Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Қоғалы орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Меделханова Алмагүл Қасымхановна
Күні: | Дүниетану сынып: 2 а |
Сабақтың тақырыбы | Адамдармен қарым-қатынас |
Сілтеме | 119-120 бет ,ғаламтор |
Жалпы мақсаттар | Әдептілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін аша отырып, сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу . |
Оқыту нәтижелері | Тақырыптың мағынасын ашып, өздері талдау жасап, адамдар бір-бірімен қандай қарым-қатынаста болу керектігіне көздері жетеді. |
Түйінді идеялар | Жаңа білім беру арқылы оқушылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасау дағдысын, мәнерін, қалыптастыруға ықпал жасау.
|
Жабдықтар | Постер, маркер, қажетті суреттер, АКТ |
1жаттығу
1 мин
Топқа бөлу 2 мин
Үй тапсырмасын қайталау.3 мин
Оқулықпен жұмыс10 мин
Сұрақтармен жұмыс 4 мин
2 жаттығу 4 м.
Сергіту сәті 3 мин
Ассоцияциялық қатар Постермен жұмыс 7 мин Қосымша мәлімет Сөйлесу мәдениеті 5 мин
3 мин
Бағалау 3 мин
|
Психологиялық дайындық
Достығы жарасқан, сыйлы біз баламыз. Келісіп бәрімен, татулық табамыз. Бәріміз бір болсақ, бәрінде жеңеміз. Күндей боп күлімдеп, таудай боп өсеміз
Сәлемдесу, қоштасу арқылы 2 топқа бөлу,қорғайды.5-6 слайд
2 топқа сұрақтар қою -Газ неге қауіпті? -Су туралы әңгімеле.
Ой қозғау 5-6 слайд бойынша -Не көріп тұрсыңдар? -Бұл балалардың іс-әрекеті қандай? -Бұл іс-әрекет қандай қарым-қатынас? 7 слайд Сабақтың тақырыбын қойып, мақсатын белгілеу. -Бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ? -Адамдармен қарым-қатынас туралы.
8 слайд 1Жеке оқу 2Топта талдау 3Топтық презентация 9 слайд А. Суретке ат қойып әңгімеле. Ә.Қонақ деген кімдер? Б.Көршің жайында не білесін? В.Өзіңнен кішіге қамқор бол дегенді қалай түсінесін?
Ситуациялық жағдайды талдау 10-11 слайд
12 слайд Аспанға қарап ай көрдім Төменге қарап жер көрдім Оңға ,солға бұрылып Егеменді ел көрдім.
13слайд 1 топ жағымды қарым-қатынас туралы 2 топ жағымсыз қарым-қатынас туралы
14 слайд Телефон жайлы түсінік беру Телефон- тамаша дүние. Ол бізге 100 жылдан ғана уақыт асты, бірақ онсыз қазір күніміз жоқ.Телефонмен сөйлесудің де өзіндік тәртіп-ережесі бар.Бас-аяғы жоқ бос сөзді соза берген дұрыс емес. Мүмкін сол уақытта әлдебір маңызды шаруамен әлдекім саған телефон шала алмай тұрған шығар.Соны да естен шығарма.Телефонмен сұқбатты былай бастаған жөн: «Алло! Сәлеметсіз бе?Маған Майраны шақырып жіберіңізші» -Таң атпай немесе түнге қарай, ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес. -Егер сен нөмірді дұрыс термесең, кешірім сұра. -Сұхбатты бірінші болып, телефон шалған адам аяқтауға тиіс. -20 минуттан артық сөйлескен жөн емес:бәлкім әлдекімге тығыз шаруамен телефон соғу керек шығар.
Ойын «Телефон» Диалог арқылы. Үндемейтін оқушым Нұрсұлтан және орташа оқушы Мейіржан диалог құрады.
Қорытынды: Бүгінгі сабақтан не үйреніп не тоқыдыңдар? Суреттерді топтастырып нақыл сөздер шығару. Рефлексия. — Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады? Не қиын болды? Талқылау жүргізіледі. Әсерлерін жазады.Блумның түймедағына.
Сабақ барысында сабаққа жауап берген оқушыларды топ басшылары бағалайды.
|
Үйге үйренуге1 мин |