Сарқан облыстық көмекші мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Берчимбетова Еркен Бейсембековна
Айналадағы әлем
Сабақтың тақырыбы: Бөлме жиһаздары және күтімі.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жиһаз түрлерыін атап, еске түсіру.Жұмсақ. қаттылығын ажырату.Бөлмеге қажетті жиһаз түрлерімен таныстыру.Жиһаздарды бөлмелерге орналастыру.Сөз жұмбақ шешу.
Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың жиһаз түрлерін атап, еске түсіре отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жиһаздарды ажырата отырып, бөлмеге орналастыру арқылы ой-өрісін тереңдету.Сөзжұмбақ шешу, сұрақ-жауап, әңгімелеу арқылы ауыз екі сөйлеу тілін дамыту. Ертегі ойынын ойнау арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тазалыққа. Еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың түрі: ойын
Сабақтың көрнекілігі: Слайд. Үлестірмелі карточкалар, конверттер, суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақ жоспары мен таныстыру барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Біздер жақсы баламыз.
Өсті ақыл, санамыз.
Қонақтармен ең алғаш.
Амандасып аламыз.
Сынып кезекшілері: табиғат бұрышымен жұмыс.
-1 жылда 4 мезгіл бар
-Қазір қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде 3 ай бар.
-Бір айда 4 апта бар.
Жарқырап күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
2.Үй жұмысы: Балалар, өткен сабақта не туралы өттік? (жиһаздар).Жиһаздардың қандай түрлері болады? (жұмсақ, қатты).Жұмсақ жиһаздарға нелер жатады? Қатты жиһаздарға нелер жатады? Жиһаздар неден жасалады? Біздің мектепте қандай жиһаздар тұр? Жатын бөлмеде қандай жиһаздар тұр?
Слайд Жиһаз түрлерін көрсету.
-Ия балалар, сендер жиһаздардың бірнеше түрлерін атап көреттіңдер. Бір сөзбен қалай атаймыз? (жиһаздар)
Балалар қане бәріміз атсалысып сөзжұмбақ шешіп көрелік.Жұмбақты шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.
3.Сөзжұмбақ шешу: Міне балалар сөзжұмбақты шештік. Бір оқушы дауыстап шешімін оқу. Балалар біз бүгін бөлме жиһаздардың әр бөлмеге орналастырайық. «Бөлме жиһаздары және күтімі».
Аю есікті қағады: «Балалар тыңдандаршы есікті біреу қағатын секілді.»
Аю кірді: Сәлеметсіндер ме, балалар мен сендернден ақыл, кеңес сұрай келдім.Сендер жиһаздың түрлерін біледі екенсіңдер, менің үйімде жиһаздар жоқ, маған жиһаз керек еді. Балалар бұл не?» Балалар шуылдасып аю деп жауап берді.
Мұғалім: Аю бізден комек сұрап келіпті.
-Ал,қане балалар,аюға көмектесеміз бе? (Ия)
Аюдың апанын көрсету: (слайд)
Міне, аюдың апанында еш нәрсе жоқ екен.Ендеше біз үш топқа бөлінейік. Мен сендерге тапсырма беремін. Сол тапсырмаларды орындау арқылы аюға көмектесе аламыз.Әр топқа конверт беру, қанеконвертті ашамыз.Ішінде тапсырма бар . Конверттің ішінде жазылған сөздер бар екен.Алып оқып көрелік. Әр топтан 1-1 оқушы оқиды.
-Ас бөлмеге қандай жиһаздар керек.( Үстел, орындық, ыдыс сөресі)
-Жатын бөлмеге қандай жиһаздар керек.(шкаф, төсек, т/б)
-Қонақ бөлмеге ше?(Теледидар, диван, кресло)
-Әр топ бөлмеге керекті жиһаздарды тауып орналастырады.
Мұғалім: Балалар жиһаздарды жинастырып болсақ, аюға көрсетейік.Аю сенің үйінде осындай жиһаздар болу керек, енді балалар біз аюға суреттерді көрсетіп, жиһаздар дүкеніне барайық.
Дүкен: Біз дүкенге келдік. Қандай жиһаздарды аламыз? (Диван, кресло, шкаф, үстел, орындық).Дүкеннен сатып алдық енды осы жиһаздарды аюдың қоржынына салып берейік. Аю үйіне апарып орналастырысын. Аю бұл жиһаздарды қалай күту керектігін балалардан сұра, олар саған айтып, түсіндіреді.
Балалар: Аю мына жихаздарды күтіп ұста. Ағаштан жасалған жихаздарды сулы шүберекпен сүртіп, сынған жерлерін жасап қою керек. Ал жұмсақ жихаздарды шаңсорғышпен шаңын сүртіп, дақ түскен жерлерін арнайы су сабындармен тазалап сүртіп тұру керек.
Аю: жарайды балалар мен сендердің айтқандарыңды түсіндім. Сендерге көп рахымет. Мен үйіме қайтайын сау болыңдар.
Аю үйіне қайтады.
Слайд. Аюдың апаны. Міне аюда үйіне жетіп бөлмесін әдемілеп қойыпты.
4.Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сабдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен
Ықтып, ықтып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қаығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
5.Қарточкамен жұмыс.
Әр топқа каточкалар беру. Сурет арқылы әңгіме құрау, жиһаз түрлерін атап жазу.
6.Дәптермен жұмыс.
Қүн ретін жазу.
Жиһаз түрлерін жазып шығу.
- Бекіту сабағы: Тақтаға ас бөлме, қонақ бөлме, жатын бөлме жазуын іліп әр бөлменің жиһаз суреттерін ілу.
Жиһазды қалай күту керек?
Жұмсақ жиһаздардың дақтарын қалай тазылаймыз?
8.Үйге тапсырма.
Жиһаз туралы әңгіме құрап келу.
9.Бағалау.