Басы » Оқушыларға » Өлеңдер » Қоғалы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушыларының шығармашылығынан

Қоғалы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушыларының шығармашылығынан

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Медельханова Алмагүл Қасымханқызы

Қоғалы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушыларының шығармашылығынан

 

Мектеп болса білім бар,

Ыбырайдың нұры бар.

Оқысаңыз балалар,

Алғысын айтар, Ыбырай.

 

Ел қорғаған батырлар,

Отан үшін жан берген.

Бейбітшілік өмірде,

Бақыт берген нәр берген.

 

Менің туған жерім,

Қоғалы деген елім.

Сондай жерде туған,

Үлкен бақыт маған.

(Немерғали Санжар)

 

Тату өскен баламыз,

Айтқанды да ұғамыз.

Сыртқа шығып ойнамыз,

Бәрін тыңдап аламыз.

 

Астана  біздің бас қаламыз,

Оған қарап  таңқаламыз.

Сонымен бірге көркейіп,

Мәңгілік ел боламыз.

(Немерғали Айым)

 

Бидай,арпа қамбада,

Бөленіп сары алтынға.

Келді міне алтын күз,

Пісіп жидек,алма да.

( Бектай Алуа)

Анам менің сүйікті,

Анам мені өсірді.

Мен анама алғысты,

Білдіремін мәңгілік.

( Дубасова Альфия)

Қыс келді,қар жауды,

Айнала аппақ күмістей.

Күн суытып барады,

Бәрі үйде қалады.

(Әбдіқадір  Темірлан)

 

 

Менің атым Дана,

Қуанышты бала.

Анамды да сыйлаймын,

Мен бақытты бала.

( Мәлік  Дана)

Қазақстан мемлекет,

Қазағым менің дамысын.

Әр кез сені қолдаймын,

Туған жерім-Отаным.

( Асқарқызы Меруерт)

 

Гүлдері толған бау-бақша,

Сайрайды құстар тамаша.

Сайраса құстар әдемі,

Көңілім менің тамаша.

( Қарымсақ Құралай)

 

Мектебім  менің мектебім,

Білім алып көктедім.

Білімімді өскен де,

Таратамын өзгеге.

 

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды бәйтеректі Астанаға.

Қәзірде адамдардың мақтанышы,

Әлем қала, әсем қала Астана.

 

(Тұрсынғазы Зайна)

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *