Тақырыбы: 5 – ке көбейту және бөлу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Ауызша көбейту, бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру,
Технологиясы: СТО
Көрнекілігі: слайд, электорнды оқулық 3 – сынып
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Ой қозғау.
Өрнек пен санды салыстыруды,
Көбейту, бөлу амалдарды.
Үйренеміз қай сабақта?
- Математика.
- Қызығушылықтарын ояту
Өрік, алма, шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
- Күз мезгілі
- Күз дегеніміз не? (оқушылардың ойларын тыңдау)
- — Күзгі орманға серуендегілерің келе ме?
- — Серуенге шықпас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- № 4, № 7 ауызша
- 5 – ке көбейту кестесіне байланысты ойын ойнату «Ойлан, тап!» ойыны
Топтастыру
ІІІ. Білімді тексеру «Белгісіз санды тап!» ойыны
ІҮ. Мақсатын айту
Ү. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс «Тиінге көмектесу» Дауысты мәтін оқылады.
№1 есеп Мұғалімдер мерекесіне әрқайсысына 10 сыйлық салынған 5 қорап және тағы 25 сыйлық сатып алынды. Мұғалімдер мерекесіне барлығы неше сйлық сатып алынды.
Әр қорапта – 10 сыйлық
5 қорапта — ? — ?
Сыйлық – 25
Шешуі:
10 * 5 + 25 75
Жауабы 75 сыйлық
Сұрақ: Есеп неше амалмен шықты? Неліктен?
№ 2 Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар. Бұлар кері есептер болып табыла ма? Неліктен?
Бағасы | Саны | Құны |
5 теңге | 7 | ? |
5 теңге | ? | 35 теңге |
? | 7 | 35 теңге |
Сұрақ: Бұлар өзара кері есептер болып табыла ма? Неліктен?
«Борсыққа жапырақ жинауға көмектесейік?» Дауысты мәтін оқылады.
№ 4 Тақтамен жұмыс
Топпен жұмыс
І топ ІІ топ
5 см * 5 25 250 см : 5 8 см * 5 40 400см : 5
6 см * 5 300 см : 5 60 9 см * 5 45 450 см : 5
«Қоянды құтқарайық!» Дауысты тапсырма оқылады.
№ 5. 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50 сандарының әрқайсысын:
А) 5 – ке кеміт;
Ә) 5 есе кеміт;
Б) Санды 5 – ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін? Мысал келтір.
№ 7.
Топпен жұмыс
І топ ІІ топ
Теңдеулерді шеш:
45 : а 5 40 : а 5 35 : а 5 30 : а 5
х * 5 25 4 * х 16 х * 3 9 2 * х 4
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту «Ойлан, тап!» ойыны
- Топтастыру
- БББ кестесі
Білемін | Білгенім | Білгім келеді |
|
ҮІІ. Қорытынды. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
№ 8 есеп