Басы » Бала бақша » Көктем келді

Көктем келді

Боралдай кенті

Іле ауданы әкімінің

 «Балдаурен» балабақшасы

 мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тәрбиеші: Шахарова Қ.

 Ашық сабақ

Білім беру саласы «Таным»

Бөлімі: «Экология»

Топ: екінші кіші «Бүлдіршін» тобы

Тақырыбы: «Көктем келді»

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мақсаты:Көктемнің маусымдық белгілері туралы түсіндіру.Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың пайдасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.Әр мезгілдің ерекшеліктерін білдіру арқылы табиғатты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс:Көктем,гүл т.б

Билингвалды компонент: Көктем белгісі-примета весны,қарлығаш-ласточка.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагоктың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Шаттық шеңбері

-Балалар,барлығымыз жылулық шеңберін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз.

Балалар бүгін біз сендермен Экология оқу іс-әрекетін өтеміз.

Шаттық шеңберіне тұрып,қимыл арқылы жасайды.
  Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын қане шешуін тауып көріңдерші.

 

Жұмбақ шешу

Су ағып сай-саладан,

Тасып өзен толады

Құстар кеп ән салады,

Бұл қай кезде болады?

(Көктем)

Жарайсыңдар балалар,дұрыс айтасыңдар енді барлығымыз слайтқа көңіл бөлейік (теледидардан немесе компютерден көрсету)

 

Слайтпен жұмыс жүргізу.

-Көктем айлары:Наурыз,сәуір,мамыр.

-Көктем белгілері қандай?

-Көктемде күн жылынады.

-Қар ериді.

-Құстар ұшып келеді.

-Аңдар оянады.

-Жаңбыр жауады.

-Ағаштар бүршік жарады.

-Балалар сонымен қатар көктем мезгілінде аналар мейрамы 8 Наурыз  22 Наурыз қазақ халқының яғни біздің жаңа жылымыз болады екен.

 

Тақпақтар

Қане кім қандай тақпақтар біледі көктем туралы?

Балаларға суреттерді беру

 

Ойын:»Ұшты-ұшты»

Шарты:ұшатын нәрселерді айтқанда қолды көтеріп,ұшады дейді ал ұшпайтын заттарды айтқанда қолдарын көтермей ұшпайды деу керек.

Билингвалды компонент: Көктем белгісі-примета весны,қарлығаш-ласточка.

 

Сергіту сәті.

Көктем келді бүгін

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар.

Ән салуға құштар.

 

Шығармашылық жұмыс

Балалар жауған жаңбырды өз қолдарымен тіс жуатын паста арқылы саусақтарымен қағаз бетіне түсіреді.

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

 

Көктем.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар слаид көре отырып өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білетін тақпақтарын айтады.

Суретті қарастырып, сұраққа жауап береді,мезгілдік өзгерістерді атап өтеді.

 

Сөздерді хормен екі тілде айтады.

 

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

Қолдарымен жасайды.

  Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Сұраққа жауап береді.Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу қажет:Көктем мезгілі туралы

Игерді:Көктем мезгілінде болатын өзгерістерді.

Меңгерді:Сұрақтарға жауап бере алуды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *