№14 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байзакова Айгуль Базарбековна
Құрметті қонақтар бүгін сіздерді мектепалды даярлық тобындағы қыздар арасындағы «Көктем аруы» атты кыз сыны сайысын тамашалауға шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайыстың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайыс бес бөлімнен тұрады.
- «Тегін білу тектілік» (өзін таныстыру)
- «Анасын көріп қызын ал» (өз өнерін көрсету)
- Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі)
- Шебер қолдар (ою қиып жапсыру)
- Сұрақ-жауап
Ал, енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Балғын жүзі албырап
Қанатын жаңа қаққан
Қарсы алайық аруларды
Сайысқа дайын тұрған
Ару қыздарымызды көңілді қошеметпен қарсы алайық
- Асхатқызы Алина
- Баймуханбетова Жансая
- Калибаева Сабина
- Койшыбаева Еркежан
- Мурзахун Әлима
- Мусабекова Сабира
- Ринатқызы Сания
- Садықан Зейін
- Тоқтархан Наз
(аналары келіп номерлерін алады)
Жүргізуші: Ал, енді арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты «Тегін білу тектілік» (өзін таныстыру)
Келесі сайыс «Анасын көріп қызын ал» Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен ортаға өз өнерлерін көрсетеді.
Аруларымыз сайыстың келесі шартына дайын болғанша ортаға Қадырхан Әліби атты ұлымызды ортаға бір әнімен шақырайық.
Келесі сайыс сән үлгісі. Ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
Сайысымыздың төртінші шарты шебер қолдар. Қыздарға ою беріледі, оны қиып қағазға әдемілеп жапсырамыз. Аналары көмектесулеріне болады.
Келесі соңғы сайысымыз сұрақ-жауап. Қыздарымызға сұрақ қойылады, жауабы тыңдалады.
- Ананың анасы саған кім болады? (нағашы әже)
- Қазақстанның президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
- Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз)
- Қошақанның анасы? (қой)
- Сүттен жасалатын тағам? (көже, айран, ірімшік, қаймақ, май, құрт)
- Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (дәрігер)
- Тай, құлынның анасы? (бие)
- Қамырдан жасалатын тағам? (бауырсақ, нан)
- Ас пісіруші маман адам? (аспаз)
- Мойынға тағатын әшекей бұйым? (алқа)
- Ботаның анасы? (түйе)
- Ешкінің төлі? (лақ)
- Тігінші құралы? (ине)
- Ең зор байлық? (денсаулық)
- Ас атасы? (нан)
- Бас қаламыз қай қала? (Астана)
- Жеті қазынаны ата? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, жүйрік тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
- Төрт түлікті ата? (қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы)
- Төрт жыл мезгілін ата? (қыс, жаз, көктем, күз)
- Үй құстарына қандай құстар жатады? (тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек, күркетауық)
Аруларымыздың бағасын әділ қазылар есептегенше, ортаға ұлдарымыз бен қыздарымызды өз өнерін көрсетуге шақырамыз.
Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқаларына беріледі. (қыздарды номинация бойынша марапаттайды)
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.