Басы » Бастауыш сыныптар » 10 санынан азайту

10 санынан азайту

10Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№21 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Айткулова Амангүл Орунбасаровна

Сабақтың тақырыбы: 10 санынан азайту

Сабақтың мақсаты: 1. 10 көлеміндегі сандардың құрамын, есептік ретін қайталау. Ауызша есептеуге дағдыландыру. 10 санынан біртаңбалы сандарды азайтуды  үйрету.

  1. Оқушының ой-өрісін, шығармашылық, логикалық, танымдық қабілетін арттыру, дамыту.
  2. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, байқампаздыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс,  ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слаид,  суреттер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қане біздер ойлайық

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болсада

Шешпей оны қоймайық.

ІІ Кіріспе. Өткен сабақты пысықтау

-Оқушылар бізде қазір қай мезгіл?

-Аптаның нешінші күні?

-Олай болса бізде математика сабағы,  сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтап өтейік: (Гүлдерді  теру арқылы жауап беру)

-7-ден кейінгі санды ата, осы санның 7-ден нешеуі артық?

— 2 мен 3 –тің қосындысы нешеге тең?

-3 санының  көршілерін ата, 9 санының көршілерін ата?

-6 мен 8-дің арасында қандай сан бар, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?

-8 бен 4-тің айырмасы нешеге тең?

-Қосудың компоненттерін ата.

— Азайтудың компоненттерін ата.

-9 санының құрамы?

-Ұзындықты өлшейтін құрал.

-1 дм-де неше см бар?

Логикалық есеп

-Мен екі таңбалы сан ойладым. Одан бірді азайттым. Нәтижесінде бір таңбалы сан шықты. Бұл  қандай теңдік?

Тақтаға бір оқушыға жаздыру. 10-1=9

Теңдік қандай амалмен берілген? (азайту) Азайтуға кері амалды ата. (қосу)

10-ға дейін тура және кері санау

10 санының құрамын еске түсіру.

ІІІ Жаңа сабақ. 10 санынан азайту.

Қызығушылығын ояту. Көркем жазу.

 

Оқулық-дәптермен жұмыс.1 тапсырма.Күннің тапсырмасы.

Азайғышы 10 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап. Қолданған қосу кестесін жаз.

10-0=10       10-1=9      10-2=8     10-3=7    10-4=6    10-7=3    10-8=2    10-9=1

Азайту компоненттерін еске түсіру.

2 тапсырма. Бұлттың тапсырмасы. Азайтқышы 10 болатын айырма жаз және мәнін тап. Осыған ұқсас бірнеше айырмалар жазуға бола ма? Түсіндір.

10-10=0

3 тапсырма. Кемпірқосақтың тапсырмасы.Кесінділердің ұзындығын өлше. Қандай кесінділер ұзындықтарының қосындысы басқа қандай кесінділер ұзындықтарының айырмасына тең болады? (ауызша)

3см+2 см = 10см-5см

4 Сергіту сәті.      Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Алақанды қосайық.

4 тапсырма. Наурыздың тапсырмасы. Есептер құрастыр және шығар:

а) Қозы – 10                                      ә)   Бұзау — 5

Лақ — ?, 3-еуі кем                                 Құлын – 2 ? артық

Ш: 10-3=7                                             Ш: 5-2=3

Ж: лақ 7-еу                                           Ж: 3-еуі артық

Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын табу, есеп құрастыруды үйрету.

5 тапсырма .Сәуірдің тапсырмасы. Өзіндік жұмыс.

Тиісті санды орнына қой:

7-      = 4          9-       =4             -2=4

7-      =6               -2=6                 -3=6

-3=3          5-     =3

Мәні бірдей айырмаларды бір бағанға теріп жазу.

Сабақты бекіту. «Кім жылдам» ойыны арқылы мамырдың тапсырмасын орындау.

10-5     10-4     10-3      10-8      10-7      10-6     10-2    10-1     10-9     10-8    10-3

Азайғыштарды салыстыру, азайтқыштарды салыстыру, айырманың мәнін салыстыру.

Шығармашылық тапсырма.Сана.  Салыстыр. Не байқадың?

 

 

 

 

Қорыту. 10 асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

— Біз не үйрендік?

— 10 саны қандай сан?

 Мақтау, бағалау.

Үйге  тапсырма 147 бет 5-есеп.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *