Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы,
Саналы ауылы
«Қаражантақ орта мектебі »
Нұрғалиева Айгүл Тоқтыбаянқызы
Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Музыка ойнап, әсембезендірілген залға балалар келіп кіреді.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер дейміз! Бұл мереке сіздердің балаларыңыздың мектеп табалдырығындағы алғашқы мерекесі. Сондықтан осы алғашқы мерекелеріңізбен құттықтаймын! Осындай мерекелі, берекелі қуанышты күндеріміз көп болсын деп тілейік. Ал енді балаларымыздын дайындаған концерттік бағдарламасын бастайық. Сіздер қол соғып, балаларымызды қолдап отыруларыңызды сұраймыз.
Темірлан: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Алтын күзді бастайық
Алияр: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
алтын күз мерекесі, тойымызға
Темірлан: Елімізге келіпті ғой алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады
Қандай екен алтын күз.
Ілияс: Өрік, алша,
Шие, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Алияр: Құтты болсын тойымыз
Сәтті болсын ойымыз.
Бүгінгі мына мерекеде,
Той тойлайық бәріміз.
Рауан: Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық
(шашу шашылыды)
Темірлан: Ал, қанеки ата-аналар,
Енді бері қараңыздар.
Бізге қонақ келмекші
Сіздерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңыздар шешімін,
Қонақтарымызды дәл ортаға шақырам.
(Ата-аналарға жұмбақ жасыру)
1. Жұмбақ: Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмеймін,
Піспей тұрған кезімде, менен аулақ жүр!-деймін
(Музыка ойнап, өрік келіп кіреді).
Дастан: Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Дәрумендер көп менде,
Дәмін татып көр сенде.
Қызыл, жасыл, сары түсті.
Сорттары бар әр түрлі
Нұртілек: Алма
Мен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
тәп тәттімін жеп көрсең,
Дәмім естен кетпес енді.
Жасыл, домалақ өсемін салбырап
Айназ: Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Түсім жасыл болғанымен,
Дәмім тәтті, сен білсең
Қызыл, ұсақ, қышқыл
Гүлназ: Шие
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Серікбол: Алмұрт
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
шырыным көп өзімде.
Бөлісем сенімен, жеп көрсең
Нурай: Шабдалы Аузыңнан кетпес бар дәмі,
Менің атым-шабдалы.
Өсімдікпін пайдалы
Замира: Ұлкен болып құлпынай
Пісіпті ғой, шіркін –ай!
Құлпынайдың дәмінен
Көруге жұрт ынтық-ай!
Өте жақсы ата-аналарымызбен бірге жеміс-жидекпен көкөністерді есімізге түсірдік.
«Көкөністер дауы»
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, қияр мен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Айназ: жиналып қалыппыз бәрміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Алияр: (ортаға Бұршақ жүгіріп шығып):
кішкене түймедеймін,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріне!
Арнұр: Қызылша: менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ жасалмайды,
Винегретте болмайды
Есболат: Қырыққкбат: мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді тамақ қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Нұрай: Қияр: дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Аян: Шалқан: кім білмейді шалқанды,
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарханды.
Жанайдар: Сәбіз: кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды басқадан!
Мансур: Қызанақ: піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл тұсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген
Рустам: Пияз: боламын мен демдеші,
Балық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға!
Нұрайлым: Картоп: мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Айназ: Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатып!
Рауан: Көкөністер бәріде,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Өте жақсы, балалар! Енді бізідің екінші кезегімізге көшсек. Бұл кезеңіміз жарыс кезеңі. Балалар топ топ бойынша орналасыңдар.
Бүгінгі біздің «Арайлы алтын күз» атты мерекеміз сайыс түрінде өтеді. Сайыс түрлері мынандай:
- Таныстыру. Әр топ өздерінің топ ататрын таныстырады
- Күзгі өнімдерден жасалған- Экибана. Қолдан жасалған композицияларын қорғайды.
- Музыкалық сәлем.
- Күзгі сән үлгісі.
Сайысқа төрт топ қатысады. Олар:
- «Алмалар» тобы Аян
- «Жапырақтар» тобы Есболат
- «Алмұрттар» тобы Рустам
- «Сәбіздер» тобы Серікбол
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазы алқаларымен танысып алайық.
1.
2.
3.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлмі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық. Ортаға 1 топ «Алмалар» тобын шақырайық.
(топ мүшелері келіп өздерін таныстырады)
Біздің топ: «АЛМА»
Қызыл, жасыл, сарымыз
Бәріміз де алмамыз
Жарысуға келдік біз
Биік шыңға шығамыз
Келесі топ «Жапырақ»
Жапырақпыз, жайқалып біз өсеміз.
Күннің нұрын, таза ауаны сүйеміз.
Достық туын әрқашанда биік ұстап
Жапырақтай биіктерге жетеміз.
Ортаға «Алмұрт» тобын шақырамыз
Шырыны мол жеміспіз,
Жеп көр өзің, сенбесең.
Дәрүмендер әр түрлі
Бойымызға сіңрген
«Сәбіз» тобы
Өсіреміз бойыңды,
Дамытамыщ ойынды.
Қоянға да азықпыз-
Сәбіздерміз жазықсыз.
Ал құрметті көрермендер. Міне бірінші кезеңімізде өтті. Әр топ өздерін таныстырды. Енді топ басшыларын сынап алайық. Топ басшылары ортаға келсе. Сендер қазыр мына ілініп тұрған жапырақтарды үзіп алып, соның артындағы тапсырмаларды орындайсыңдар.
Бірінші болып «АЛМА» тобынан Аян бастайды.
І-тапсырма 1-10ға дейін сана.
ІІ-тапсырма 1тақпақ айтып бер. Жарайсың, рақмет орыныңа жайғаса ғой.
Келесі «Жапырақ» тобының басшысы Есболатты қарсы алайық.
І-тапсырма 10-1ге дейін кері сана.
- «Жалқаубек» әнін айтып бер. Рақмет! Есболатқа қол соғайық.
Келесі «Алмұрт» топ басшысы Рустам.
І-тапсырма: санамақ айтып бер.
ІІ-тапсырма Дыбыстар қандай екі түрге бөлінеді? Өте жақсы.
Келесі «Сәбіз» тобының басшысы Серікбол ортаға шық.
І-тапсырма Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Қай түске боялады?
ІІ-тапсырма Қоян туралы тақпақ айтып бер.
Көп рақмет топ басшылар өздерінің білімдерін көрсете білді деп ойлаймын.
Ендігі келесі сайысымызға көшейік. Әр топ күзгі өнімдерден экибана дайындау керек еді. Сол экибаналарын қазыр таныстырады. Сіздер қол соғып, қошеметтеп отырыңыздар.
«АЛМА» Рауан
«Жапырақ» Арнұр
«Алмұрт» Ілияс
«Сәбіз» Алияр
Жарайсыңдар, балалар! Барлықтарың да керемет дайындалыпсыңдар.
Ал енді құрметті ата-аналар, балалар келесі музыкалық сайысымызға дайындалғанша сіздермен ойын өткізейік. Маған екі ата-ана қажет. Бұл ойынымыздың аты «Бұл қай жеміс?». Сіздер қолдарыңызға қолқап киіп, жұмылған көздеріңізбен қолдарыңыздағы жемісіті табуыңыз қажет. Дұрыс жауабы көп сайыскер- женеді.
- Картоп
- Алма
- Қызанақ
- Құрма
- Апельсин
4 сайыс ол музыкалық сәлем сайысы. Бұнда әр топ өздерінің музыкалық шеберліктерін көрсетулері қажет. Онда қарсы алайық, ортада «Алмалар» тобы.
«АЛМА» «буги буги» биі
«Жапырақ» Темірлан «Джентельмен» биі
«Алмұрт» Айназ «спорт» биі
«Сәбіз» Нұрайлым «Біз бақытты баламыз»
Біздің сыныпта мың бұралғанбишілер мен жезтаңдай әншілер де бар екен. Қандай керемет. Рахмет балалар. Ендігі кезекті тағы бір ойынға берсек.
«Қай жеміс» ойыны.
Өте жақсы, рахмет сіздерге. Балаларымыз дайын болса келесі сайысымзды тамашалайық. Бұл сайыста балалар күзгі сән үлгісін дайындап келулері керек еді. Ал онда сәңгерлерімізді ортаға шақырайық.
(әдемі әуенге балалалар дайындаған киімдерін көрсетеді)
Өте жақсы. Әр топ өздерінің шығармашылықтарын көрсете біліпті. Рахмет балалар.
Міне осымен біздің сайыстар да өз мәресіне жетті. Ендігі кезекті әділ қазылар алқасына берейік.