Ардак Сулейманкулова
Сабақтың тақырыбы:Қуыр,қуыр,қуырмаш интеллектуалдық ойын
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын нығайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілетін дамыту.2.Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту.Оқушылардың сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.3. Оқушыларды шапшаңдыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер,тапсырмалар
Әдісі: Сұрақ-жауап
Түрі: интеллектуалды дамытпалы ойын сабақ
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар, « Қуыр,Қуыр ,Қуырмаш» атты интеллектуалды дамытпалы ойын сабаққа қош келдіңіздер. Бүгінгі «Қуыр,Қуыр,Қуырмаш » атты интеллектуалды дамытпалы ойын сабақтың мақсаты сендердің тапқырлықтарыңды, шапшаңдықтарыңды, тапсырманы жылдам, дұрыс орындаудағы шеберліктеріңді шыңдауға, ойын болған жерде жеңімпаз топты анықтауға арналған.
- Қазылар алқасын сайлау.
2. Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.
3. Оқушыларды топқа бөлу.
Топ аттарымен таныстыру:
1 топ-«Қошақан»
2-топ: «Ақ лақ »
3-топ: «Балапан»
2. Топ басшыларын сайлау.
Қуырмаш: Сен қошақанына бар
Сен балапанына бар
Сен ақ лағына бар –деп әр топ мүшелерін орнына қайтарады.
( қатысушылар орындарына отырады.):
Әр топ өз ұрандарын таныстырады.
«Қошақан » ұраны
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бүлтиып тұр бүйірің;
Қай өрістен тойдың.
«Балапан » ұраны
— Балапандар біз боламыз,
Қошақаннан қалмаймыз,
Бәрін артта қалдырып
Жеңіс туын аламыз.
«Ақ лақ » ұраны
Шөре,шөре,лағым,
Тентек болма,шырағым.
Секектеме,деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
II.Сабақ 6 кезеңге бөлінеді:
Ойынымыздың шарттарымен таныстырсам
1 кезең: «Қас – қағым сәт» (Сұрақ-жауап)
Әр топқа 7 сұрақтан қойылады. Жоғары ұпай-5
2 кезең: “Сыр сандықтың құпиясы”
- Математикалық жұмбақ (әр топқа 2 жұмбақ)
- «Ойна да, ойла»
Математика, ана тілі пәні бойынша тапсырмалар орындау.
3-кезең: “Қалт етпей қағып ал, жауабын тез тауып ал” ойыны
4-кезең :«Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Араласып шашылған дәнді дақылдарды әр ыдысқа жинау.
Қай топ көп жинайды, сол топ жеңеді.
5-кезең: «Кім тапқыр?»ойыны
6-кезең:Өнер көрсету.
Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда
1-кезең : «: «Қас – қағым сәт» » (Сұрақ-жауап)
Бұл жерде сендердің тапқырлықтарың, зеректіліктерін, жылдамдықтарын керек. Әр топқа 7 сұрақтан қоямын, ойланып жауап береміз.
«Қошақан» тобына.
- Қай құс қыстап қалады? –Қарлығаш,аққу ,қарға
2. Аң патшасын ата? – Қоян, арыстан, аю
3. Көктемнің бірінші айы? Наурыз, қаңтар, қыркүйек
4. Оқушыға не керек? — ойыншық, білім, ақша
5. Таңертең қандай құс адамдарды оятады?
— Торғай, қораз, сауысқан
6.Дәріханадан біз не сатып аламыз? – нан, дәрі, кітап
7.Әкеңнің әкесі сендерге кім болады? — аға, ата, ана
«Балапан» тобы:
- Қай жануар қыста ұйықтайды? (тиін, аю,қоян)
2. Қыс айын ата? — қыркүйек, желтоқсан, сәуір
3. Оқушы сөмкеге не салады? Сүт, кітап, қуыршақ
4. Анаңның анасы сендерге кім болады? Ана, тәте, әже
5. Үй құсын ата? — аққу, үйрек, тырна
6.Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді? (кірпі,тасбақа,қоян) - Түнде аспанға не шығады? — күн, ай, кемпірқосақ
«Ақ лақ» тобы:
- Оқушының үстелі? –тақтай, парта, диван
2. Жаңбырдан кейін аспанға не шығады? Жұлдыз, кемпірқосақ, ай.
3. Қорқақ аңды ата? Қасқыр, қоян, аю
4.Үй жануарын ата? Қозы, киік, керік
5. Қой маңырайды, сиыр. (шақырады,мөңірейді,ақырады
6. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс, күз . көктем
7. Орман емшісі қай құс? Көкек, тоқылдақ, шағала
2-кезең: “Сыр сандықтың құпиясы”
- Математикалық жұмбақ (әр топқа 2 жұмбақ)
- Тышқаннан басқа батпаған, бір шланг, төрт баған.
2.Мың найзалы жалғыз батыр, жауларын алғызбай тұр
«Ойна да, ойла »
Математика бойынша әр топтарға есептер шығарту.
«Қошақан»тобы: 1 Өрнектің мәнін тап.
7+3 30+20
8-7 40+30
5-0 100-30
2. «Анаға сыйлаймыз» туралы өлең оқу
3.Сәйкестендіру тесті:
Арыстан маңырайды
Қой кісінейді
Түйе ақырады
Сиыр боздайды
Жылқы мөңірейді
«Ақ лақ » тобы:
- Математикалық жұмбақ (әр топқа 2 жұмбақ)
А)Егіз қайық бой – бастары тең өскен,
Іске дайын, бұтақтары бес –бестен.
Ә)Екі ағайынды, екеуі де бір үйде,Бірін – бірі көрмейді.
Бір торда үш қоян отыр еді.
Үш оқушы бір –бірден таратып алды.
Сонда торда әлі де бір қоян қалып қояды.
Ол қалай?
9+1 60+20
6-4 70+30
8-0 100- 80
2. «Ақ бұзау» өлеңін оқып беріңдер
3.Сәйкестендіру тесті:
Қоян балапан
Тауық көжек
Жылқы лақ
Аю құлын
Ешкі қонжық
«Балапан » тобы: .
- Математикалық жұмбақ (әр топқа 2 жұмбақ)
А)Екі аяқты бір ізді, үстіне адам мінгізді?
Ә)Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан – жағыңа қарамай?
1.есепте:
5+2 50+40
4+4 70+20
7-0 100-20
2.«Не тәтті» әңгімесінде Жиренше шешен балаға қандай сұрақ қойды?
3.Сәйкестендіру тесті: Әр араға өз гүлін табуға көмектес!
7 |
8 |
10 |
9 |
6+4 |
5+3 |
5+4 |
6+1 |
3-кезең: “Қалт етпей қағып ал, жауабын тез тауып ал” сайысы
1.Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он
2.Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool
- Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея – snake - Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther - Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book - Күш – білімде, білім – …(кітапта)
7. Еңбектің наны тәтті, …жаны тәтті (жалқаудың)
8. Денсаулық – зор …(байлық)
9. Кітап – білім бұлағы, …– өмір шырағы (білім)
10. . Отан отттан да…….. /ыстық/
4-кезең «Кім шапшаң» ойынын ойнау .
Шарты:Араласып шашылған дәндерді (2 минут ішінде жинау).
5-кезең: «Кім тапқыр» ойыны
«Қошақан » тобы:
1) Кім барлық тілде сөйлей алады?
2) Елекпен су әкелуге бола ма?
- Бұзауда- төрт аяқ, адамда ……. (2 аяқ)
4. Ешкінің төлі…………… (лақ)
5. Қуыр,қуыр қуырмаш ………………
6. Мақта қыз бен қоян… (қатесін тап)
7. Д әріпінен басталатын бес ұлдың атын айт………
«Ақ лақ» тобы:
1) Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
2) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?
3.Сауыншы сиыр сауады.
Тігінші………… (тігін тігеді )
4.Өзіңді неден көре аласың……? (айнадан)
5.Орман дәрігері……………….. (тоқылдақ)
6.2 қоянның неше құлағы бар?
7. Есектің неше мүйізі бар….? (жоқ)
«Балапан»тобы:
1. Отқа жанбас суға батпас…….. (мұз)
2. Дәрі-дәрмек сататын орын….. (дәріхана)
3. Жалқау,мұртты,ұйқышыл…….. (мысық)
4. С әріпінен басталатын бес қыздың атын айт………
5) Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер
оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады.
Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі – берлі тасып әлек. Бұл не?
- 3 түйеқұс ұшып келеді. 1-і аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
7) Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
6-кезең:Өнер сайысы.Әр топ өз өнерлерін көрсету.
Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау- деп сөзді әділ-қазыларға беру.
Оқушыларды марапаттау