Тарбағатай ауданы
«С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ
Информатика пәнінің мұғалімі Абзалбек Бақытжан Абзалбекұлы
Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері
Сынып: 6
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру
Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету
Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну
Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, карточкалар
Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Мозайка», «Ақпараттық диктант», «Синквейн», «Телеграмма», жұптық, топтық жұмыс әдістері.
Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады
І. Ұйымдастыру.2 мин
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.2 мин
ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық.3 мин
ІУ.Жаңа оқу материалын таныту.10 мин
У.Білімдерін бекіту.9 мин
Сергіту сәті.3 мин
УІ.Білімдерін бекіту.6 мин
УІІ.Бағалау.6 мин
УІІІ.Үй тапсырмасы туралы мәлімет.1 мин
ІХ. Қорытынды.3 мин
1)Оқушылармен амандасу, сыныпты ұйымдастыру. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Жағымды ахуал туғызу. Топқа бөлу.
2)Үй тапсырмасын тексеру үшін қайталау сұрақтарын қою.
3)Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Экспо-2017» видеосын көрсету.
Мақсатымыз: модельдер түрімен танысу, модель түрлерін ажырата алуды үйрену.
4)Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін:
1-жұп: Материалдық және ақпараттық модель
2-жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Берілгендерді жеке-дара оқып, жұпта талқылайды.(3 мин)
Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді)
Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіреді (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин)
5)Деңгейлік тапсырмалар.
І-деңгей. (4 минут)
Жұптық жұмыс.
Төмендегі объектілердің ақпараттық моделін құрастыру.
Нысан атауы | Пішіні | Түсі | Құрамы | Әрекеті |
Қарындаш | ||||
Гүл |
Нысан атауы | Пішіні | Түсі | Құрамы | Әрекеті |
Қалам | ||||
Гүл |
ІІ деңгей. (6 минут)
Жұмбақтарды шешіп, ненің моделі болып табылатынын айт. Графикалық моделі?
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
Бес сатыда тұрады,
Қосылса, ән салады.
Үп-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
ІІІ деңгей. (5 минут)
Оқушылар қандайда бір объектінің моделін құрастырып, критерийлер бойынша дәлелдейді.
Қосымша тапсырма.
«5 жолды өлең» құрастыру талаптары:
- зат есім
- екі сын есім
- үш етістік
- төрт сөзден тұратын сөйлем
- синоним сөз
Мысалы:
- қуыршақ
- әдемі, үлкен
- сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
- Маған анам қуыршақ сыйлады.
- Ойыншық
6) Бағалау.
Ақпараттық дикатант.
Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді
7) Үй тапсырмасы. Үш объектінің вербальдық, яғни әңгіме түрінде және графикалық моделін құрастыру. Берілген тапсырманы хабарлау, оның орындалу әдістемесін түсіндіру.
5)Қорытынды. Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу.
|
Кестені толтыр.
Объект | Графикалық моделі |
Аспан | |
Күн | |
Реніш | |
Туған күн | |
Жаз |
Объект | Графикалық моделі |
Кемпірқосақ | |
Ай | |
Қуаныш | |
Жаң жыл | |
Қыс |
Үйдің моделін құрастырудағы бағалау критерийлері.
Топтың ынтымақтастығы | Үйдің сұлбасын жасау | Макетін есептеп құру | 3 түсті қолдану | Сапалы жасауы | Уақытты тиімді пайдалануы |
«5» — өте жақсы; «4» — жақсы «3» — орташа
Үйдің моделін құрастырудағы бағалау критерийлері.
Топтың ынтымақтастығы | Үйдің сұлбасын жасау | Макетін есептеп құру | 3 түсті қолдану | Сапалы жасауы | Уақытты тиімді пайдалануы |
«5» — өте жақсы; «4» — жақсы «3» — орташа
Өзін-өзі бағалау парағы
Үй тапсырма | Топпен жұмыс |