Басы » Аттестатция » 12 жылдық білім беру жүйесінде жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту

12 жылдық білім беру жүйесінде жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебінің

«Өзін өзі тану» пән мұғалімі : Нысанова  Айғаным  Меллятқызы

Тақырыбы:   «12 жылдық білім беру     жүйесінде  жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту.»

 

«Өзін өзі тану» пән мұғалімі  :     Нысанова  Айғаным  Меллятқызы

 «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

Ғаламдану дәуірде  өмір сүруге қабілеттілігі жоғары   , өзін-өзі дамыта алатын ,лидерлік қабілетін көрсете білетін , өз ойын еркін жеткізе алатын, көшбасшылық ерекшелігі мен жауапкершілігін  дәлелдей алатын , еңсесі биік тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері

1.12 жылдық білім беру жүйесінде  көшбасшылықты   дамыту бойынша  жұмыстар жасау;

  1. Өзін –өзі дамыта алатын жеке тұлғаны дамытуда оқытудың озық жүйелерін меңгерту ;
  2. Зеріттеу мен зерделеу арқылы көшбасшы оқушыларды анықтау ;
  3. Көшбасшылық тың стильдермен , көшбасшыға тән ерекшеліктерді таныстыру , үйрету.
  4. Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
    Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда

 

білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты.       Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат  тәрбиелеу.

Жаңа қоғамда жаңаша азамт тәрбейелеуге  көшбасшылық  ұғым мен   стилдер  ұстаздарға көптеген көмегін тигізеді .Оқушының көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты міндеті бар оқушылар немесе міндеті  жоқ  оқушылар.  Көшбасшылықты дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс  оқушыларды бір-бірімен  серіктестікке тартып , рефлексия мен өзін –өзі бағалауға  қатыстыратын  тапсырмаларды қамтиды . Мұндай іс-шаралар мектебімізде жиі өткізіліп тұрады, мысалы: оқушылар арасында  пікірталастар, сауалнамалар , көшасшылқ сабақтар , оқушылар  арасындағы коучинктер , оқушыларды зеріттеу жүмыстары , тәжірибе алмасу жұмыстары көптеп жүргізіліп отырады. Оқушылар дамыту  жұмыстарын  жүргізу барысында рефлексияны , жоспар құруды , кеңес беруді  біртіндеп  жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады.Алғашқы қадам  — әрбір оқушы  үшін  маңызды шеімдерді талап ететін  құндылықтар мен  мәселелерді анықтау. Соған орай  мектепте өткізілген жұмыстар

1Сабақ

Қымбатты көшбасшы!

Өз-өзіңізді  таныстырыңыз 

Әлемдегі ең керемет байлық – бұл кісілік қарым-қатынас.

                                                                                  А.СентЭкзюпери

1.Миға шабуыл

Қарым-қатынас деген не?

Ол неден басталады?

Қарым-қатынастың мақсаты неде?

Адамдармен жақсы араласқыштық,  үйірсектік не үшін керек?

Түрлері қандай?

Жауапты анықтау :

  1. Сахналау айдары                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

«Қарым-қатынас   таныстықтан басталады

№1 сценарий: көшеде жас жігітке бір қыз ұнап қалды. Ол қызбен танысуды қалады.

№2 сценарий:      Дүкенде бір қыз апасына сыйлық алғысы келіп еді. Бейтаныс адамнан кеңес сұрады.

№3 сценарий:          “Журналистпен сұхбат”

3.Түйін

Қарым-қатынас кезіндегі сенімді қылықтар әңгімелесуші туралы көп ақпарат береді. Сіз өзіңізді еркін ұстауға, бет-әлпетіңізді күлімдеп тұратындай, ал күлкіңіз орынды болатындай кейіпте ұстауға үйрендіңіз деп сенеміз.

«Мен көшбасшы боламын!»

Тренинг барысы:  “Маған дауыс беріңіз”

“Харизма және харизматикалық көшбасшылар”

“Том Сойердің басынан кешкендері” кітабында  Том өз достарын қалай сендірді?”

 

 

 

Жаттығу.

“Менің көшбасшылық қасиеттерім”

  • Өз бойымдағы қандай көшбасшылық қасиеттерді білемін?
  • Көшбасшы болу үшін мен қандай әдеттерім мен қасиеттерімді жоюым керекпін?

Психологиялық ойыны

«Көшбасшылар сарайы»

Мақсаты: көшбасшылық қасиеттер мен қылықтарды, шығармашылық потенциалдарды, ықпал ету мүмкіншілігін көрсету.

Келіңіздер, екі топқа бөлінеміз де, сарайдың ішіне кірейік!

Сарайдың І қабаты —    «Не, қайдан, не үшін?»

Сарайдың ІІ қабаты -«Салқын сорпа»

Сізді тамақтандырады. Даяшылар фирмалық тағам дайындап әкеледі. Бұл –сорпа. Сіз тамақтана бастайсыз, бірақ ол салқын боп шығады. Мұндай жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз? Сіз қандай күйде боласыз? Жағдайды ойнаңыз?

Сарайдың ІІІ қабаты — «Жұлдыздарға қол сөз».

Біз Сіздермен 3-ші қаббатамыз. Бұл қабат-ерекше. Мұнда біз естіп тұрған әрбір сөзде  бір ерекше ғажайып бар. Мұнда бәрі сиқырлы. Ал сиқырдың бәрі шығармашылықсыз мүмкін емес.  Ары қарай  жүру үшін белгілі бір кеңістікті  игеруіңіз керек. Ыңғайлырақ  тұрыңыз да,  көзіңізді жұмыңыз. Үш рет терең дем алыңыз және шығарыңыз. Сіздің жоғары жағыңызда жұлдыздары жымындаған түнгі аспан бар деп елестетіңіз. Сіздің армандарыңыз секілді  қандай да бір жарық жұлдызға қараңыз да тілек тілеңіз: бірнәрсені қалаңыз немесе  кім болғыңыз келеді. Ал, енді  жұлдызға жету үшін қолыңызды созыңыз.  Бар күшіңізді жұмсаңыз.  Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызды қолыңызға ұстай аласыз. Оны аспаннан алып,  алдыңыздағы кең,  әдемі себетке салыңыз.

Қорытынды

Көшбасшы міндетті түрде жаңа, өзгеше нәрселерге көңіл аударып,  оларды жаңаша қасиетпен қолдана алады. Көшбасшылықта біреуді ренжітіп алмау үшін өз сезімдерін ұстай білуі,  сөздерді дұрыс таңдай білуі керек.

 

Армандар, жоспарлар және тілектер міндетті түрде іске асады, тек оған сену керек.

Сіздерге мотивацияның үлкен маманы Брайан Трейсидің атынан тілектер мен табысқа жетудің жеті жетістігін ұсынамыз:

“Қуанышты, ұзақ өмір сүріңіз, қиындықтан қорықпаңыз. Сіз басыңыздан  өткерген  сындардың бәрін бір тамаша мектеп деп есептейтін болсаңыз, қиындықтар  сіздің өркендеуіңіз бен дамуыңызға алып баратын тамаша өмір мектебінің  кілтіне айналады. Мейлі, бізге өмірлік сабақты  мектептің өзі берсін, ал біз оны өз қуанышымызға айналдырып өзгелерді қуанта берейік!”.

  1. Ішкі жандүние тыныштығы.
  2. Денсаулық пен күш қуат.
  3. Сүйікті адамдарыңызбен қарым қатынас.
  4. Қаржылық бостандық.
  5. Жоғары мақсаттар мен идеялар.
  6. Өзін -өзі тану және өзіндік түсінік.
  1. Өзін өзі іс жүзінде көрсету.

2 сабақ

«Көшбасшылық қасиеттері мен стильдері»

МАҚСАТЫ   МЕН     МІНДЕТТЕРІ:   

Қатысушыларды көшбасшының әр түрлі ерекшеліктерімен ,

Көшбасшылықтың стильдерімен , көшбасшыға тән басты

Қасиеттермен таныстыру.

Тренинг барысы

  1. 1. «ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖАТТЫҒУЫ»
  • “Көшбасшы “ сөзін естігенде қандай ойлар туындайды?
  • -“Көшбасшы мен көшбасшылықтың “  негізгі
  • анықтамаларын жазыңыздар .

