Алма Абдилова
Cабақтың тақырыбы: Шығыс жұлдызы. Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың түсініп оқуын, каллиграфиялық талапқа сай жазуын жетілдіруге, заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау; оларды ұйымшылдыққа, патриоттыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті сурет, үнтаспа, Әлияның портреті, т.б.
Сабақтың барысы:
- Бағдарлау-мотивациялык кезеңі.
(Оқушылардың қызығушылығын ояту. Тақтаға соғысқа байланысты сюжетті суретті ілінеді. Оқушыларға үнтаспадан «Әлия» әнін тыңдату.)
Балалар, бүгін Т.Молдағалиевтің жақсы бір әнін тыңдайық. Ол үшін барлығымыз түзу отырып, әнді мұқият тыңдайық.
Сұрактар:
Ән сендерге ұнады ма?
Ән кім туралы?
Әлия қандай қыз болған екен?
ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.
196-жаттығу:
Мұғалімнің оқуы.
Оқушылардың мәнерлеп, тізбектей оқуы.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
Әңгіме кім туралы? Оған қандай атақ берілді?
Әлияның ерлігі туралы не білесіңдер?
Сендердің оған ұқсағыларың келеді ме?
Сөздік жұмысы:
шайқас — соғыс, ұрыс
үдете берді – күшейте берді
сұм — арам
200-жаттығу. Мақалды жатқа жаз
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Сергіту сәті.
Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду
201-жаттығу. Сурет бо
Сурет бойынша әңгіме құра Не?сұрағына жауап беретін сөздерді ата.
Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер? деген сұрақтар қойылады:дәрігер, ата ,інілер, аналар. Заттар мен жануарларға қатысты сөздернге не?нелер? деген сұрақтар қойылады: үй,балта,теректер,аңдар
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Екі нұсқа бойынша оқушыларға бір әріп беріледі. Олар сол әріптен басталатын заттардың атын жазу керек.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер
Үйге тапсырма :199-жаттығу оқу.