Басы » Бастауыш сыныптар » Көктем сәні (Презентация)

Көктем сәні (Презентация)

Талдықорған қаласы

№14 орта мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Байзакова Айгуль Базарбековна

 

Пәннің аты: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні

Мектепалды даярлық тобы

Мақсаты: 1. Оқушыларды әйгілі суретшілердің жұмыстарындағы бейнеленген көктемгі табиғатпен таныстыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз байқағандарын және ішкі сезімдерін сурет арқылы дамыту. 2. Бейнелеу өнерін ана тілімен, музыкамен байланыстыру. 3. Оқушыларды тиянақтылыққа, жұмытан әсер алуға, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру.

Үрдісі: Ізденіс шығармашылық.

Жабдықтар: Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаштар, атақты суретшілердің суреттері мен түрлі түсті слайдтар, күй табаққа жазылған әуендер, әр түрлі тапсырмалар, компьютер, мультимедия және экран, қайшы.

Психологиялық ахуал: Оқушылар жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Балалар, партада дұрыс отырып, бір-бірімізге күлімдеп қарап барлығымызға сәттілік тілейік. Менімен бірге келесі жолдарды қайталаңдар:

Көктем келгенде құлпырады әлем, Сәлем!

Нұрын төккен көктегі күнге Сәлем!

Сәлем беру ата-салтымыз бәрімізге Сәлем!

Қасымдағы досыма мен айтамын Сәлем!

Қызығушылықты ояту.

Тақтадан жыл мезгілдерінің суретін көрсету.

Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты. Жыл атасы былай депті: Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер. Төрт мезгілді үш-үштен бөліп алып, кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім: әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар депті. Осыдан бастап үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты.

Балалар төрт жыл мезгілдерінің атын тапа шығады. Әр жыл мезгілдеріне сипаттама береді.

Балалар, далаға қараңдаршы, қазір қай кез? Көктем айларын атап шығыңдаршы?

Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер байқалады? (Жайдарлы күн, еріген қр, сылдырлап, ағып жатқан жылғалар, бүршік атып келе жатқан ағаштар, құстардың ұшып келуі)

Тс –с – с! Тыныштық сақтайық! (Құстардың дауыстары)

(«Көктемнің оянуы» атты ролик және музыка)

Балалар, көктемгі табиғаттың ерекшеліктері қандай? (Жан-жануарлар, жәндіктер, табиғат оянады, жас төлдер асыр салады)

Мағынаны тану.

Тақырыпты ашу үшін сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақтан «Көктем сәні» деген сөз шығады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Суреттегі аңдарды атау. Неге аңдар деп атаймыз? Суретке қарап әңгімелету.

Балалар ролше бөліп ойнау.

Елік неге үндемей қалды?

Қалай ойлайсыңдар, елік не деп жауап береді?

Оқушы жауаптары тыңдалғаннан кейін қорытынды жасау.

Міне, балалар әр аң үшін көктем көңілін көтереді екен.

Ал сендер үшін көктем сәні неде?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Сергіту сәті.

Ой толғаныс.

Төрт топқа тапсырма беру. Тапсырмаларды музыка әуенімен орындату.

Сематикалық картамен жұмыс. 1-3 топқа тапсырма.

1………… аппақ, суық

2……….. түзу, ұзын

3……….. жыртқыш, қорқау

4……… домалақ, тәтті қызыл

 

2-4 топқа

Ыстық          қар

Тәтті            тау

Биік               алма

Ақ                жаз

«Қай әріпті жоғалттым» ойынын ойнау.

Қорытындылау.

Көктемдегі алғашқы мереке қалай аталады?

Ал көктемде шығатын алғашқы гүл қалай аталады кім біледі?

Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

«Бәйшшек» туралы аңыз әңгіме айту.

Анамызға гүл сыйлайық, дайын гүл шаблонын бояу.

1 шумақ өлең жолдарымен аналарды құттықтау.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аанамызға сыйлаймыз.

Үйге тапсырма. «Көктем келді» сурет салу.

Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Кері байланыс. «Бағдаршам» ойыны. Сабақ ұнаса қызыл түсті көтеріңдер, ұнамаса сары түсті көтеріңдер, ештеңе түсінбей қалдым десеңдер жасыл түсті көтеріңдер.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *