Басы » Cыныптан тыс » Тіршілік таңғажайыптары

Тіршілік таңғажайыптары

Бақанас орта мектебі 

Суанбаева Роза Шаяхметқызы

Химия-биология  пәнінің мұғалімі

 

Тақырыбы: Тіршілік таңғажайыптары (сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: оқушылардың биологиялық  білім деңгейін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

қоршаған ортаны қорғау, сақтауға, аялай білуге, сүюге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс, презентация, сыни тұрғыдан ойлау мағынасын ашу.

Өтілу барысы:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз танымдық сайыс өткізгелі тұрмыз. Бұл сайыста сіздер биология пәнінен алған білімдеріңді, жүйрік ой-қиялдарыңды жетілдіріп, өздеріңнің қиялы ұшқыр, ізденімпаз, жігерлі, шығармашыл екендіктерінді дәлелдейсіңдер. Бұл танымдық ойынға 3 топ қатысады және 3 сарапшы сынып бойынша екеу, ұстаздардан біреу. Ойын шарты алты кезеңнен тұрады:
  2. Таныстыру (Алғырлар (7-сынып), Ұшқырлар (8-сынып), Білімділер (9-сынып))
  3. Бәйге. Барлық топ мүшелері қатысады. Биология пәнінен сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

«Алғырлар» тобы:

  1. Физиология, анатомия қандай ғылым саласы?
  2. Жалпақ құрттардың денесі қанша қабатты?
  3. Медицинада қолданылатын ерекше дәрілік қасиеті бар зат алынатын құрт?

«Ұшқырлар» тобы:

  1. Жүйке жасушасы, нейронның өсінділері?
  2. «Жыныстық сұрыпталу және адамның шығу тегі» атты еңбегінің авторы?
  3. Жорғалаушылар ғасыры деп аталатын заманды ата?

«Білімділер» тобы:

  1. Ядроның биологиялық рөлі қандай?
  2. Тек қана өсімдік жасушасына тән?
  3. Нәруыз нуклеотиды.

 

3.«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» ой тастау. 3 топтың капитандары  ортаға шақырылады. сұрақтарға сенеміз, сенбейміз деп жауап береді.

«Алғырлар» тобы:

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Сексеуілдің жапырақтары жетілмеген?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Картоптың отаны Қазақстан?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Жидеден домбыра жасауға болады?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» мақта Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Банан маймылдың тағамы?

«Ұшқырлар» тобы:

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?»  Күнбағыстан май алынады?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?»  Саңырауқұлақпен нан ашытуға болады?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Сексеуілдің тамыры 15-18 метрге жетеді?
«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Конфет ағашы бар?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Баклажан улы?

«Білімділер» тобы:

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Антропогонез адамның шығу тегі?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Дүниедегі ең биік ағаш эвкалипт?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Жануар жасушасында жасыл пластид кездеседі?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Бақаның ескерткіші Жапония мен Франция елдеріне қойылған?

«Сенесіз бе? сенбейсіз бе?» Порфюмерия раушан гүлдерінен алынады?

 

4 кезең. «Кім тапқыр?»

Шарты: Үстел үстіндегі себетте әр түрлі жемістер мен көкөністер тұр. Енді әр топқа сұрақ қоямын. Осы сұрақтың жауабы мына себетте бар.  Сұрақты оқығаннан кейін бірден жауап берсе 5 ұпай, ал көмекке келсе 1 ұпай алады. Әр топтан бір оқушы шығады.

«Алғырлар» тобы:

Бұл жемісті бетті күтуге, қара дақтарды, секпілдерді, бөріткендерді кеттіруге арналған маска  жасауда қолданады? Оның құрамында 98 % су бар. Қазақша атауы қалай аталады? Жауабы: бәдірен, қияр.

«Ұшқырлар» тобы:

Бұл өсімдікпен ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған, бұл өсімдіктің құрамында қандвай зат бар, атын ата? Бұл жуаның туған інісі? Жауабы: сарымсақ

«Білімділер» тобы:

Бұл өсімдіктің отаны Оңтүстік Америка, Шығыс Азия. Оның шырыны  асқазан ауруына ем, ыстықты басады, шөл қандырады? Бұл өсімдіктен не алынады? Қандай дақылға жатады? Жауабы: дәнді дақыл күріш, сұлы.

 

5 кезең. «Жұмбақ зат» бекеті. Топтарға келесі тапсырма беріледі. Екі қара қорапша, бір ақ қорапша. Суреттемелері бойынша қорапшаларда не жатқанын табу керек?

 

«Алғырлар» тобы:

1 қара қорапша. Ішінде медицинада жөтел, суықтау кезінде қолданылатын зат жатыр. Бұл өсімдіктің тұқымдары ащы, денеге басқанда тері қышып ашиды.  Жауабы: қыша

«Ұшқырлар» тобы:

Ақ қорапша. Бұл өсімдіктер көбінесе Қытайда, Үндістанда, Цейлонда өсіріледі. Биіктігі 1 метр, тек жапырағын қолданады? Осы жапырақтан дайындалған сусын жүйке жүйесін қоздырып, ұйқысыздыққа алып келуі мүмкін, егер көп ішсеңіз… Жауабы: шай

«Білімділер» тобы:

Қара қорапша. Бір шетінде от, екіңші шетінде өзіңнің денсаулығына зиян келтіріп тұрған зат. Қорап ішінде қандай зат бар? Жауабы: темекі, шылым

 

6-кезең. «Ұлттық таным»

«Алғырлар» тобы:  Арша

«Ұшқырлар» тобы: Тобылғы

«Білімділер» тобы: Көң.

 

Осы берілген заттардың табиғатта кездесуі, пайдасы туралы презентация жасау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін сарапшыларға берелік,

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік,

  • деп, қорытынды сөз кезегін сарапшыларға берейік.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *