Басы » Tәрбие сағаттары » Берекелі, Алтын күз!

Берекелі, Алтын күз!

ШҚО

Семей каласы

Айбек Ардақ Айбекқызы тәрбиеші

Тақырыбы: «Берекелі,  Алтын күз!»

 Мақсаты: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу, күзгі табиғат өзгерістрі, күзгі еңбек түрлері,туралы  мағлұматтар беру.

Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты безендірілген бөлме, жазылған плакаттар, шарлар, күзгі жапырақтар, тоғайлар, бұлттар.

Сабақ түрі: Ертеңгілік.

Музыкалық әуен қосылып, жүргізушілер залға кіреді.

(1.жүргізуші: тәрбиеші- Айбек А.А.

2.жүргізуші: оқушы – Ахантаев Али)

 

1.Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2.Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған “ Берекелі, Алтын күз!» атты мерекемізді бастаймыз.

 

1.Жүргізуші: Күз — береке, сән – салтанат, мереке айы, жиын — терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.

2.Жүргізуші:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды

Ән:Қайрат Камила – Маленькая страна

Балалар қолдарына жапырақтар ұстап залға кіреді, жапырақтармен  би билеп, жарты шеңберде тұрады.

1.Жүргізуші:

Өте тамаша ,рахмет өнеріңе.

 

2.Жүргізуші:

Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

 

Кезекті біздің балаларға берейік.

Тақпақтар

Ақылбек:Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.

 

Аида:Не слыхать весёлых
Песен соловья
Улетели птицы
В дальние края.

Нұрай:  But in the rainy season
I have other joys:
I read my books and play
At home with all my toys.

Аяулым:Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.

 

 

Адиль:Осенние листья

Раз, два, три, четыре, пять,

Будем листья собирать

Листья берёзы,

Листья рябины

Листики тополя,

Листья осины.

Листики дуба мы соберём

Маме осенний букет отнесём.

Аружан: This is the season when school children meet.
When noisy and gay and browned by the sun
With their books and bags
To school they run.

Аянат:Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!

 

Бекарыс: Прекрасен наш осенний  сад —

В нём слива есть и виноград

На ветках, как игрушки

И яблоки, и груши

А к ночи веет холодок

И жёлтый лист шуршит у ног

Еркежан: Put on your dress
Of red and gold.
Fun summer is gone
And the days are cold.

Жанарыс:Дала сары киінді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық, алтын тау.

Асылбек: Наступила осень 
Пожелтел наш сад. 
Листья на берёзе 
Золотом горят

Тимур: I am Autumn.
I am beautiful and sad.
I have three daughters: September, October, November.

They have many presents.

 

1.Жүргізуші:

Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен «Мектеп алды даярлық» тобы бишілері

2.Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Балалардың жауабы).

 

1.Жүргізуші: Дұрыс, күз мезгілі.
Ендеше, уәде еткеніміздей ортаға қонағымыз — Алтын күзді (Айдана) шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
2.Жүргізуші:

Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

 

Ойын: «Кім тез жапырақтарды жинайды?».

Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнерлерің бар?

1.Жүргізуші:

Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!
(Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Әкежан — Пияз: Асханадан шықпаймын,
Атым — пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Іңкәр — Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Бекжан — Қос картоп: Картоп-біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!

Әлинұр — Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Ән:
1.Жүргізуші:Балалардың тағы да өнерлері бар.Олар сізге қазақ  биін билеп бермекші.
Би: Қазақ қыздары

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қандай әдемі қыздар!
Мынау менің сыйлықтарым- көкеністер мен жемістер. Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.
2.Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар?! Ендеше «Алтын күз-2014» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді).
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

1.Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
2.Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.Осымен күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *