Басы » Бастауыш сыныптар » 9 санын қосу, азайту.

9 санын қосу, азайту.

Шилісу негізгі мектебі

Мұғалімі: Қ.Ұ.Билибаева

Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу, азайту.

Мақсаты:

Білімділігі: 9 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту тәсілдері

жайлы оқушылардың білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: Есептеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау

қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелігі: Шапшаңдыққа, топпен жұмыс істеуге, нәтижеге

жете білуге тәрбиелеу.

Түрі: білімді жинақтау, қортындылау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Көрнекілік: гүлдер, үлестірмелі материалдар, Венн                  диаграммасы, таяқшалар, фигуралардың суреті.

Сабақ мазмұны

І Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ә) психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Оған қандай айлар жатады?
  • Көктем мезгілі. Наурыз, Сәуір, Мамыр.
  • Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
  • Жануарлар ұйқысынан оянады, балайды, төлдейді, түлейді.
  • Наурыз айында қандай мейрамдар бар?
  • 8-наурыз, 22-наурыз.
  • Көктемде ең алғаш қандай гүлдер гүлдейді?
  • Бәйшешек, жауқазын.
  • Осы гүлдердің атын ала отырып, екі топқа бөлініп сайысамыз. Тапсырмаларға дұрыс жауап берген топтар гүлдерді жинайды, соған білімдеріңді бағалаймыз.

1-тапсырма: «Қайталау-білімнің анасы»

Қима қағазбен жұмыс

«Бәйшешек» тобы

  • Санды немен белгілейміз?
  • Кесіндіні немен өлшейміз?
  • Азайтудың компоненттерін ата?
  • Қандай фигураларды білесің?

 

«Жауқазын» тобы

  • Цифрды біз не істейміз?
  • Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданылады?
  • Қосудың компоненттерін ата?
  • Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білеміз?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

— Балалар, біз барлығы неше оқушы?

— 8

— 9 бала болу үшін бізге тағы қанша бала керек?

— 1

— Оны қалай білдік?

— 8+1=9

— Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 9 санын қосу, азайту

Мақсатын айту.

1 Оқулықпен жұмыс.

«Бәйшешек» тобы

№1 (а)

Қосылғыштардың бірі 9 болатын қосындыларды ата?

1+9=10           0+9=9

9+1=10

Осы өрнекте не байқадың?

«Жауқазын» тобы

№1 (ә)

Азайтқышы 9 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап?

10-9=1

9-9=0

2 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Бәрімізге бір есеп.

№2

Жасыл және көк кесінділердің ұзындығының айырмасын, қызыл мен көк кесінділер қосындысын салыстыр.

10 см жасыл

10см-3см=7см

3см+4см=7см

7см =7см

4 см қызыл

3 см көк

 

3.Сергіту

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *