ЕР ТАРҒЫН

Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы

Қандөз ауылы №240 Ғ. Мұратбаев атындағы

     орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 Мусабекова Сәпия Султанбековна

4 – сынып. Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: ЕР ТАРҒЫН

Сабақтың мақсаты: « Ер Тарғын» жырының тәрбиелік мәні жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, шығармашылығын қалыптастыру. Жыр арқылы жастарды ерлік іске, отанды сүюге, халыққа  адал қызмет етуге тәрбиелеу. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға  үлгі-өнеге ету. Тілдің құдіретін сезіндіру, адамның бойындағы қасиеттерін және іс — әрекеттерін көркем қабылдауға үйрету.

Сабақтың міндеті:

а) білімділік – оқушыларға  «Ер Тарғын»  жырындағы ерлік істер,ұлттық болмыс туралы мағлұмат беру.

б) дамытушылық – өзіндік ой-пікірі бар, тіл мәдениеті, сөздік қоры бай дара тұлға даярлау.

с) тәрбиелік – жыр кейіпкерлері арқылы патриоттылыққа , елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық  сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап, «Алтын қақпа»  ойынының элементтері.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар «Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.

Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді. Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады. Оқушылар,  біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Ер Тарғын» жырындағы ұлттық  болмыс, ерлік істер.

Ой қозғау: Енді «Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) «Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын. —         Жыр кімнің атынан баяндалған? —         Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Топта талдау бойынша әр  тобқа сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.

Топпен жұмыс: І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің? Жырда қандай батырлар бар? Оқиға қай заманда болған? ІІ топтың сұрағы:Тарғын кіммен кездесті? Не үшін кездесті? Оның сырт бейнесінен нені байқадың? ІІІ топтың сұрағы:Домбауыл қай елдің батыры? Ол қандай адам деп ойлайсың? Саған үнады ма? Жоқ әлде ұнамады ма? Неге ұнамады?

 «Алтын қақпа» ойыны.

1-кезең: «Тас қақпа»

2-кезең: «Күміс қақпа»

3-кезең: «Алтын қақпа»

Оқушыларды үш қатраға бөліп,ұяшықта жасырылған сұрақтарды таңдау  (ұяшықты топ басшысы таңдайды)

  1. «Тас қақпаға» арналған сұрақтар

1.Ер Тарғынның мінген тұлпары? (Тарлан)

2.Қазіргі күнде «Ер Тарғын» жырының неше нұсқасы бар?  (оннан астам)

  1. «Күміс қақпаға» арналған сұрақтар

1.Қартқожақ батыр өзін қалай таныстырады?

  1. «Алты құлаш ала атпен, үсті толған болатпен…бұл да айтулы ер еді»деп жырда кімді бейнелеген?              (Домбауыл)
  2. «Алтын қақпаға» арналған сұрақтар

1.«Ер Тарғын» жырының кейіпкерлерін атаңыз?

2.Әр қатардың оқушылары ерлік,Отан,туған жер тақырыбында мақал-мәтел айтып жарысады.

  1. «Батыр туса – ел ырысы» ой толғау жазу.

 

Сабақты қорыту.  — Біз бүгін не үйрендік? — сұрақ қою арқылы сабағымызды бекітеміз. Күннің бетін бұлттар жауып тұрады.Әр бұлттың артында жазылған сұраққа жауап беру арқылы күннің ішінде жазылған:

«Ерлігің мол сыр болып,

Ел аузында жыр болып,

Жаулар үшін мұң болып,

Жаса,Тарғын,күн болып!» – деген сөздерді ашу керек.

 

Сабақты бағалау: Сабаққа қатысымына қарап бағалаймын.

 

Үй тапсырмасы:  Жырдан үзінді беріліп, жаттап айту.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *