Басы » Бастауыш сыныптар » Қамқор болып өсемін

Қамқор болып өсемін

  Ақтөбе қаласы

№50 орта мектеп

Өткізген:Жаниязова Г

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырыбы: Қамқор болып өсемін.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Мейірімділік,қамқорлық,қайырымдылық.

Класс 1 «Б»   Оқушылар саны  _

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «қамқорлық» ұғымын, қамқорлықты қалай жасауға болатынын түсіндіру. Міндеттері:

-Оқушыларға қамқорлық ұғымын түсіндіру;

-Адамдарға,табиғатқа,жан-жануарларға қамқорлық сезімдерін арттыру;

-Қамқор,қайырымды,мейірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер(музыка,бейне жазба,суреттер)
                   Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

 

2.Тыныштық сәтi.

«Орманға серуен» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:

Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.  Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.

 Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді , қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

                       Балапан мен мысық

                                                                     Д.Мамырова

Мазмұнына байланысты 3 сұрақ

 

1.Балалар құстарға нені салды?

2.Балапан жерге қалай түсті?

3.Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?

 

Құндылығына  байланысты 3 сұрақ

 

1.Балалар сендер Асанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2.Қамқорлық көрсеткен кездерің болды ма?

3.Қамқорлық көрсеткен кезде қандай сезімде боласыңдар?

 

 

 Дәйексөз.

 

        «  Қайырымдылық-жылы жүректен  »

Халық даналығы

 

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.

Біз айналамызға қалай қуаныш сыйлай аламыз?

 

Сабақ барысын талдау:
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»(бейне жазба көрсету)

 

1.Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

2.Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

3.Көрсеткен қамқорлықтың қайырымын күтуге бола ма?

4.Отбасында қандай ақылды сендерге көп айтады?

Шығармашылық жұмыс 

Балалар  берілген суреттерден іс-әрекеттің  қайсысы дұрыс және қай іс-әрекет дұрыс еместігін ажырату керек.

(топқа бөлініп әңгіме құрастырады)

Главное - забота о детяхНовости медицины и здоровья. Здоровье и болезни, лечение и иммунитет. Все новости о здоровье человека.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелеу

 

«Көрші  Марат»

(Айгөлек журналынан)

 

1.Балалар бұл әңгіме кім туралы?

2.Марат қандай бала?

3.Сендер де осындай жақсылық жасап көрдіңдер ме?

 Ән айту 

Ақ мамам

 

Сөзі:Фариза Оңғарсынова

Әні:Айжігіт Асанов

 

                                                              Үйге тапсырма21-сабақ

77-бет «Ақиқат»  құндылығына байланысты «Түлкі мен ешкі» ертегісі  оқуға беріледі.

Оқушы дәптерінен 1-тапсырма

Сурет салу.

 

 

                            Соңғы тыныштық сәтi.(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

— Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

— Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

— Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

 

 

 

                 

 

                           

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *