Басы » География » Ауадағы су буы,бұлттар.Атмосфералық жауын-шашын.

Ауадағы су буы,бұлттар.Атмосфералық жауын-шашын.

Атырау
Атырау қаласы
№32 орта мектеп
география пәні мұғалімі

Сырымова Назымгүл Калиденовна

Тақырыбы: Ауадағы су буы,бұлттар.Атмосфералық жауын-шашын.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, «Жел» тақырыбын қорытындылау негізінде білімді қалыптастыру, оқушыларға атмосфералық жауын — шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой — өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым — қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап.Түсіндіру

Көрнекіліктері: Оқулық,кесте, суреттер.

 

                                                          Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1Жел дегеніміз не?
2.Желдің пайда болуына не әсер етеді?
3.Желдің бағыты дегеніміз не?
4.Желдің жылдамдығын яғни күшін қандай құралмен өлшейді?
5.Желді өлшеуіш өлшем бірлік қандай?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

1 –топ Ауадағы су буы.

2-топ Бұлттар.

3-топ Жауын- шашын.

1.Құйып өткен жаңбырдан кейін көшеге қақ тұрып қалғанын талай байқадыңдар. Үйлердің шатыры, ағаштың жапырағы мен діңі, көкорай шалғын – бәрі суға малшынған. Бұлт сейіліп, Күн шыққаннан кейін су тиген заттардың бәрі де құрғайды. Осының алдындағы жаңбыр суы із-түзсіз қайда жоғалып кетті? Шынында су жоғалып кеткен жоқ, буға айналып, ауаға тарады. Ауа сияқты түссіз болғандықтан, бу көзге көрінбейді.Кез келген ауада белгілі бір мөлшерде бу күйіндегі су бар. Судың өте майда бөлшектері бөлмедегі ауаның құрамына да кіреді.

  1. Бұлт— атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттардың төмендегідей негізгі типтері болады: шарбы бұлттар — 10 км биіктікте кездеседі, жекелеген жұқа және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздес, будақ бұлттар — 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді жеке қалың бұлттар,қатпарлы бұлттар — 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір беткей бұлтты тұман құрады,найзағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары — негізі 1-4 км және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара тәрізді оте қалық бұлт массалары, жаңбыр бұлттары, немесе қарабұлт 2,5 км биіктікте, түрі — шеттері ыдыраған формасыз массалар тәрізді; олардан ұзақ ақ жауын немесе қар жауады. Осы негізгі бұлттар типтерінің арасында ауыспалы, қатпарлы-будақ, қазбауыр-қатпарлы бұлттар және тағы басқа түрлері бар.
  2. Тамшылар бір — біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды,
    яғни жаңбыр жауады.Жаңбыр бұлты жоғары өрлеген жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде жерге бұршақ жауады.Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір — бірімен жабысып қарға айналады
    Күзде, қыста және көктемде жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен жанасқанда бойындағы су тамшылары мұз қатып, шөп, бұта т. б. байланысқанда қырау пайда болады
    Қалың тұманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып, ұсақ қиыршық мұз сымғағ ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны қылау деп атайды.
    Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен ауаға су булары көп жинақталады. Жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т. б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни шық түседі.

IV.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:

1.Ой толғаныс. Семантикалық карта стратегиясы

Қар Бұршақ Атмосфера жаңбыр Сынап- барометрі Жауыншашын өлшеуіш Атмосфералық ылғалдылық Салыстырмалы ылғалдылық Гигрометр
Ауа қабаты
Бұлттан түсетін жауын- шашын түрлері
Жауын- шашынды өлшейтін құрал
Атмосфералық  қысымды өлшейтін құрал

 1-тапсырма  Географиялық диктант.

1-топқа

  1. Су буы салқындағанда қайтадан … күйге ауысады.
  2. Бұлттардың аспанды торлауы … деп аталады.
  3. Бұлттар пішініне қарай … бөлінеді.
  4. 2 км биіктікке дейін …түзіледі.
  5. Бұлттылық мөлшері … белгіленеді.

2-топқа

  1. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда … түзіледі.
  2. … үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды.
  3. Жауын – шашын жаумайтын … бұлт.
  4. … бұлт 800-1000 м биікте түзіледі.
  5. Жер бетінен жоғары көтерілген ауа шоғырланып … құрайды.

3-топқа

  1. 6 км биіктікте …  бұлт   түзіледі.
  2. … бұлттан жазда  нөсер  жаңбыр  жауады.
  3. Қыста жапалақтап қар  жауатын …  бұлт.
  4. … бұлт мұз  кристаллдарынан  тұрады.
  5. Ұзаққа созылатын ақ  жауын  …  бұлттан  жауады.

2-тапсырма Сәйкестендір

1-топқа.

Термометр                                            ауа ылғалдылығы

Анероид барометр                                ауа қысымы

Озон газы                                              тропосферада

Ауа райы түзіледі                                  стратосферада

 

 

 

2-топқа

Атмосфера                                                     озоносфера

Стратосферадағы маңызды қабат                 21 %

Бүкіл ауаның 80% қай қабаттта                    78%

Оттегі                                                             тропосфера

Азот                                                                ауа қабаты

3-топқа

Көмірқышқыл газы                                   сызық

Тропосфераның шекарасы                        50-55 км

Стратосфераның шекарасы                      15-18км

Изотерма                                                     760 мм

Қалыпты атмосфералық  қысым                  1%

3.Жұмбақтар шешу

1.Түбі тесік шелектен

Суы тамшылап тұрғандай,

Басталып еді ол еппен

Ақтарылды түк қалмай.

  1. Құлағы мен көзі жоқ,

Тіпті жоқ қол мен аяғы.

Бірақ, ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою салады

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

V.Қорытынды тест.

1.Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт:

  1. A) Будақ
  2. B) Қабат
  3. C) Шарбы

2.Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы

    А) Ауа температурасы.

    В) Атмосфералық жауын-шашын.

    С) Атмосфералық қысым.

  1. Атмосфераның төменгі қабаты

    А) Тропосфера.

    В) Стратосфера.

    С) Мезосфера.

  1. Тәулік ішіндегі ез жоғарғы және ез төменгі температура арасындағы айырмашылық

    А) Тәуліктік орташа температура.

    В) Температураның  тәуліктік амплитудасы.

   С) Ауа-райыныз өзгерісі.

  1. Ауаның құрамындағыең көп кездесетін газ.:
  2. A) оттегі
  3. B) азот
  4. C) көмір қышқыл газ.

6.Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:

  1. A) Ылғадылық
  2. B) Конденсация
  3. C) Амплитуда
  4. Үйге тапсырма: §30. Ауадағы су буы, §31 Бұлттар. §32 Атмосфералық жауын- шашын

VII. Бағалау

2 комментария

  1. касымова Самал

    Сәлем өте жақсы презентация көмегінізге рахмет

  2. касымова Самал

    Сабақ жоспары маған ұнады рахмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *