Арай Жумажанова
«Бойтұмарым – туған тіл. Родной язык – душа народа» тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиын.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Цель проведения мероприятия: активизировать и расширить имеющиеся знания учащихся о языке, воспитывать любовь интерес к языкам, дружбу и взаимопонимание между учащимися
Жүргізуші : Қош келдіңіздер, құрметті достар!
Ведущий: Добрый день, дорогие друзья!
Жүргізуші: 1: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін тіл мейрамына арналған салтанатты жиынды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ведущий 2: 22 сентября — День языков народа Казахстана. И сегодняшнюю линейку мы посвящаем этому празднику.
Әнұран
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін атап өткелі отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
Ведущий : Язык – это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек живет в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли, желания, чувства.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Олай болса,
Қымбат маған ана тілім, бал тілім, Қымбат маған дана тілім, ар тілім. Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, Ана тілім – ардақ тұтар алтыным. Ана тілін жырлап өткен талайлар, Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар — деп, тілге арналған өлең, жырларға кезек берелік.
Өлеңдер оқылады.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Родной язык!
Он с детства мне знаком,
На нем впервые я сказала «мама»,
На нем клялась я в верности упрямой,
И каждый вздох понятен мне на нем.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Но как родной люблю язык я русский:
Он нужен мне, как небо, каждый миг.
На нем живые трепетные чувства открылись мне,
И мир открылся в них.
Текут две речки в сердце, не мелея,
Становятся единою рекой.
Забыв родной язык, я онемею.
Утратив русский — стану я глухой.
Жүргізуші: Биылғы жылдың айтулы оқиғаларының бірі туған өлкесіне қара сөздің жауһарынан мәңгі ескерткіш орнатқан Мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкей 70 жасқа келді. Жазушыға Шығыс жұрты мәрмәрдан ескерткіш тұрғызды. Өскемендегі Комсомол көшесінің бойына орнатылған ескерткіш Ата Заңды ұлықтаған ұлық мереке күні ашылып, бұл салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге елімізге танымал ақын-жазушылар қатысты.
Ведущий: В глубинах народного языка отражается вся история духовной жизни народа. В сокровищницу родного языка одно поколение за другим складывает весь след своей духовной жизни.
Көрініс
Келесі көрінісіміз «Сөз қадірі» деп аталады.
Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария.
Автор : Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына:
Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады»
деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, – дейді.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табаннан таусылып, таба алмайды. Ойы сан – саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала : Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ, балам.
Автор: Деп, аталы сөздің шешуін айтыпты.
Жүргізуші: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
Ән « Менің өлкем »
Ведущий : Вот и подошла к концу наша линейка, посвященная Дню языков! Желаем всем всего вам доброго и прекрасного!
Жүргізуші: Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.- деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз
айтқандай өз еліміздің туын жоғары көтеріп, ана тіліміздің мәртебесін көтере білейік.