Басы » Бастауыш сыныптар » Орманды дала зонасы.

Орманды дала зонасы.

Пән мұғалімі:  Барат  Роза  Әтейқызы. Алматы обл. Ұйғыр ауд.  Сүмбе  ауылы. Категория  -1

Сынып: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы:  §30 .   Орманды   дала  зонасы.

Сабақтың мақсаты:

    Білімділік:  Қазақстанның зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға  жалпы  мағлұмат беру.  орманды дала зонасының геогрфиялық орны,  жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру.

   Дамытушылық:  Табиғат компеоненттерінің  өзара  байланысы  табиғат зоналарыны  дамуына  қалай  ықпал ететіні жөнінде айту. Табиғатты ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.

  Тәрбиелік: Өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:  репродуктивті, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, өсімдіктер мен жануарлар суреттері, электронды оқулық,  слайд  т.б.

Сабақтың  технологиясы:  СКТ.

Сабақтың  барысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі.

Оқушылармен  амандасу, түгендеу.

  1. Өткен сабақты  еске түсіру.

«Ең-ең» ойыны.

  1. Ең ұзын өзен – Ертіс.
  2. Ең үлкен көл – Каспий.
  3. Ең үлкен Мұздық – Корженевский.
  4. Ең құнарлы топырақ – қара топырақ.
  5. Ең Ірі бөген – Бұқтырма.
  6. Жануарлар дүниесіне ең бай көл – Каспий.
  7. Ең кең таралған топырақ түрі – қоңыр, қоңыр-сұр.
  8. Экологиясы ең нашар көл – Арал.
  9. Ең терең көл – Каспий.
  10. Минералды суларға ең  бай  тау – Тянь-Шань.
  11. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Табиғат сенде  бәрі  ортақ,

Аспаның, аңың,  құсың  да.

Тегінде  жаның  жомарт-ақ,

Ізгілік  жатыр бойыңда, —  деп жаңа  сабақты   бастаймын.

(электронды  оқулық және  слайд   пайдалану  арқылы  оқушыларға  мағлұмат  беру)

Орманды  дала зонасына  талдау  жасау. ( оқушыларды  топқа  бөлу)

  1. Үш адамнан тұратын  отбасы  тобын  құрамыз.
  2. Отбасы мүшелерін 1.2.3. нөмерлейміз.
  3. Енді бірлерді бір топқа , екілерді  бір  топқа, үштерді  бір  топқа  жинаймын.
  4. а) алып жатқан территориясы, топырағы; ә) климаты, өзен-көлдері; б) өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі.
  5. Әр топ өздеріне берілген  тапсырмалар  бойынша  талдау  жасап,  мәтінді  түсіндіреді.

Табиғат  зоналары —  географиялық  қабықтың  айтарлық   ірі   бөлігі.  Мұны  құратын факторларға  күн  радиациясының  деңгейі, ылғал, топырақ  типтері,  өсімдік  және  жануарлар  әлемі  жатады.

Қазақстан  4  табиғат  зонаға  ажыратылады.

Табиғат  зоналары

 

 

Орманды  дала        Дала         Шөлейт                 Шөл

 

Орманды дала зонасы                             Географиялық  орны.                  Қазақстанның

солтүстігіне  кіреді.   Ол Батыс Сібір ойпаты

мен  Сырт  қыратының  аз бөлігін  қамтиды.

Орманды дала  зонасына  көршілес  зоналарының

бөліктері  сұғына  еніп, алмасып  келіп  отырады.

Қазақстан  жеріндегі  орманды  дала  зонасының

жер бедері  тегіс  келеді.  Батыстан  шығысқа

қарай  орманды дала зонасы 150-200 км-ге дейін

созылып жатыр. Жалпы  орманды  дала

зонасының  алып жатқан  жер көлемі

республика жер аумағының  7% -ын қамтиды.

жұмсақ

Климаты                 қаңтар айының  орташа t  -19ºC

Қыста қар жамылып жатады.

Қалыңдығы   40 см деін жетеді.

Жазы жылы. Шілде  айының

орташа  t –сы  +18ºс , +19ºC.

Жауын-шашын  мөлшері 300-400мм.

Өзендері           қар  суымен  қорланады.

Су деңгейі 2-4 метрге  көтеріледі.

Ірі  өзендері – Есіл, Тобыл.  Сергеев

бөгені  салынған.

Өзен  суын  егіншілікке  пайдаланады.

Тобыл  өзенінің  суын  Соколов-Сарыбай,

Лисаков  кен байыту  комбинаттарына

пайдаланады. Зонада  6 мыңнан астам көл бар.

Орманның сұр топырағы  орманды  жерлерде.

Топырағы                  Қарашірік  қабатының  қалыңдығы 18-25 см.             

Далаларында  қара топырақ  кездеседі.

Топырақтың  құнарлы  қабатының  қалыңдығы  75 см-ге жетеді.

Өсімдігі                  алуан  түрлі, онда  шоқ-шоқ ормандар  жиі  кездеседі.                  

Ылғалды,  батпақты, ойпатты  жерлерінде  бұта, тал  қалың болып

өседі,  ондай   жерлерді   шілік   деп  атайды.

Кішігірім өзен-көлдердің  жағалауында  тал  өседі.  Ойпаттарында  қайың  мен көктерек  өседі.

Қайың                      күннің  көзін  жақсы  көретін, тез  өсетін  ағаш.  Оның   бірнеше  түрі  бар,  бізде  негізінен  ақ  қайың өседі.  Оның биіктігі 25-30 метрге  дейін  жетеді, 400 жылдай  өмір  сүреді.

Шөптесін  өсімдіктер                      Бидайық,  арпабас,  қоңырбас,  күлгін  түсті  итқонақ,  сары   гүлді    жоңышқа,  сиырсілекей,  қояншөптер  құлпырып  өседі. Ойпаң  жерлерде  қияқ, елекшөп, мажыра  өседі, оларды  орып  пішен  дайындайды.

Құмды  топырақты  жерлерде  қарағайлы  ормандар  кездеседі.  Кілең  қарағай  өсетін орманды   қара  орман   немесе  қарағайлы  орман  деп  атайды.

Қарағай                         мұз  басу  дәуірінің  айғағы.  Себебі  мұз басу  дәуірінде  мұз

таулар  еріген  кезде  етегінде  жиналған  құмды  жерлерде  қарағай  өскен.

Орманды  әр  түрлі  зиянды  бактериялардан  тазартатын  қасиеті  бар.

 

Жануарлар  дүниесі.                       Орманды  дала  зонасында  орманды  да, даланы 

                                                            мекендейтін  жануарлар  кездеседі.

Сүтқоректілерден  — ақ  қоян, су  егеуқұйрығы,  ақкіс, ақ

құлан,   түлкі, қасқыр, елік, бұлан,  сұр қоян;

Құстардан —  құр, ақ  кекілік, сұр  кекілік.  Қайыңды

ормандарда  күйкентай,  бөктергі, жағалтай,  ителгі,

кезқұйрық,  сұңқылдақ,  бүркіт   кездеседі. Зонаның  ашық

жерін   бөдене, балықшы, тартар, шешек  торғай, дала

бозторғайы  мекендейді. Батпақты  жерлерінде  тауқұдірет,

қоңыр  үйрек, шүрегей кездеседі.  Тал, қайың тораңғы өскен

алқапта  құрқылтай  ұя  салады.

  Қорғауға  алынған жерлер                             Дуброва, Мамлют  қорықшаларындағы ормандар   мемлекет  тарапынан  қорғауға   алынған.

Сабақты  бекіту.

Сөйлемдерді  толықтыр
1. Қара  топырақты  зона  республиканың  (солтүстік)  аймағында  таралған, гумусы

(9,5%) пайыз.
2. Топырақтану  ғылымының  негізін  қалаған  (В. В. Докучаев)
3. (Орманды дала ) зонасында 6000 – нан астам көл бар.
4. Батыстан  шығысқа    қарай  орманды дала   зонасы   ( 150-200 км-ге дейін)  созылып жатыр.
5.  Ірі  өзендері  (Есіл, Тобыл)
6.  Орманды  дала  зонасы  республика  территориясының (7%) пайызын  алып  жатыр.

Қорытынды:                       Орманды  дала – өтпелі  зона .  Л. Бергтің  анықтамасы  бойынша  « Орманды  дала  мен  даланың , күлгін  және  қара топырақтың,  орман  фаунасы  мен  дала  фаунасының  алмасатын  облысы» .

Бағалау :  Оқушылардың  жауап  беру  деңгейіне  қарай  бағалау.

Үйге  тапсырма:  §30 . Оқу, табиғат  зоналарды  кескін  картаға  түсру.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *