Билибаева Қарлығаш Ұранбайқызы,
Шилісу негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кербұлақ ауданы.
Тақырыбы: Сөз және оның құрамы
(қайталау)
Мақсаты: 1 Сөз және оның құрамы туралы алған білімдерін
тереңдету,
2 Ауызша, жазбаша тілдерін,сөздік қорын байла-
ныстырып сөйлеуін,шығармашылық қабілетін
дамыту.
3 Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау техноло-
гиясы.
Түрі: қайталау Пән аралық байланыс: дүниетану,ана тілі
Көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар,сурет,тест,
Топтастыру,инсерт стратегиясы.
Білім технологиясы: Сатылай кешенді талдау.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық.
Алақанымыздың қызуы арқылы бір-бірімізге жүрек жылуын береміз. Біліміміз арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілейміз!
ІІ. Сабақтың мақсатын айту.
1.Ой шақыру.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы.
-Осындай қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білеміз?
Топтастыру
|
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сурет бойынша жұмыс:
Ауылдың алды омбы қар,
-Не бар? Қолың домбығар!
Шешелері десе де ,
Томбаңдап бір топ бала,
Соқпақ болып аққала,
Кіріп кетті кесеге.
-Бұл өлеңнің авторы кім?
-М. Жұмабаев
-Өлеңнің аты қалай аталады?
-Аққала.
Балалар бізден аққала жасауға көмектесуімізді сұрайды.
Балалардың бірінші тапсырмасы.
1-ші тапсырма;
- Жаттығуларды тексеру .
- Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Сатылай кешенді талдау.
1-топ
Тілшілер
1.Бұл сөз айтылу, жасалу ,жазылу жолдарына қарай
жіңішке буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы
дауысты дыбыстар жіңішке болып тұр.
2.Бұл сөз үш құрамнан тұрады тіл+ші+лер
Себебі ,сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар.
Тіл-ші-лер буындары екі бітеу, бір ашық буын бар.
Себебі, буындар дауыссыз дыбыстардан басталып,
дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.
Ашық буын дегеніміз дауыссыз дыбыстан басталып,
дауысты дыбысқа аяқталып тұр.
- Бұл сөз:
Тіл- ! болып екі жағдайда тасмалданады.
ші- ! Себебі, сөз үш буынан тұр немесе сөз буын
лер-! Жігіне сәйкес тасмалданған.
- Сегіз дыбыс 3
5
Сегіз әріп бар
- Тұлғасына қарай:
а) Тіл— негізгі түбір
ә) Тілші-туынды түбір.Себебі негізгі түбір зат есімге
сөз тудырушы
(-ші) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған
туынды сөз.
- Құрылысына қарай – дара.себебі бір ғана негізгі
түбірден тұр.
2-топ
Балалар
- Бұл айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан
буынды сөз. Себебі,…
- Бұл сөз Ба-ла-лар болып үш буынға бөлінеді. Себебі,…
- Бұл сөз екі жағдайда тасымалданады.Себебі,…
- Жеті дыбыс 3
4
Жеті әріп бар
- Тұлғасына қарай :
а) Бала— негізгі түбір
ә) Бала-лар –көптік мағына
- Құрылысына қарай-дара.Себебі,…
ІІ.Тапсырма:
а) Оқулықпен жұмыс
64-жаттығу (ауызша)
Түбір сөздегі п дыбысының у дыбысына өзгергенін байқа.
тап- тауып
кеп- кеуіп
жап- жауып
қап- қауып
шап- шауып
сеп- сеуіп
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.
ә) Дәптермен жұмыс
(Суреттегі сөздерді жұптастырып жаз.)
«Менің орным қайда?» ойыны.
68-жаттығу
1-топ 2-топ
ерік-еркі бөрік-бөркі
ауыл-аулы көрік-көркі
орын-орны халық-халқы
Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.
Сергіту сәті.
Көзімізді жұмып, көз алдымызға елестетеміз.
(Далада жапалақтап қар жауып тұр.Жер-дүниенің бәрі аппақ. Қар ұлпалары жерге түсерде қызық:
баяу қалқып келеді де,сәл орала беріп құсша қонады.) Осы қар қалай пайда болады?(Жауап тыңдалады.)
- Қыста үлкен биіктікте су тамшылары қатып ,әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді.Кейін олар бір- біріне жабысып,қар ұлпасына айналады.
5.Енді біз сендермен келесі орындайтын тапсырмамыз:
Шығармашылық жұмыс.
69-жаттығу
Ата,әже,немере,ауыл сөздерін қатыстырып шағын әңгіме жазу.
6.Балалардың соңғы тапсырмасы: тест парақшаларымен жұмыс.
ІV.Қорытынды
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
V.Үйге тапсырма
65,66- жаттығу
VІ. Бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Білім технологиялары. Ғылыми-әдістемелік,педагогикалық
журнал №2, 2006
Дүниетану оқулығы. Авторы: К.Жүнісқызы,Ә.Бірмағамбетов,
Қ. Аймағамбетова
Ана тілі оқулығы: Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова,
Б.Қабатай
Өзін-өзі тану мұғалімге арналған әдістемелік құрал
Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сабақ