 

Мәлімет

Көшбасшы – топ мүшелерінің  қадір-қасиетін түсінетін және оларға әсер ете отырып,осы өзара байланыста өзін көрсете алатын топ мүшесі.

(Р. Л . Кричевский)

Көшбасшы – топ мүшелері оны бүкіл топтың қалауларын , мүдделерін және алған бағыттарын шешуде жауапты шешім қабылдауға құқығы бар деп сенетін топ мүшесі.

(Л , И . Уманский)

Көшбасшы-жүргізушінің жеке тұлға ретінде бүкіл топтың міндеттері мен бағыттарын шешуде ыңғайлы шешім қабылдауына әсерін тигізуі.

(С . Чернышов)

Көшбасшылық:

  1. Өзін -өзі тану
  2. Командамен жұмыс жасаудың ережелері мен тәсілдері .
  3. Тиімді қарым қатынастың –ережелері.
  4. Көшбасшының қасиеттері.
  5. Өз пікіріңді жүйелеу мен жеткізудің жолдары .
  6. Қатынас түрлері .
  7. Шешендік өнер , көпшілік алдында  сөз сөйлеу .
  8. Жоспарлау .
  9. Жағдайды бағалау тәсілдері , қатерге ұшырау ескертулері .

Көшбасшылықтың стилі :

КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ   ТҮРІ

  1. Өктемшіл (авторитарный)   көшбасшылық.

Бұған қатал түрде тапсырма беріп,қатал талап етіп,орындалмаған жағдайда шара қолдану жатады.

  1. Сыйласымдылық (демократияшыл)   көшбасшылық .

Бұл көшбасшы топ мүшелерінің барлығының қатысуын қадағалайды.

 

Күлімдеп отырып, әркімге жекелеп жүктеу арқылы жұмыс тапсырады.

Бірақ соңғы шешімді көшбасшы қабылдайды.

  1. Делигирияшыл көшбасшылық.

Ол өзінің қол астындағыларға толық ерік береді,сөйте отырып сенімділік арқылы жұмыс жасатады.

Сергіту сәті :

Фруктовый салат   ойыны

Тапсырма: “Күзгі балды “ көшбасшылықтың үш стилінің бірінде ұйымдастыру.

— Көшбасшының міндеті тобымен бес минуттық кездесу өткізіп, шараның қысқаша жоспары мен идеяларын ұйымдастыру . Тапсырмаларға жауапты адамдарды бекіту.

Энн Махонидің “Он геометриялық фигурадан тұратын адам“

ҚОРЫТЫНДЫ:          

Тиімді технологияларды қолдана отырып , оқушының жеке бас ерекшелігін дамыту мен  дербес оқу әрекеттерін қалыптастыру.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. 1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Жолдауы
  2. 12 жылдық білім журналдары? №5,№7 ,№ 10
  3. 12 сынып  «өзін өзі тану»  оқулығы.
  4. Самопознание . KZ журналы №2, №3   2010 ж.
  5. «Өзін –өзі тану» журналы №3,№4 2013ж
  1. Әлеуметтік педагог №3.

 

                                                                             

  Атырау облысы

Құрманғазы ауданы,  Ганюшкин селосы,  

  Абай атындағы орта мектебінің

өзін — өзі тану пәні мұғалімі Нысанова Айғанымға

Пікір 

Нысанова Айғаным Меллятқызы  «Абай» атындағы  орта мектебінде 2009 жылдан бастап ұстаздық қызыметін атқарып келеді .

«12 жылдық білім беру жүйесінде  жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту .»  тақырыбында жазған педагогикалық  оқуын  оқып талданды .  Мұғалім өз ойын  өте жақсы жүйелеп жазған .  Көшбасшылық қасиет әр оқушыға керек  қасиет екнін дәлелдегн .  Оқушылар мен көп жұмыс жасаған . Өткізген тренинг сабақтары  кезкелген тәрбие сағатына және  әртүрлі сабақтарда мұғалімдер өз пәндерінде пайдалануна тиімді.  12 жылдық білім беру жүйесі бойынша алынған тақырыбы көңілге қонымды , және  өте қажет деп ойлаймын .

                       

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *