Басы » Бастауыш сыныптар » 8 саны және цифры (Презентация)

8 саны және цифры (Презентация)

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Акемиева Ляйлагуль Данияровна

Тақырыбы: 8 саны және цифры

Мақсаты: 8 саны мен цифрын  таныстыру; 8 санын дұрыс жазуға және ол арқылы тез есептеуге дағдыландыру; оқушылардың ойлау, салыстыру, пайымдау қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету; С.Дуйсенбиев «Ақ көбелектер қайда ұшып кетті? » ертегісі бойынша оқушыларды таза жүруге, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, кесте-сызбалар

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: ертегі сабақ

                      Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті. Психологиялық дайындық. Санамақ айтқызу        (10 көлеміндегі сандармен.)

1 дегенім-бесік, шықтық одан өсіп.

2 дегенім — елім, далам, тауым, көлім…

Сабақтың мақсатын айту.

Бүгін біз сабағымызды С.Дүйсенбиевтің «Ақ көбелектер қайда ұшып кетті?» ертегісі бойынша жұмыс істейміз. Мұқият тыңдаймыз.

1 слайд.  Ақ көбелекті қызыл көйлек киген қыз –Айгүл суреті. Көбелектердің ұшып кетуі.

2 слайд. Көбелексіз қызыл көйлекті қыз- Айгүл суреті. Айгүлдің көбелектерді іздеп шығуы.

3 слайд. «Күз елі» Әжейге көмек. «Көйлек тігу» ойыны сары жапырақтардан. Ауызша есептеу: 5+2  4+3 1+5  2+2  3+2  7+0  4+2  2+1  3+3

Қандай әдемі көйлек тігілді! (Бірақ Айгүлдің көңілі көншімей, сап-сары әлемді кезіп, ары қарай жол тартты.)

4 слайд. «Қыс елі». Ақ сақалды қарияға көмек. (Қарияның ақ қардан тон жасауы). Айгүл де бірге ойланады.

Жаңа тақырып бойынша. Тақтада:

1
3
5
8
9
100
7
6
4
2

 

 

 

  1. Кез-келген санды көрсету (оқу)
  2. 10-ға дейін санау, кері санау.
  3. 6,7 сандарының құрамын анықтау ( қайталау)
  4. 8 санын шығару  7+1     8-1
  5. Кесіндіні өлшеу
  6. Оқулықпен жұмыс

 

Кесінділерді өлшеу- 8см

  1. Дәптермен жұмыс (Үлгі бойынша 8 санын жазып үйрету). Дәптерге үлгі бойынша жазады. 1жол
  2. №1-71 бет Теңдіктер құрастыр (1оқушы түсіндіреді.)
  3. 7+1=8 1+7=8         8-7=1      8-1=7 ережесін айтады.
  4. Тақтада 4 оқушы жұмыс істейді.
  5. Ыдыстар, алмалар, үйлер, күшіктер ( магнитті сүреттер)

7+1     6+2       5+3      4+4

1+7     2+6       3+5      8-4

8-1      8- 2      8- 3

8-7      8- 6      8- 5

Аппақ қардан жасалған ақ тон да  дайын болған шығар . «Жылы тон»

Айгүл ақ тонды алып  одан ары жол  тартады.

Сергіту сәті «Жұмыр қылыш»

5 слайд. «Көктем елі» «Ақ  көбелектерді  ұстау» ойыны.

Топтастыру.

Үш оқушы шығып топтастырады.

  • Өрнектер Теңдіктер   Теңсіздіктер
  • Көбелектердегі жазулар: 5+2   6  6    7-5   7   4     4   4     3   6

 

 

 

 

№ 2 теңдіктер құрастыру (ауызша). Көбелектердегі өрнектердің мәндерін табады ( жазбаша)

Айгүл көбелектерді ұстап алып, ілгері жол тартты. Ол жаз  еліне  келеді.

«Жаз елі» (Айгүлдің жаз  еліне  оралуы)

«Көршілерін  тап!»  ойыны

1                  3

5                   7

3

7

5

 

 

 

 

 

 

Оқулықтағы  №3- 72 бет.

Сандардың көршілерін жазу

5 6 7 2

(сөйтіп Айгүл көйлегін кірлетпей жуып тұратын болды)

Сабақты  қорыту.

-Бұл ертегіден сендер нені түйдіңдер?

-8-дің көршілерін ата?

-8 саны қандай сандардан артық?

-8санын қалай шығаруға болады?

-8саны қандай саннан кем?

Оқушыларды мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *