Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Шилісу негізгі мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Нусипбекова Майра
Тақырыбы: Теңдеуді шешу
Мақсаты:Теңдеуді шешу жолдарын үйрету.
Ой-өрісін есте сақтау қабілетін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
- Көрнекілігі: тест, слайд
- Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру
- Түрі: Жаңа сабақ
- Пәнаралық байланысы: Дүниетану
- Технологиясы: Инсерт стратегиясы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру көзеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, суретке қарайықшы
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атап береді?
- Қыс қандай мезгіл?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Ендеше тақтаға “Қысқы ағашқа” көңіл бөлейік. Ағашта тапсырма бар, сол тапсырмаларды орындап жіберейік.
Яғни бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
ІІ Мақсатын айту
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
№1, №2 есепті түсіндіру
ІҮ Түсінгендерін сұрау
Қыстыгүні күн ашық, кейде бұлтты болады.Сендер күннің ашық болғанын жақсы көресіндер ме? Онда күннің көзін бұлттан арылтайық. Ол үшін мынадай есептерді шығаруымыз керек. Бұлттың ішіндегі теңдеуді шешу
(Тақтамен жұмыс)
2) Ал енді аңдардың қысқы тіршілігін еске түсірейік.
Елік, бұғы қалай қоректенеді?
Ендеше еліктерге шөп шашайық! Ол үшін №4 есепті шығарамыз
-Қыста құстардың тіршілігі қандай болады? Немен қоректенеді? Қандай жерге қоныстанады?
— Ендеше қорек іздеп ашыққан құстарға жем шашайық!
- Сергіту сәті
Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? (жауаптарын тыңдау)
Ойын “Қар лақтару”
Мәндері сәйкесінше 11-ге және 17-ге тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындыларын жаз. Қосындының мәні мен қосылғыштың айырмасын, олардың мәндерін тап?
- Шаршының қабырғасы 4 см-ге тең. Шаршының периметрін тап?
а) 16 см ә) 24 см б) 6см - Тік төртбұрыштың ұзындығы 3 см, ені 2 см. Тік төртбұрыштың периметрін тап?
а) 10 см ә) 13 см б) 5 см
3) Теңдеуді шеш. А+8=98
а) 106 ә) 90 б) 108
4) Өрнекті жаз және оның мәнін тап. 7 мен 3 сандарының қосындысына 2 ні қос
а) 12 ә) 10 б) 13
- Мысалдарды шығар: (8+3)+7
а) 18 ә) 28 б) 17
Қорыту кезеңі.
Инсерт әдісі
Білетінмін | Білдім | Білгім келеді |