сары, қызыл стикер түстері арқылы смайликтерге жапсырады.
|
||||
Дерек көздер мен жабдықтар | Интербелсенді тақта, видеоролик, суреттер, түсті маркерлер,қарындаш,сызғыш,
стикерлер. |
|||||
Келесі тапсырмалар/портфолио | Сабақ барысында орындалған жұмыстарын жинақтау. | |||||
Кейінгі оқу | Жж дыбысы мен әрпін пысықтау | |||||
Сабақты талдау | Алдыңғы сабақтарымды талдай отырып, мынандай қорытындыға келдім:
-оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға және талдай білуге, мәтінді сауатты оқуға үйрету; -уақытты үнемді пайдалану, оқушыларды сауатты жазуға, әріп емлесін дұрыс салуға, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. |
|||||
Сабақты бағалау |
|