Басы » Tәрбие сағаттары » Қазақша білесің бе?

Қазақша білесің бе?

Тақырыбы: «Қазақша білесің бе?»

(Бұл іс-шара бастауыш сыныптарының пәндер онкүндігі шеңберінде 3б сыныбымен өткізілді.)
Іс-шараның мақсаты:

1Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау, қазақ тілінде ойларын жеткізе алу қабілетін шыңдау, өткен сабақты қорытындылау.

2) Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыта отыра, қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ

Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, карточкалар, сағат, фигуралар кескінделген парақтар

                                                           Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушыларды түгендеу;

Ә) Сабаққа бет бұру

Мұғалімнің сөзі:  Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, қазір бізде қандай сабақ?

-Иа. Сендерге қазақ тілі пәні ұнай ма?

-Қазақша қандай сөздерді білесіңдер?

-Ендеше, бүгінгі сабағымызды Асқар ағамыздың «Мен қазақтың тілімін»

деген өлеңімен бастаймыз.(слайд2)

Мен қазақтың тілімін,

Беретін көп білімім.

Достасатын сендермен,

Жаңа пәннің бірімін.

-Енді сабағымыздың кезеңдерімен танысайық. (слайд3)

  1. «Қазақшаңыз қалай?»
  2. «Сағат неше?»
  3. «Сандарды қазақша білесің бе?»
  4. «Тапсырмалар».

 
Бірінші кезең бойынша дұрыс жауабын табу керек. Алдарыңызда көтеріп отыратын а,ә,б,в әріптері қойылған, әр дұрыс жауапқа бір жұлдызша беріледі.

  1. Әр адамның … тілі болады.

А) әже

Ә) ана

Б) әке

В) аға

  1. Қазақстанда мемлекеттік тіл- … тілі.

А) украин

Ә) орыс

Б) қазақ

В) жапон

  1. Біз қазақ тілі сабағында … .

А) есеп шығарамыз

Ә) мәтін оқимыз

Б) доп тебеміз

В) суға шомыламыз

  1. Мектепте балалар… алады.

А) білім

Ә) киім

Б) қоңырау

В) тамақ

  1. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

А) Казахский язык-мой родной язык.

Ә) Казахский язык-государственный язык.

Б) Казахский язык- богатый язык.

В) Казахский язык – независимый язык.

  1. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А) математика

Ә) матиматика

Б) мәтематика

В) мотиматика

  1. «Қазақ тілінде сағат білесің бе?»
  • Жетіден он бес минут кетті.
  • Тоғызға он минут қалды.
  • Үш жарым.
  • Тура алты.
  • Төрттен жиырма бес минут кетті.
  • сегізге он бес минут қалды.

Әр оқушы алдарында жатқан сағаттарды берілген тапсырма бойынша қояды, дұрыс жауап үшін тағы да жұлдызша алады.

  1. «Сандарды қазақша білесің бе?»

1976, 1813, 2002, 1718, 200, 1000, 13, 100.

Қол көтеру арқылы сандарды сөзбенен қазақша оқиды. Қай бала көп, әрі

дұрыс жауап берсе, сонша жұлдызша алады.

Санамақты оқып, шешуін табу.

Бір бала мысық,

Екі дара мысық,

Үш ала мысық,

Төрт сары мысық,

Бес тарғыл мысық,

Барлығы қанша мысық?

Келесі кезең «Тапсырмалар». (слайд 10)

  1. Берілген сөздерді көпше түрде жаз.

1.Кімдер?                        2. Нелер?

Оқушылар                  үйірмелер

Тақта, күнделік, бала, қыз,өшіргіш, адам, пән, бор,сабақ,сынып, әже, ата, дәптер.

Алдарындағы көптік жалғаулары мен1 немесе 2 санын көтеру арқылы, жұлдызша жинайды.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап жаз. (слайд11)

Оқушы… (-лар, -лер), мұғалім… (-дар, -дер), мектеп…(-тар, -тер), дос…(-тар, -тер), пән…(-дер, -дар).

Алдарындағы көптік жалғауларын көтереді.

 

  1. Мәтінді аудар.

Меня зовут Руслан. Я живу в Казахстане. Это независимое государство. У

меня много друзей. Мы разговариваем на казахском языке. Казахский язык

государственный язык.

  1. Қазақ тіліне байланысты диалог құру.

Сабақтан тыс іс-шараны қорыту.

Жұлдызшаларын санау.

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сулейменова Нурбота Қалиқызы

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *