Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№21 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Айткулова Амангүл Орунбасаровна
Сабақтың тақырыбы:Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтануға дене шынықтыруға , ас адамның арқауы екеніне көзін жеткізу, салауатты өмір сүруге шақыру , баулу, зиянды әрекеттермен күресе білуге баулу , дәрумендер жайында мәліметтер беру.
Сабақтың көрнекіліктері :Слайд , ас мәзірі, қабырға газеті
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Денсаулық – ол жүруің,
Оқу үшін мектепте.
Ешбір жерің ауырмай,
Дұрыс тамақтану үшін де.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен аталады.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сұреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Мұғалім:
Сонымен құрметті оқушылар сендер түсінген боларсыңдар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі», яғни дені сау, мықты, ақылды, сымбатты да сұлу болу үшін қалай тамақтану керек және немен айналысу қажеттігі туралы ой қозғаймыз.
ІІ- бөлім: қызығушылықты ояту
-Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тындау.
ІІІ – бөлім: мағынаны тыңдау (слайд)
Нан туралы ақыл — кеңестер.
*Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа жатпайды.
*Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
* «Дүниедегі көп байлықтың негізгісі — нан».
* «Ас жүрген жерде — береке».
* «Дастархан дәмі — киелі».
ІV – бөлім: «Дастархан басында сақталатын ырым — тыйымдар».
Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
— Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.
Жұмбақ:
Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
Мұғалім:
«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді. Естеріңде болсын, балалар! Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады. Сондай-ақ дастарханға алдымен нанды қояды.
Нан туралы тақпақтар
1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан аттамас.
3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
4. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
V – бөлім: ас ішу тәртібі
1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.
Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкініс дастарханның сәні.
Қауын –қарбыз, көкөніс
Қанша жидек, көп жеміс.
Қане, тойда тойыңдар,
Кәдеден соң ойын бар, —
Жағдаятты шешу: «Дәрігер мен науқастың әңгімесі»
-Бұл қылықтары дұрыс па?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
VІ – бөлім: ой қорыту. Мектеп медбикесінің кеңестеріне құлақ түру.
Мұғалім:
— Балалар. Біз бүгін сендермен мектеп дәрігерінің ынтымақтасуымен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдадық.
Сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білетіндеріңді көрсеттіңдер.Білгендеріңді естен шығармай, өмірде орнымен қолдануға тырысуларың керек. Тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар.