Етістік

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Шилісу негізгі мектебі КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Билибаева Қарлығаш

Тақырыбы: Етістік

Білімділігі: Оқушыларға етістік туралы түсінік беру және жаттығулар орындай отырып  таба білуге үйрету

Дамытушылығы: Тілін ,сөздік қорларын дамыту

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа , шығармашылыққа тәрбиелеу

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, іздену, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: слайд

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз

-Әрбір адам? –Туыс, дос, жұрағат.

— Әрбір сабақ?- Үйрену, ұғу, ұлағат.

— Әрбір ісің?- Тірлік, тірек,адамдық,

—  Әрбір сөзің ?- Шындық, бірлік, адалдық.

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге  мұқият болайық.

  1. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін «Сөз құрастыру» ойынын ойнайық.

 

 

35     26 91    87 63 21 15
Е т і с т і к

 

20+ 15 Е

100-37 Т

9+6     К

70+17 С

81+ 10 І

90-69  І

20+6  Т

  • Қандай сөз шықты?
  • Етістік
  • Яғни сабағымыздың тақырыбы: Етістік

Мақсатымыз : Етістік туралы білеміз, жаттығулар ішінен табуды үйренеміз.

ІҮ. ЖАҢА  САБАҚ

-Бәріміз тақтадағы суретке қарайық.

Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін  қимыл атауларын атаңдар

Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Не істеді? Неғылды?  Қайтті?

Оқулықпен жұмыс

355-жаттығу

Жұмбақтарды оқы, шешуін тап.

Жазда қыдырады, қыста тынығады.(———-)

 

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (———-)

-Заттың қимылын білдіретін сөзді табыңдар?

-Қандай сұрақ қойдық?

-Ендеше  қандай ереже шығаруға болады?

Ереже

Заттың қимылын; іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейді:
Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды?  деген сұрақтар қойылады:
өсті,ойнады, сайрады.

-Етістік деген сөзді ең алғаш  қазақ тіліне енгізген , ережесін жазған атамыз Ахмет Байтұрсынұлы  екен.  «Тіл құралы»  кітабында етістікті  осылай түсіндіреді.

1873-19387 ж

-Ахмет Байтұрсынұлы атамыз туралы не білеміз?

 

 

Ахмет Байтұрсынов
Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған
Ғалым, ақын
Қостанай обл да дүниеге келген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Атамыздың қандай өлеңін білеміз?

-«Тарту» Кім жатқа айтады?
Білімдерін тексеру
Дәптермен жұмыс
а) Күнді,айды жазу

ә) Көркем жазу

Е е

Еділ, Еркін, етік

-Енді « Қай сөзді жоғалттым» ойыны 356-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Тоғайда түрлі аңдар …… .Терең шатқалға қояндар … ….. .

Қызыл түлкілер тоғайда …….   . Тиіндер ағаштан-ағашқа … .

Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.

 

-Етістікті

және қай сөзбен байланысып  тұрғанын табу.

-Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай  білеміз?

Сергіту сәті:

-Осы аңдардың қысқы тіршілігі туралы не білесіңдер?

(Түлкі, қоян, тиін)

-Сыртта, ауыл маңында, аулада  қандай  құстарды байқадыңдар, атын атаңдар?

(қарға, сауысқан, алақарға, торғай, құр,шымшық, тоқылдақ т/б)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын,

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

Ө.  Тұрманжанов.

— «Жем шашу» ойынын ойнаймыз. Сендер  құстар боласыңдар. Мен сендерге жем шашамын,ал сендер сол жемнің ішінен етістікті теріп жазасыңдар.

Терме диктант

Көгершін, жасыл,  қонды, ертең, жауды, торғай, тасыды, парта, жүзді.

Сұрақ:

-Неге етістік дейміз? Дәлелде.

-Осы етістіктерді қатыстырып  сөйлем құра

(Жазғандарын тыңдау)

-Сөйлем дегеніміз не?

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтіннің неше түрі бар?

-Онда 359-жаттығу  «Білім керек бәріне»тақырыбына  әңгіме жазу.

( Әңгімелерін тыңдау)

5.Бекіту

Венн диаграммасы

Зат есім мен етістікті салыстыру.

Зат есім                                                       Етістік

 

-Сонымен   Бүгінгі сабақта не білдіңдер?/ Не білгің келеді?

  1. Үйге тапсырма: 358-жаттығу, ереже жаттау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *