Басы » Олимпиада тапсырмалары » Логикалық тапсырмалар #3

Логикалық тапсырмалар #3

1.Жүгіру ме, әлде жүру ме? Сіз қалай ойлайсыз- жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орында тұрып жүгіру деген де болады.

Жауабы:  Жүгіру мен жүрудің айырмашылығы қозғалыс шапшаңдығына байланысты емес. Жүру кезінде біздің денеміз ылғи да жермен аяқ нүктесі жанасып отырады. Ал жүгіру кезінде, кей кезде біздің денеміз мүлдем  жерден дараланып, онымен  ешбір нүктемен жанаспайды.

2. Екі жарылыс Неге булы қазанның жарылысы кезінде бу қысымының  атмосферасы 10-15 қана болғанымен, үлкен жарылыстар болуы мүмкін , ал гидравликалық  цилиндрдің жарылысында атмосфералық қысым бірнеше жүзге көтерілгенімен,  айтарлықтай  жарылыстар  болмайды?

Жауабы: Будың да,  газ сияқты сығымдылығы үлкен; ал сұйықтығы керісінше, аса баяу сығымдылық; сондықтан да бу  шағын ғана қысыммен (атмосфералық қысымы 15)  кеңейе келе, сұйықтықтың атмосфералық  қысымы   600 болғанына қарамастан, көп жұмысты атқара алады.

3. Доңғалақтағы ауа Көлік доңғалағы оңға қарай айналады, ал оның тоғыны сағат тілінің бойымен айналады. Сұрақ: Сол кезде резеңке доңғалақтың ішіндегі ауа қай жаққа орнын ауыстырады?

Жауабы: Доңғалақ ішіндегі ауа қысым келген кезде бір уақытта екі жаққа бірдей – алға және артқа  қозғалады.

4. Мақта талшықтары Ежелден адам баласы мақта талшықтарын өз мұқтаждығында қолдынып келеді. Ал қандай мақсатпен мақтаның жібектей жіңішке  талшықтары өсімдіктің өзіне қызмет етеді

Жауабы: Мамықтай жеңіл, әрі ұзын мақта талшықтары мақтаның тұқымына өзіндік парашют қызметін атқарады. Бұл мықтап бекілген тұқымдары бар   талшықтарды  жел үйіріп, оларды жан-жаққа шашады.

5. Ауыспалы мағына Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз?

Жауабы: Біз сағатқа қараған кезде, нешеден болмасын он минут кетіп тұрған жағдайда.

6. Жүктің салмағы Адам орындықтан секіреді.Оның қолында тағазы, ыдысында10 кгсалмағы бар жүк жатыр. Құлап келе жатқанда таразының тілі қай бөлікте тұрады?

Жауабы: Нөлде.

Аударған Әділова Еркемай
Екібастұз қаласы 
№ 25 қазақ қыздар гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *