Басы » Технология » Ірімшіктен әзірленген ыстық тағамдар . Ірімшік қосылған вареники.

Ірімшіктен әзірленген ыстық тағамдар . Ірімшік қосылған вареники.

«Бөкей ордасы колледжі»МКҚК
3 “Б”аспазшы тобы
Ө\о шебері Хамидуллина.Н.К

Өндірістік оқу сабағының жоспары    №    4

Мамандығы:      аспазшы

 Курс:  ІІІ               топ №   Б 

                       

  1. Сабақтың тақырыбы: Ірімшіктен әзірленген ыстық  тағамдар .  Ірімшік қосылған вареники.   ______________________________________________________________________
  2. Сабақтың мақсаттары: Варениктерді   дайындау  мен  ұсынуға үйрету.        

 

Білімділік:     Студентерге  ыстық цехтағы жұмыс орнын ұйымдастыруда біліктілігін қалыптастыру.  Вареники әзірлеу технологиялық операциялары реттілігін көрсетіп үйрету.

Дамытушылық :    Білімділік  және технологиялық  ой – өріс  қалыптастыруға  икемдеу,  нормативті – технологиялық  құжатпен  жұмыс  жасай  білуге,  дәмдік сапасын  анықтауда,  тағамды  әсемдеуде,  ұсыну ережесін  сақтауда және  сақтау мерзімін білуде  ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік:  Студенттерді  өздігінен  жұмыс  жасай білуін қалыптастыруға  ықпал ету,  ынтымақтастықта  жұмыс жасай білуге азық – түлікті,  электр энергиясын  үнемдеп  жұмсауға,  жабдықты таза  ұқыпты  ұстауға, техника қауіпсіздігі  ережелерін сақтауға,  үстелде тамақтану кезінде  өзін  дұрыс  ұстай  білу  мәдениетіне тәрбиелеу.

 

  1. Өткізетін орны : Аспазшы шеберханасы , оқу кабинеті
  2. Сабақты өткізу күні,уақыты    «13     »   11                     2014 жыл
  3. Оқу өндірістік жұмыстар_______________________________________________
  4. Сабақтың материалдық-техникалы жабдықталуы:

Жабдықтар: Аспаздық жабдықтар, өндірістік үстел, электр плитасы ЭП- 2ЖШ, миксер.

Ыдыс құрал- саймандар: Аспаздық пышақтар, кастрөл, таба, табақ, ас қасық, сүзгі, ожау, тарелке.

Азық –түлік :   Ірімшік, қант, жұмыртқа, ванилин, бидай ұн, су, сүт, тұз, сары май, қаймақ, сүзбе, маргарин.

 

                                                Сабақтың жүрісі

 

I.Ұйымдастыру бөлімі                                                                                                                                                                                           Студенттерді  журнал бойынша тексеріп, түгендеу                                                  Сыртқы келбеті мен жұмыс киімдерін бақылау                                                              Сабаққа қажетті құрал-саймандарды тексеру

 

  1. Кіріспе нұсқау. (Сабақты түсіндіру)

Жұмыстың негізгі сатысына дайындық

  1. Студенттердің ойлау қабілеттерің ояту:

—  Ірімшіктің құндылығы: химиялық құрамы және калориялығын қайталау

— Қажетті құралдарды табу

— Студенттермен интеллектуалдық жаттығу өткізу

 

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау.

 

Ірімшіктен әзірленген ыстық  тағамдар

Пісірілген тағамдар

Пісірілген  ірімшік тағамдарына  вареники мен буда пісірілген пудинг жатады. Ыстық тағамдар дайындау үшін ірімшікке ас тұзын қосады. 1 кг ірімшікке 10г тұз  қосады. Вариники – бұл  тағам украин ұлттық тағамынан келіп жеткен және өте көп тараған. Формасы жағынан тұшпараға ұқсас, бірақ мөлшері  жағынан  ірі. Вареникиді картоппен, орамжапырақпен, үрме бұршақпен, шинемен, алмамен  және  жеміс – жидектер қосып пісіреді, көбіне көп ірімшіктен  пісіреді.

 

Ірімшік  қосылған вареникті.

Вареникиді даярлау төмендегідей   процестерден  тұрады.

Алдымен   қамыр  дайындалады.

Оған  қосатын  тартым әзірленеді.

Одан соң варинкиді формалайды.

Дайындалған жартылай фабрикатты салқында ұстайды.

Ең соңында пісіреді.

 

  1. Студенттерге теориялық білімдерін қайталау

 

  • Вареники дайындау үшін қандай тағамдар қажет?

 

Құрамы:

 


Қамырға:
Бидай ұн – 600 гр.
Су – 70 мл.
Сүт – 70 мл.
Жұмыртқа – 3 шт.
Тұз – 1 ч.л.

Тартым:
Ірімшік – 1кг.

Жұмыртқа — 1 шт.
Қант- 8 гр

Ванилин – 0,01

 

 

 

  • Технологиялық реттілігін еске түсірйіек ?

 

Дайындау технологиясы:


  1. Вареникиге қамырды иі қанғанша илейді.
    2. Дайын қамырды көтерілуі және серпімділігі артуы үшін 40 минут тындырады.
  2. Қамырды қалындығы 1,5-2 мм етіп жазады, оны дөңгелекшелерге диаметрі 5 см ойғышпен ойып алады.Қалған қамыр кесінділерін екінші рет жазады.
  3. Тартым даярлау үшін сүзбені үгеді,шикі жұмыртқа, қант, тұз, қосып жақсылап

араластырады да оны кішілеу шар түрінде бөлшектейді.

  1. Дайындаған қамырдын үстіне тартым салып, шеттерін біріктіріп жапсырады.

Айдын жартысына тәрізді.

  1. Варениктерді салғаннан кейінгі қайнау уақытынан бастап есептегенде 5-8 минут пісіреді.

 

 

III. Негізгі бөлім.(Студенттердің өзбетімен жұмысы)

 

Студенттерді үш топқа бөлу және тапсырма беру

 

1.Тағам әзірлеу кезінде жабдықпен, құрал-сайманмен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқау беру .Қауіпсіздік ережелерін сақтау журналына қол қою.

 

2.Вареники әзірлегенде технологиялық картамен жұмыс жасау білу

 

  1. Ағымдағы нұсқау. (Студенттердің өзбетімен жұмысы)

 

Жаңа білімді меңгеру сатысы

 

Студенттердің  жұмыс орнын көрсету қадамдары:

 

 1 қадам: Жұмыс орнын ұстауын, оның ұйымдастырылуын тексеру. Студенттерге ерекше көңіл аудару. /Гигиеналық, санитариялық және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауын/

 

2 қадам: Вареники дайындау әдісінің орындалуына көңіл бөлу.

 

3 қадам: Жұмыстың орындалу технологиялық реттілігін дұрыс сақталуын тексеру.

 

4 қадам: Студенттердің өзі-өзің қадағалаудың дұрыс жүргізілуін тексеру.Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауда кемшіліктерін атап көрсету.

 

5 қадам: Жасалынған жұмысты қабылдау және бағалау.

 

  1. Ақтық нұсқау. (Сабақты қортындылау)

 

— Вареники дайындаудың технологиясы

Сапасына қойылатын талап

— Ұсыну ережесі /дәм тәту сәті/

— Жіберілген қателіктерін көрсету

— Студенттердің жұмыстарына баға қою

— Ұйге тапсырма беру/технологиялық сызбаны құрастыру,кестеге сапасына қойылатын талаптарды толтыру/

— Жұмыс орнын тазалау

 

Пайдаланған әдебиеттер: Аспаздық  Г.Е.Бисімбаева, Е.Б.Бисімбаев

 

_________________________________________________________________________

 

Өндірістік оқу шебері:  Хамидуллина Нурслу Каримуллаевна

 

 

 

           

                                       

                                             Технологиялық карта №3

Сабақ тақырыбы: Ірімшік қосылған вареники.

Рецептурадағы нөмірі : 322

Рецептура кітабының атау: Голунова Л.Е.,Лабзина М.Т.

 

Құрамы:
Қамырға:
Бидай ұн – 600 гр.
Су – 70 мл.
Сүт – 70 мл.
Жұмыртқа – 3 шт.
Тұз – 1 ч.л.
Тартым:
Ірімшік – 1кг.

Жұмыртқа — 1 шт.
Қант- 8 гр

Ванилин – 0,01

 

Дайын тағам

 

 

 

Дайындау технологиясы:
1. Вареникиге қамырды иі қанғанша илейді.
2. Дайын қамырды көтерілуі және серпімділігі артуы үшін 40 минут тындырады.

  1. Қамырды қалындығы 1,5-2 мм етіп жазады, оны дөңгелекшелерге диаметрі 5 см ойғышпен ойып алады.Қалған қамыр кесінділерін екінші рет жазады.
  2. Тартым даярлау үшін сүзбені үгеді,шикі жұмыртқа, қант, тұз, қосып жақсылап араластырады да оны кішілеу шар түрінде бөлшектейді.
  3. Дайындаған қамырдын үстіне тартым салып, шеттерін біріктіріп жапсырады. Айдын жартысына тәрізді.
  4. Варениктерді салғаннан кейінгі қайнау уақытынан бастап есептегенде 5-8 минут пісіреді.

 

 

Қорытынды сұрақтар:

  1. Ірімшік қосылған вареники қандай тағамдар дайындауға болады?

2 Ірімшік қосылған вареникиді пісірудің жалпы ережесін санап шығындар?

3 Ірімшік қосылған вареники қалай әзірлейді?

  1. Ірімшік қосылған вареники қандай тұздықтармен ұсынуға болады?

 

 

Ірімшік

 

 

Тағам құрамы су Сахариды Майлы қышқылдар Органикалық қышқыл

дар

Ақуыз Майлар Углевод

тар

холестерин
 ірімшік 67,8г 5,2г 1,2г 18г 27мг

 

 

Витаминдар(в мг):

 

витамин А, В1, В2, В3, В6, В9, В12, С, Н, Е,РР.

 

Минералдар в мг:

 

Калий, кальций, магний, натрий, железо, фосфор, хлор, холин,

 цинк, кобальт, марганец, медь, молибден, селен, фтор

 

 

 

Ірімшік  қосылған вареникті даярлау процессі.

 

 

Вареникиді даярлау процестер

 

  • Алдымен қамыр  дайындалады.

 

  • Оған қосатын  тартым әзірленеді.

 

  • Одан соң вареникіді формалайды.

 

  • Дайындалған жартылай фабрикатты салқында ұстайды.

 

  • Ең соңында пісіреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *