Басы » Бастауыш сыныптар » Г дыбысы мен әрпі

Г дыбысы мен әрпі

Маңгыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№21 орта мектеп
Амандыкова Жанайым Боранбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»,
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу, жазуға, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін, дауыссыз дыбыс екендігін меңгерулеріне жағдай туғызу.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
  3. Тәрбиелік: таза, көркем жазуға, сауаттылыққа, Отанды сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, интерактифті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

  • Балалар, біз « Әліппе» әлеміне күннен- күнге терең бойлап келеміз. Әліппе бізге сан қырлы әріптер мен дыбыстардың құпиясын ашады. Ендеше сабағымызды «Әліппе» өлеңімен бастайық.

Мынау- әйбат Әліппе,

Іші толы әріпке.

Барлық ілім- білімнің

Әжесі осы Әліппе

  • Балалар сендер өлеңді жақсы айттыңдар, сол үшін мен сендерге гүл берейін. Бұл жай ғана гүл емес сиқырлы гүл, оның артында әріптермен сандар жасырулы тұр. Сол әріптердің қандай дыбыс екенін айтайық.

А Т П Н Ғ  Р  Л  У  Ш  Й  О  Қ  Д  М  Б  С  Ы  Ж  Ұ  Ң  Е  К  І  Ә  И  З  Ө

  • Балалар әріптерді жақсы меңгергендеріңді көрсеттіңдер.
  • Енді өткен сабағымызды есімізге түсірейік
  1. II. Өткен сабақты пысықтау

« Кім кінәлі» өлеңін жатқа айту.

а) Өлеңдегі балалардың аттарын атаңдар.

ә) Кінәлі кім? (Елемес)

б) Елеместің әрекеті дұрыспа?

III. Жаңа сабақ.

  • Жарайсыңдар балалар. Сабақтың басында мен сендерге не беріп едім?
  • Гүл.
  • Дұрыс. Ал осы «гүл» деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
  • Олай болса, біздер бүгін Г дыбысымен және әріпімен танысамыз

Г дыбысы- дауыссыз ұяң дыбыс. Г дыбысын айтқанда тіліміздің арты таңдайымызға тиеді. Созылып айтылмайды, кедергіге ұшырайды.

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Гүл- 3 әріп, 3- дыбыс, 1 дауысты, 2 дауыссыз.

Бағандағы сөздерді буындап, мәнерлеп оқып беру.

Сөздік жұмыс.

Егін – бидай егілген алқап.

Егіз- бір сәтте, бір уақытта бірге туған екі бала.

Егеу- еңбек құралы

Кереге- киіз үйдің бөлшегі

Бетеге- шөптесін өсімдік

Шеңгел- тікенек тұқымдас өсімдік

Мезгіл- уақыт, жыл мезгілдері.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу « Ақ көгершін» әні.

ә) Көгершін құсының ерекшелігіне тоқталу.

б) Әнін тыңдатып музыкамен айту.

  1. Оқулықпен жұмыс

а) сөздерді іштей оқу.

ә )Тізбектеп оқу.

Сергіту сәті

  1. Шығармашылық тапсырма
  • топ «Шашылған әріптер»
  • топ « Қай буында жоғалттым»
  • « Сөзден сөйлем құра»

VII. Сабақты қорытындылау

  • Біз не үйрендік?
  • Қандай дыбыспен таныстық?

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ ұнадыма?
  • Қай тапсырма қызықты болады?

VII. Мадақтау

  • Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *