Кинаятова Зинат Кайркешовна
«Ақмарал негізгі орта мектебі»КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Халықтық педагогика –кешегі өткен қариялардан,ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден,ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра,мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы болып табылады.Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие.Тәрбие тамыры қазақ халқының қанында , жанында.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдептілікке,адамдармен қарым-қатынас жасай білуге,бабалардан қалған ұлағатты сөздерді балаларға ұғындыру.
Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып,өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін,әдет-ғұрпын үйрете отырып,бойларына сіңіру.
Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу,сәлемдесу рәсімдарін айту арқылы «Алыстан сәлем береді,әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі Ал,балалар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сөз анасы-сәлем» деп бекерден-бекер алынып отырған жоқ.Бүгін біз ата дәстүрі,оның ішінде ең адамға керектісі сәлем беру,сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғыну болып табылады.Ендеше балалар,білгендерімізді ортаға саламыз,білмегендерімізді үйренеміз.
3 оқушы қазақша,орысша,ағылшынша сәлемдеседі.
1-оқушы. Қазақ жері-қонақжай төрлер жері.
Қазақ жері қос сақтай ерлер жері
Елі кедей болмаған-жері байтақ.
Едігедей,Бабырдай шерлер жері.
2-оқушы. Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ ері өнерлі,өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті,киелі-қасиетті.
3-оқушы. Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған.
Ғажап екен әдеті мен ғұрпы.
4-оқушы. Азат бүгін байлыққа тұнған жерім.
Асап жүріс,елін жаудан қорғап ерін.
Әділет пен бірлікке жанын қиған.
Әділ өткен билердің туған жері.
5-оқушы.Сәлем-әдептіліктің белгісі.Сәлемнің сәлемдесу,сәлем беру,сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.Сәлемдесу-кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,қуанышқа бөленуі.Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін,ниеттестігін білдіру,әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп,жақсылыққа жарқылдауы
6-оқушы. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.
7-оқушы. Амандасу адамгершіліктің,әдептіліктің бір белгісі.Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып,басын изейді.Не болмаса қол беріп амандасады. «Сізді шын жүректен құрметтеп , амандығыңызды тілеп,өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
8-оқушы. Сәлемдесудің түрлері.
9-оқушы. –Сәлеметсіз бе?
10-оқушы –Сәлеметте болыңыз.
-Аман-саусыз ба?
-Аман –сау болыңыз!
-Аман-есенсіз бе?
-Аман-есен болыңыз!
11-оқушы. Әсіресе араб тілінен енген :
-Ассалаумалейкум!
-Уа алайкум салам!
Яғни: -Сізге амандық тілеймін!
-Сізге де амандық тілеймін!
12-оқушы. Сәлем беруде бір-біріне «Сәлем» деп қолмен ишарат етсе,ондай сәлемдесу көбінесе еуропа халықтарында кездеседі.
13-оқушы. «Бір сәлемнің жүз сауабы бар.Егер сен бір адаммен амандассаң, ол кісі ықыласпен жауап қатса,сол жүз сауап екеуіңе теңдей бөлінеді, ал егер сен амандасқанда,әлгі ада мұныңа жауап қатпай,теріс айналып,сәлеміңді түзу алмаса,онда сауаптың барлығы өзіңде қалады».
14-оқушы.Халқымыз сәлемдесуге үлкен мән бергендіктен «жасы үлкен адамның артынан арнайы іздеп барып сәлем беру» дәстүрі бар.Қазақта
«Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы қария сәлем береді» деген аталы сөз бар.
Мақал-мәтел айтысы.
Тілек – Ассалаумағалайкүм «Алты жасар бала келсе алыстағы шал сәлем береді» — демекші,қалыңыз қалай?
Ажар.- «Келгенше қонақ ұялады,келгеннен соң үй иесі ұялады»-деуші еді, келіңіз,төрге шығыңыз,қонақ болып кетіңіз.
Тілек. –«Қонағын сыйласа, төрге шық»-дегендей,төрге шығайын.
Ажар. –«Жат асына қарайды,дос басына қарайды»,- деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.
Тілек. –Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».
Ажар. –«Досыңның тамағын қасыңдай іш»-демекші, ала отырыңыз.
Тілек.-Ой,рахмет! «Досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам»,-демекші,алла риза болсын.
Ажар.-«Жылқы кісінегенше,адам сөйлескенше»,-осылай таныс-біліс болу да бір ғанибет қой,ата.
Тілек.-«Қонаққа кел демек бар,кет демек жоқ»,-қой ,қайтайын.
Ажар. –«Қонағыңнан алтын алма ,алғыс ал»,-демекші,жолыңыз болсын.
15-оқушы. Халқымызда ақ сақалды атаны,ақ жаулықты ананы,ақ шашты әжені –жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу-ата дәстүріміз.Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім,қамқорлық,әдемі жарастық жатыр.
Көрініс: «Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі».
Көрініс : «Әже мен қыз баланың сәлемдесуі».
Амандасудың алпыс амалы.
Біріншісі-ізгі ниетті амандасу.Екіншісі,амандасудың жағымсыз түрлері.
Оқушылар осы тәрбие тақырыбына байланысты тіл,сәлемдесу сыйласымдылық туралы мақал-мәтелдер айту.
Қорытындылау.
«Адамдар азайын десе ,алдымен амандасудан, жақсылық тілеуден қалады» -демекші қазір адамдардың арасындағы мейірімділік азайып барады.
Иманы жүрегінде,ақыл-ойы,ішкі сарайы таза , әке-шешеден,отбасынан тәрбие алған адам қандай жағдайда да мейлі өкпелесін ашулансын , қиындыққа, ауыртпалыққа душар болсын сәлемдеседі. Өйткені сәлем берген де, сәлем алған да олжалы. Халқымыз «Әдебі жақсының-сәлемі жақсы» деп бекер айтпаған,ал берген сәлемді алмау-әдепсіздіктің ,көргенсіздіктің белгісі.