Басы » Информатика » Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістірубет 133

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру

DSC00511Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,

Көктал ауылы, «Көктал орта мектеп-бақша» КММ

Жазыбаева Нургуль Айткаримовна

Сабақ тақырыбы Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.
Сілтеме Күнтізбелік-тақырыпты жоспар 6 сынып информатика
Жалпы мақсаттары Оқушылар  Word мәтіндік редакторында  объектілерді және көркем жазуларды үйренеді, ойлау қабілеттерін дамытады, шапшаңдыққа дағдыланады.
Түйінді идеялар Word-тың графикалық  мүмкіндіктері
Оқыту нәтижелері Word-қа обьектілер қояды, көркем жаза алады.
Ресурстар Интербелсенді тақта,  таратпа тапсырмалары, слайд, таудың суреті, компьютерлер
Дереккөздер
  1. Е.Қ.  Балапанов, Б. Бөрібаев «Информатикадан  30 сабақ» Алматы  2002 ж.

Н.Т.  Ермеков, С.П. Давиденко  «Информатика»  әдістемелік  нұсқаулық 8–сынып

Әдіс-тәсілдер  «Тест әдісі», «Ойлан, жұптас талқыла», «Insert әдісі», «Бес саусақ» әдісі.

жеке-жұптық-топтық-ұжымдық

Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері:

1.Ұйымдастыру.

3 минут

 

 

 

Интерактивті тақтадан жас ерекшеліктерін ескере отырып, сергіту сәтін көрсетемін.

 

Топқа бөлу: «Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру» деген сөйлемді оқушы санына байланысты буындарға бөлдім.

 

 

 

Іс-қимылдарды қайталайды.

 

 

І- топ: Графикалық  объектілерді және деген сөздерді құрастырды.

ІІ-топ:  көркем жазуларды кірістіру деген сөздерді құрастырды. Нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбын анықтады.

Оқушылар күн ретін, жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

7 минут

 

Тапсырма №1

Өткен тақырып бойынша ИТ арқылы

6 сұрақтан құралған тест аламын.

  1. Кесте деген не?

А) Бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат;

В)  Кесте–бұл енгізілу үрдісі

С)  Аяқталатын мәтіннің бір бөлігі;

  1. Кесте құру жолдары қандай?

А) Главная-таблица;  В) Вставка-таблица;

С)Вид-таблица;

  1. Ұяшықтарды біріктіруді көрсет.

А) Ұяшықтарды белгілеп, объединить ячейки;

В) Ұяшықтарды белгілеп,  разделить ячейки

С) Вставить ячейки

  1. Ұяшықтарды бөлуді көрсет.

А) Вставить ячейки;

В) Ұяшықтарды белгілеп,  разделить ячейки;

С) Ұяшықтарды белгілеп, объединить ячейки.

  1. Ұяшықты нелер құрайды?

А)Жолдар мен бағандар; В) Кестелер мен жолдар; С) Бағандар мен пішімдер

  1. Дайын кестеге бағанды қалай қосады

А) Таблица-добавить строки

В) Таблица-добавить столбцы

С) Таблица-добавить ячейки

Тестің дұрыс жауабын ИТ-дан көрсетемін.

Әр оқушы тестке жауап береді.

Тестің дұрыстығын оқушы интерактивті тақтададағы дұрыс жауаптарымен салыстырып, өзі тексереді.

 

  1. Жаңа білімге дайындық

8 минут

Тапсырма №2

ИТ-да оқушыларға слайд арқылы әртүрлі қаріптермен жасалған,  көркем жазулардың үлгісін көрсетемін.

«Ойлан, жұптас талқыла» атты тәсіл қолданамын. Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылаймын және бағалау парағына белгілеп отырамын.

Төмендегідей сұрақтар қоямын:

  1. Тақтадан не көрдіңдер?
  2. Графикалық обьектілер мен көркем жазулар не үшін қажет, маңызы неде?
  3. Компьютерде көркем жазулар мен графикалық обьектілер қалай жасалады ? Қандай қадамдар жасаймыз?
  4. Бұл шешімге қалай келдіңіз, тәртібі бар ма?
  5. Қалай дәлелдей аласыз? Тәжірибе арқылы жасап көрсет

 

Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, өз ойларын айтады.

Содан сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтын мақсатын айқындайды.

Қойылған әрбір сұраққа оқушы  өз ойлары мен пікірлерін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) талқылайды, пікірлеседі.

Әр топ кезегімен ортақ тізімге бір-бір сөзден қосып, тізбек құрады.

 

  1. Жаңа сабақ

8 минут

Тапсырма№3 Мәтінмен таныстыру.

Оқушылар бүгінгі жаңа сабақты  Insert әдісімен оқуды ұсынамын.

Word-қа көркем жазуларды қалай енгіземіз? Орындалу реттілігін интерактивті тақтаға жазып дәлелде.

Командалар тізбегін жаз.

Word-қа автофигураларды қалай қоямыз?

Командалар тізбегін интерактивті тақтаға жазып көрсет.

Оқушылар жаңа сабақты өз бетімен оқып, топта талқылап, ортақ шешім шығарады. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып интерактивті тақтаға орындалатын тізбекті жазып көрсетеді.
  1. Бекіту

10 минут

 

Тапсырма №4

Жас ерекшеліктерін және қабілеттілік қасиеттерін ескере отырып, үлестірме жұмыстар таратамын.

 

Жаңа тақырып бойынша деңгейлік  тәжірибелік тапсырмалар  беремін.

 

 

 

 

Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындайды.

 

Міндетті деңгей

Жаңа тақырыптың атауымен рефераттың бірінші бетін жаса.

Лайықты деңгей

Өз хабарламаңды құрастыр!

Жоғарғы деңгей

«Болашақ мамандығым» атты шағын эссе көркемдеп жаз!

  1. Қорытындылау

5 минут

Тапсырма №5

«Бес саусақ» әдісі арқылы

  1. Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?
  2. Не ұнамады?
  3. Маған сабақта ұнады
  4. Маған бүгінгі сабақта көмектесті
  5. Бүгінгі көңіл күйің
Оқушылар ақ қағазға қолдарын салып, саусақтардың ішіне сұрақтарға жауап жазады
  1. Үйге тапсырма

2 минут

Суреттер мен жазуларды пішімдеу жайлы оқып келу.  Сканер арқылы өз суретін компьютерге енгізу және керекті суреттерді  флэшкаға  басып әкелу. Үй тапсырмасын жазып алады.
  1. Бағалау

2 минут

Табыс критерийлері бойынша бағалаймын.

Бағдаршам арқылы бағалаймын.

Бағаларын күнделікке қойғызады.

Жаңа сабақты түсінуін бағдаршамның түстері арқылы көрсетеді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *