Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы,Үшсарт негізгі мектебінің тәрбие ісінің орынбасары Карабалина Рауза Баянқызы
1 – бастауышы
Құрметті ұстаздар құрметті көрермендер барша жиналған қауым. Сіздерді бүгінгі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күнімен құттықтай отырып, әр жас жеткіншектерге бақыт, табыс, шаттық, қуаныш тілейміз.Ендеше «Қыз қуу» танымдық ойынына қош келдіңіздер.
2 – бастауышы
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің…
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!
Тірі ме едің…..
1 – бастауышы
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!
Тірі ме едің…..
Мен де енді тірілемін!
Ақ періште , алдыңа жүгінемін,
… Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені?!
2 – бастауышы. Құрметті көрермен бүгін біздің мектепте қазақтың ұлттық ойыны Қыз қуу.
1 – бастауышы.Жастарды күлкімен шаттандырып. Қазақы қыз қуу ойынына шақырайық.
2 – бастауышы. Шарт бойынша жүйрік сұраққа жауап берген, жүйрік жігіт пен қыз сынға түспекші. Ұпайы көп жұптар жеңіске жетеді.
1 – бастауышы.Ұпайы аз қыз бен жігіт ойынның соңына дейін бір – бірін көрмей үйге кетеді.
Және қыздар дүре соғады қамшымен.
2 – бастауышы. Ал ендеше қыз қууды бастайық.
1 – бастауышы. Ендігі кезек қыз бен жігіттерді құтты орнына қондырмас бұрын , мына қоржыңнан нөмерленген қағаз алып , жастарды жұп – жұбымен отырғызайық.
2 – бастауышы. Ал ендеше іске сәт. Кәне ,қоржынға қол салып , жұбымызды таңдайық.
1 – бастауышы. Жұптарды айтып шығады.
2 – бастауышы. Біздің ойынымыздың төрешісі көрермен сіздер
боласыздар .Әр көрерменге алма текшесі таратылады. Соны көтеріп ,ұпай санын беріп отырамыз. Ұпай санын санап есептейтін есепші орыс тілі мұғалімі Құсайынова З.А
1 – бастауышы. Ендеше ойынымызды бастайық . Қазір мен кез – келген бір сөзді айтамын, сол сөзді тақырып етіп , әңгіме құрастырамыз.
Ендеше бірінші жұпқа Қой деген сөз.
2 – бастауышы: 2 – ші жұпқа Қоян деген сөз.
1 – бастауышы :3 – ші жұпқа Ине деген сөз
2 – бастауышы: 4 – ші жұпқа Түйе деген сөз
1 – бастауышы: 5 – ші жұпқа тырнақ деген сөз
2 – бастауышы: 6– ші жұпқа құлақ деген сөз
1 – бастауышы :Біздің қыз бен жігіттер керемет екен. Сөзге шебер екен
2 – бастауышы :Ал ендеше келесі кезекті айтысқа берейік.
1 – бастауышы :Айтыстың түрлері көп.
Соған орай Ақындар айтысы
Қайым айтыс
Қыз бен жігіт айтысы
2 – бастауышы: Ал енді жастарды сынау үшін сұрақтар қоямыз. Сол сұраққа қалай жауап берер екен ,біздің жастар.
1 – бастауышы. ( жігітке) Асханада оқушыларға берілетін самса таусылып , 1 самса ғана қалыпты. Ал сенің қасында 1 қыз бала бар делік. Осы тығырықтан сен қалай шығасың?
2 – бастауышы. ( қызға ) Мұғалім саған ұрысып, шашына бантик тақ дейді. Ал сен болсан 10 – сыныпта оқып жүрсің. Қандай амал табар едің?
1 – бастауышы. ( жігітке) Көрші үйдің қызы саған ұнайды дерлік. Бірақ онын ата – анасы сені мүлде ұнатпайды. Тіпті сені үйінің маңынан жүргізбейді. Қызбен қалай тілдесер едің?
2 – бастауышы. ( қызға ) Кітапханашы жаңа кітаптар әкелді . Ал саған бермеді. Өйткені, сенің қабілетін жаңа кітап сатып алуға жетеді дейді. Ал ата – анаң кітапханашыға ерегісіп , кітап әпермей қойды. Сен не істейсің? Сабақты қалай оқисын?
1 – бастауышы. ( жігітке) Сенің сабаққа киіп жүрген туфлиін жыртылып қалды. Сатып алуға ата – анаңда ақша жоқ. Саған ертең «Жігіт сұлтанына » қатысу керек Не істер едің?
2 – бастауышы. ( қызға ) Сабаққа киетін юпкаң модадаң шыққан дерлік. Бірақ сендерге мектепте шалбар кигізбейді. Не істейсің? Қандай амал табар едің?
1 – бастауышы. ( жігітке) Сен ерте тұрып жолдасының үйіне бардың, барсаң жолдасынң үйінде жоқ , тек қарындасы жүр екен. Үйге кір , ағам қазір келеді, күте түр деді. Сен үйге кірсең, нәскиіңнің басы жыртық. Қыздың көзі де соған түсті. Қандай амал табасын?
2 – бастауышы. ( қызға ) Дос қызыңмен ұрысып қалдың. Ертең бірге би кешіне баруын керек. Дос қызыңмен қалай татуласар едің? Қандай амал табасың?
1 – бастауышы. ( жігітке) Сен сабаққа бара алмай жүрсің? Өйткені сенде сабаққа киетін киім жоқ. Ертең сабаққа бармасаң, кітаптан құр қаласың. Қандай амал табасын? Қандай киім киесің?
2 – бастауышы. ( қызға ) Ертең дос қызыңның туған күні . Туған күн кеші кешке 9 – да басталады. Ал автобус болса 11 – де тоқтайды. Қалай барып , үйге қалай келесің?
1 – бастауышы. ( жігітке) Көшеде келе жатсаң, бір қария сумкасын көтере алмай әзер келе жатыр. Сен болсаң асығыс мектепке баруын керек. Не істер едің?Қандай амал табасың?
2 – бастауышы. ( қызға ) Мектепте «Қыз сыны » сайысы , ал сен болсаң былтыр қатысып, ешқандай жүлде алған жоқсың. Биыл мұғалім тағы қатыс дейді. Өйткені, сыныпта басқа қыз жоқ. Не істейсің?
1 – бастауышы. Біздің қыз бен жігіттеріміз өте арайлы жауап берді. Ендігі кезекті әдеби шығармаға берейік.
2 – бастауышы. ( жігітке) 1 – жұпқа «Қыз Жібек» жыры бойынша Қыз Жібектің күймесіне жеткен Төлеген Жібекке не дейді? ( жырдағы нұсқасылай?
1 – бастауышы. 1 – жұптың
Ал Жібек не деп жауап берді екен? ( жырда жалғыз атты жолаушы , қаңғырып өскен бір қу бас маған сонша неге айқайлайды.)
2 – бастауышы. ( жігітке) 2 – жұптың
Төлеген Жібекті алғаш көргенде не дейді? Сұлулығына қалай табынады ? (Жырда Періштедей тұлғалы, келбетті, падишадан кем емес екен өзі дейді.)
1 – бастауышы. (қызға) 2 – жұптың
Ал Жібек Төлегенді қалай бағалайды? (жырда) Қынама бешпент қынадым,
Әзілмен сізді сынадым
Сынамаққа бір сөзді
Әзіл қылым айтым ем — дейді
2 – бастауышы. ( жігітке) 3 – жұптың
Жібек пен Төлеген 3 – ай қалыңдық құрғаннан кейін, Төлеген Жібекке не дейді? (жырда мен ел жұртыма барып ,амандығың біліп келейін.)
1 – бастауышы. (қызға) 3 – жұптың
Ал Жібек не деп жауап береді екен (жырда) Айналайын Төлеген,
Мен бүгін түс көрдім
Тілімді алсаң жүрме бүгін, — дейді
2 – бастауышы. ( жігітке) 4 – жұптың
«Қалқаман — Мамыр» поэмасы бойынша Қалқаман Мамырды алғаш көргенде, не деп тіл қатады
(жырда) Ей Мамыр , адамды, алла жаратыпты,
Хауа – ананы, адамға қаратыпты
Бірін еркек, біреуін әйел қылып , — деп тіл қатады.
1 – бастауышы. (қызға) 4 – жұптың
Ал ,Мамыр не дейді екен?
(жырда) Ей Қалқаман тегі жоқ, Құдай жалғыз. Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз . Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз, өмір қызық дегенді естен қалғыз.
2 – бастауышы. ( жігітке) 5 – жұптың
Батыр Баянның інісі , қалмақ қызын алғаш көргенде не дейді (жырда) Мен сені көргеннен ғашық болдым Сен маған тұрмысқа шығасын ба?
1 – бастауышы. (қызға) 5 – жұптың
Ал қыз не деп жауап берді. (жырда) «Қалауым бар, Ноян батыр, Адасқан аққу құстай мен бір пақыр. Арқаның аруы болсам да, алыста ел жұртым бар соған мені бір апаршы»
2 – бастауышы. ( жігітке) 6 – жұптың
Мамырдын үй іші тойға кетеді. Сонда Қалқаман Мамырға не туралы айтады. (жырда) Қазақта бастан деген ырым бар. Сен бүгін бастан жаса азар болса 1 тоқты шығын болар.
1 – бастауышы. (қызға) 6 – жұптың
Ал Мамыр не деп жауап берді . Бастан деген сөз бе екен. Кешке үйге кел деді.
1 – бастауышы. Ендігі кезек жігіттердің өнеріне келіп тұр. Ал ендеше жігіт «Сегіз қырлы , бір сырлы», — демекші өнер сайысына кезек берейік.
2 – бастауышы.
Өнер, өлең – жастық шақтың белгісі, Келер оны әркімнің – ақ көргісі, Жігіт келді ғой өленге , өнерге ерік беретін, Жігіттер жыр маржаның төгетін.
1 – бастауышы. Құрметті көрермен ендеше өнер сайысын бастайық. Қыздарымыз риза болып жатса , жігіттерге 1 ұпай қосылып отырады.
2 – бастауышы. Осымен «Қыз қуу» аяқталды. Жеңілпазды ортаға шақырайық.
1 – бастауышы. Сөз кезегі сарапшыға беріледі. Жеңімпаз жұпты анықтап, марапаттаймыз.
2 – бастауышы. Осымен «Қыз қуу» аяқталды. Жеңілпазды ортаға шақырайық.